Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Ы. Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы



Pdf көрінісі
бет20/72
Дата15.11.2022
өлшемі3,26 Mb.
#50222
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72
Байланысты:
4 МР Үлгерім каз

 
 


52 
2. ҮЛГЕРІМІ ТӨМЕН БІЛІМ АЛУШЫЛАРМЕН ЖҰМЫС ІСТЕУ 
ӘДІСТЕРІ МЕН НЫСАНДАРЫ
 
Білім берудің гуманистік парадигмасының негізгі идеяларының бірі – 
педагогтың басты тәрбиелік ұстанымы – білім алушыға педагогикалық қолдау 
көрсету ұстанымы. Педагогикалық қолдау – бұл баланың ішкі күштері мен 
қабілеттеріне және оның іс-әрекетте көрінетін өзіндік процесіне жүгінуге 
негізделген білім беруді ұйымдастыру. 
Қазіргі дидактикада оқудағы үлгермеушілікті жеңудің негізгі әдістері 
ретінде мыналарды ұсынады: 
Педагогикалық профилактика – оқытудың белсенді әдістері мен 
формаларын, жаңа педагогикалық технологияларды, проблемалық және 
бағдарламаланған оқытуды, педагогикалық іс-әрекетті ақпараттандыруды 
қамтитын оңтайлы педагогикалық жүйелерді іздеу.
Педагогикалық диагностика – оқу нәтижелерін жүйелі бақылау және 
бағалау, олқылықтарды дер кезінде анықтау. Ол үшін педагогтың білім 
алушылармен, ата-аналармен әңгімелесуі, педагог күнделігіне мәліметтерді 
бекіту арқылы қиын білім алушыны бақылау, бақылау жұмыстарын жүргізу, 
нәтижелерін талдау, жіберілген қателік түрлеріне қарай кесте түрінде 
қорытындылау қолданылады.
Педагогикалық терапия – оқудағы артта қалуды жою шаралары. Отандық 
мектепте бұл қосымша сабақтар, теңестіру топтары. Соңғысының артықшылығы 
- сабақтар топтық және жеке оқу құралдарын таңдау арқылы байыпты 
диагностика нәтижелері бойынша жүргізіледі. Оларға арнайы педагогтар сабақ 
береді, сабаққа қатысу міндетті.[45] 
Тәрбиелік әсері. Оқудағы сәтсіздіктер көбінесе нашар біліммен 
байланысты болғандықтан, үлгермеген білім алушылармен жеке жоспарлы 
тәрбие жұмысы жүргізілуі керек, оған білім алушының отбасымен жұмыс кіреді. 
Үлгерімі төмен білім алушылармен жұмыста тәрбиелік және дамытушы 
педагогикалық ықпалдар бірінші орынға шығады. Үлгерімі төмен білім 
алушылармен жұмыс жасау мақсаты олардың оқу дайындығындағы 
олқылықтардың орнын толтыру ғана емес, сонымен бірге олардың танымдық 
дербестігін дамыту болып табылады. Бұл маңызды, өйткені білім алушы 
жолдастарын қуып жетіп, болашақта олардан қалып қоймауы керек. Үлгерімі 
төмен білім алушыларға қойылатын талаптарды уақытша қысқартуға рұқсат 
етіледі, бұл олардың біртіндеп қуып жетуіне мүмкіндік береді.
Үлгермеушіліктің себептері бейтараптандырылады (теріс жағдайларды 
жою және оң аспектілерді күшейту). Оқу-тәрбие процесін жетілдіру жолдарын 
әзірлеген кезде, әдетте, үлгерімі төмен білім алушыларға ерекше қолайлы жағдай 
жасауды ескереміз. Сондай-ақ барлық білім алушылар үшін жеке шаралар 
әзірленуде; олар мектептегі білім алушыларды оқыту мен тәрбиелеудің жалпы 
жағдайын жақсартуға қызмет етеді. Оның ішінде есеп пен бақылауды жетілдіру 
бойынша ұсыныстар, білім алушылардың танымдық іс-әрекетін және олардың 
дербестігін белсендіру, ондағы шығармашылық элементтерді нығайту


53 
қызығушылықты дамытуды ынталандыру бойынша ұсыныстар бар. Қарым-
қатынастарды қайта тәрбиелеу жолдары кейбір педагогикалық және 
психологиялық жұмыстар: білім алушының алдына оның табысқа жетуі үшін қол 
жетімді тапсырмаларды қою.
Әдістемелік ұсынымда оқу пәндері бойынша үлгерімі төмен білім 
алушылармен жұмыс бойынша әдістемедегі білім алушылардың білім көтеруге 
байланысты тиімді педагогикалық әдіс-тәсілдер ұсыныс ретінде берілген. 
Үлгерімі нашар білім алушылармен жеке-бағдарлық жұмыс бойынша 
әдістер мен тәсілдер 
1 Білім алушылармен сабақта жеке жұмыс атқару 
Тәсілдің жақсы жақтары 
Тәсіл кемшіліктері 
Білім 
алушының 
жеке 
дайындығын 
толығымен ескеруге және бар мәселелерді 
шешуге 
болады 
Ұйымдастырушылық: жеке жұмыс 
кезінде кіші балалармен қиыншылық 
тууы 
мүмкін. 
Психологиялық: 
толымсыздық 
комплексін қалыптасады. 
2. Жеке тапсырмалар(кеспе қағаздар) 
Жеке дайындығының деңгейін ескере отыра 
білім алушыны жұмысқа жұмылдыру керек, 
білім алушы өз күшіне сенуі керек. 
Мұғалімнің сабаққа дайындалуына көп 
уақыт кетеді. 
3. Шағын топтарды ұйымдастыру жұмысы 
Әр білім алушыны жұмысқа тарту арқылы 
сыныпта жұмыс жағдай туындайды 
Белсенді білім алушы белсенділігі 
төмен білім алушыны басып тастайды, 
өз пікірін 
міндеттейді 
4. Жұптық жұмыс 
Психологиялық кедергілерді жеңу, әр білім 
алушының сөзі тыңдалады, оны түсінуге 
жағдай туады 
Білім алушылардың белсенділіктерінің 
төменділігі – оқу мотивациясының 
төменділігі 
5. Әдістер мен ойын түрлерін қолдану 
Психологиялық кедергілерді жеңу, әр білім 
алушы тыңдалады, оны түсінуге жағдай 
туады 
Танымдық әрекеттерге кедергі болып 
білім 
алушы 
сабақты 
«ойынға» 
айналдыру қаупі бар 
6. Бұрынғы алынған тапсырмалармен байланысы жоқ шығармашылық жұмыстарды 
қолдану 
Психологиялық 
кедергілерді 
жеңу, 
танымдық 
әрекеттердің 
белсенділігі 
байқалады 
Алған білімінің таяз, жеткіліксіз болуы 
7. Сыныптан тыс кезеңде білім алушылармен жеке жұмыс 


54 
Білім алушының жеке дайындық деңгейін 
ескеруге жағдай туады, білім алушы өз 
күшіне сенуі керек.
Уақытты талап етеді: көп жұмыс 
жүктеледі, мазасыздық туындап, өзін-
өзі ыңғайсыз сезінеді. 
8. Білім алушыларды үйірме және факультативтерге тарту 
Білім алушының танымдық әрекеті, оқуға 
ынтасы жоғарылайды 
Мектептің 
қаржылық 
базасының 
шектеулі болуы үлгерімі төмен білім 
алушыларды 
тартуға 
қиындық 
туғызады 
9. Білім алушыларды қоғамдық жұмыстарға тарту 
Кедергілерді жеңе білу 
Қоғамдық жұмыспен және білім алушы 
арасындағы 
тікелей 
байланыстың 
болмауы білім алушыны танымдық 
және қоғамдық жұмыстарға тартуға 
қиындық туғызады 
10. Ата – аналардың педагогикалық деңгейін көтеру жұмыстары 
Мектеппен ата – аналар арасындағы 
байланысты нығайту, балаларды тәрбиелеу 
ісінде бірігіп жұмыс істеу 
Ата – аналар балаларды тәрбиелеуде 
өздерін алшақ ұстауы және мектептің 
ата – 
аналардың мінез – құлқын жөндеу 
мүмкіншілігінің болмауы 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет