Бағдарламаның ерекшеліктерінің бірі теориядан гөрі тәжірибеге қарай бағытталуы болып табылады. Білім алушыға биологиялық білім беріп қана қоймай, алған білімдерін болашақ өмірінде қолдана алатындай жағдай жасау. Оны жүзеге асыру үшін жаттанды білім бермей, өз қолдарымен тәжірибе жасауға баулу.
Нәтижесінде білім алушылар биология сабақтарында практикалық тапсырмаларды шешу үшін білім мен дағдыларды қалыптастыруға бағытталған қоршаған ортаны дербес зерттейді.
Оқу пәнінен бөлім бойынша жиынтық бағалау саны 86-кестеде көрсетілген.
86-кесте. 10-11-сыныптардағы «Биология» пәні бойынша жиынтық бағалаулар саны
Үлгілік оқу жоспарына сәйкес жалпы орта білім беру деңгейінің қоғамдық-гуманитарлық бағыттағы 10-11-сыныптарына арналған «Биология» пәнінен оқу жүктемесі 1 сағат. Сондықтан тоқсандық жиынтық бағалау жүргізілмейді, қорытындылау бағасы жартыжылдыққа қойылады.
Білім алушылардың біліміндегі олқылықтарды жою үшін қосымша сабақ ретінде өтуге арналған алдын ала болжам бойынша күрделі деген тақырыптардың тізімі: 11-сыныпта қарастыратын 10-сынып тақырыптары: