Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі Шымкент қаласының білім басқармасы


Студенттердің міндеттері мен құқықтары



бет2/4
Дата25.11.2023
өлшемі23,92 Kb.
#127489
1   2   3   4
Байланысты:
Баяндама студенттер құқығы

1.3 Студенттердің міндеттері мен құқықтары
Студенттің міндеті:
1. Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының толық көлемінде кәсіптік білім алуға, біліктілік пен практикалық дағдыларды игеруге, оқу жоспары мен сабақ кестесіне сай жүйелі түрде сабаққа қатысуға;
2. Дәлелді себептермен сабаққа қатыса алмаған жағдайда, колледжге өзі немесе туысқандары арқылы хабардар етуге;
3. Науқастануға байланысты сабақтарға қатыспаған жағдайда колледжге дәлелді себептерді растайтын анықтама құжаттарын тапсыруға;
4. Көрсетілген уақытта және мөлшерде (инфляцияға байланысты өзгерістер енуі мүмкін) шартқа және 1 қосымшаға сәйкес оқу ақысын төлеуге. Қажет болса білім беруге жұмсалған қосымша шығындарды қоса төлеуге;
5. Ішкі тәртіп ережесіне сәйкес ішкі оқу тәртібі мен міндет талаптарын сақтай отырып («Білім туралы» Заңының 47-бап, 14 тармағы, 2007 жылғы 27 шілде №319-III-ҚРЗ ) оқу ісін реттеу тәртіптері мен тазалықты сақтауға. Техникалық. өртті сөндіру қауіпсіздігіне қатысты Қазақстан Республикасының Заңнамасында тікелей немесе жанама түрде көрсетілген талаптарды орындауға;
6. Колледждің іскерлігін және беделін құрметтеуге, колледж туралы жағымсыз ақпарат таратпауға;
7. Кітапханадан алған әдебиеттерді уақытылы қайтаруға, егер уақытында қайтармаса, колледждің ішкі тәртіптік құжаттарына сәйкес өсім ақы төлеуге;
8. Бір оқудан басқа оқуға ауысқысы немесе қайтадан оқуға қабылданғысы келсе, оқуға қабылданғандығы туралы бұйрық шыққан күннен жеті күн ішінде пән айырмашылықтарын өтеуге байланысты шығынды төлеуге;
9. Колледждің қоғамдық өміріне, ғылыми жұмыстарға белсене қатысуға, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Заңнамасында колледждің ішкі құжаттарына көрсетілген талаптарды орындауға;
10.Колледждің мүліктерін ұқыпты сақтауға, оны тиімді пайдалануға, оқуға қолайлы жағдай жасауға белсенділік танытуға;
11. Колледж мүлігіне толық немесе ішінара залал келтірсе мүліктің толық құнын төлеуге;
12. Колледждің оқытушылары мен қызметкерлеріне құрметпен қарауға;
13. Әскери есепке тұру ережелерін сақтауға;
14. Отбасылық жағдайы, тұрған жері, телефоны өзгерсе, үш күн мерзім ішінде өзгерістер туралы хабардар етуге;
15. Колледждің өкімдері мен бұйрықтарын, Жарғысы мен ішкі тәртіп ережелерін, осы шарттың талаптарын орындауға.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет