Қазақстан республикасының орта білім беру ұйымдарында



бет226/234
Дата20.10.2022
өлшемі1,07 Mb.
#44356
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   234
«FutureLearn». Тегін онлайн курстар ұсынатын 40-тан астам университетті біріктіретін Британдық ресурс.
«Лекториум». Оқушылар, студенттер және мамандар үшін көптеген курстар жүктелген.
«Универсариум». Еркін қол жетімді жалпы білім беретін дәрістер мен курстар.
Электрондық оқулықтар (ЭО). Білім беруді ақпараттандырудың педагогикалық технологиялар орталығы модульдік оқыту технологиясы бойынша жаңартылған білім беру мазмұнына сәйкес әзірленген компьютерлік оқыту бағдарламалары болып табылатын электрондық оқулықтарды әзірледі. Қазақ және орыс тілдеріндегі электрондық оқулықтар мектеп кітапханаларында қолжетімді.
1-сыныпқа арналған -14 ЭО;
2-сыныпқа арналған – 7 ЭО;

  1. сыныпқа арналған – 7 ЭО;

  2. сыныпқа арналған – 6 ЭО;

  3. сыныпқа арналған –8 ЭО;

  4. сыныпқа арналған – 8 ЭО;

  5. сыныпқа арналған – 13 ЭО;

  6. сыныпқа арналған –12 ЭО;

  7. сыныпқа арналған – 15 ЭО;

  8. сыныпқа арналған – 11 ЭО; 11- сыныпқа арналған – 16 ЭО;

www.BilimLand.kz - электрондық оқулықтар мен қосымша цифрлық білім
беру ресурстары орналасқан білім беру порталы.
www.imektep.kz- қазақ тілінде оқытатын мектептерге арналған электрондық оқулықтары бар бастауыш мектептің мультимедиалық курсы (қазақ тілі, әдебиеттік оқу, дүниетану, математика, өзін-өзі тану, еңбекке баулу, музыка, бейнелеу өнері).
Бастауыш сыныптар үшін әлеуметтік ортада баланың жеке басының қалыптасуына және ақыл-ойының дамуына ықпал ететін «Интеллектумбастауыш мектеп» интеллектуалды-дамытушылық ойындар кешенін
пайдалану ұсынылады. Сілтеме: https://youtu.be/DA6xyYRnZO0
«Домбыра» курсын жүргізетін педагогке этнограф, өнертанушы, әдебиетші, журналист, қоғам қайраткері, профессор Ақселеу Сейдімбектің «Қазақтың күй өнері» кітабы мен Ы. Алтынсарина атындағы ҰБА-ның www.nao.kz. сайтында орналастырылған басқа да ресурстар ұсынылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   222   223   224   225   226   227   228   229   ...   234




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет