Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мм



бет10/22
Дата02.04.2023
өлшемі49,7 Kb.
#78498
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22
Империя - 1)император басқаратын монархиялық мемлекет; 2) метрополия елдерінің билігі таратылатын әртүрлі аймақтардың отарық бірлестігі
Инагурация - 1)мемлекет басшысының өз қызметіне салтанатты түрде кірісуі; 2) тарихи оқиғалар құрметіне жасалған ескерткіш, ұйымдастырылған көрме және т.б. салтанатты түрде ашу
Инновация - жаңалық енгізу жаңарту
Институализация - саяси қозғалыс немесе құбылыстың тәптіпке келтірілген, ұйымдасқан мекемеге айналуы
Интернационализм - мемлекеттердің, ұлттардың, халықтардың немесе таптардың, әлеуметтік топтардың мүдделері бірігуіне негізделген саясат
Интеграция - мемлекетаралық саяси, экономикалық, әскери және т.б. одақтардың құрылуы. Оның негізінде ортақ мүдде, саяси қатынастардың жақындасу, бірлесуге тырысу үрдісі жатыр
Интерпелляция - үкіметке немесе оның жеке мүшесіне белгілі бір мәселе жөнінде я оның жалпы саяси бағыты туралы түсініктеме беруді талап еткен депутаттардың ерекше сұрауы. Әдетте, ол қоғамды алаңдататын маңызды деректер туралы қойылады. Сондықтан ол сұрақтың туу себебі және қашанға дейін жауап берілуі мерзімі көрсетіледі. Егер берілген жауап қанағаттанарлық болмаса, үкіметке сенім білдірмеу мәселесі туу мүмкін
Инфляция - ақшаның сатып алу қабілетінің ұзақ уақытқа төмендеу процесі
Иренология - бейбітшілік туралы ғылым
Капитал - 1)өндірісте қолданылатын жабдықтардың, тұрақтардың, құрал- саймандардың жиынтығы; 2)жабдықтарды, тұрақтарды және құрал жабдықтарды алу үшін орналған қаржы
Капитализм - Феодализмді алмастырған адамзат қоғамның даму сатысы
Кадрлық партиялар - қатарына сайлаушылардың 10 %-тен кемі ғана болатын, мүше саны аз партиялар. Олар ұйымшылдығымен және тәртібімен көзге түседі. Мысалы, Австрия халық партиясы, Англия консерваторлар партиясы, Германия Федеративтік Республикасының одағы, Жапония либералдық- демократиялық партиясы, Швеция орталық партиясы т.т.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет