84
Физика және
химия сабақтарында білім алушылар тиісті датчиктердің
көмегімен
ауа ылғалдығының деңгейін, температурасын,
көмірқышқыл газ
мөлшерін өлшеумен айналысады. Өлшемдер жүргізген кезде датчиктердің
калибрлеуіне,
алынатын
деректердің
нақтылығына,
графиктер
мен
диаграммаларды құруға, алынған деректерді ӛңдеуге назар аудару қажет.
Информатика сабақтарында білім
алушылар цифрлық оқыту
құралдарындағы (Pasco, Phywe) көрсеткіштерді сақтау және деректерді
қашықтықтан жіберу үшін ауа райын болжау
станциясы мен программалық
жасақтамамен қамтамасыз ету жұмысымен айналысады.
Осындай ауа райын болжау станциясының көмегімен білім алушылар ауа
райының құбылыстарын қадағалап, өзі тұратын
елді мекендердегі өзгеріс
динамикасын байқай алады. Алынған деректер білім алушыларға ауа райы
болжамын құрастыруды үйренуге, көмірқышқыл
газы деңгейі жоғары болған
жағдайда,
проблемаларды шешу жолдарын ойластырып, ұсынуға көмектеседі.
Сондай-ақ ауа райын болжау станциясының деректерін мектеп жанындағы жер
телімдерде өсімдіктерді уақытылы егіп, оларды өсіруге қолайлы жағдай жасау
үшін пайдалануға болады.
Достарыңызбен бөлісу: