Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мм


Жаңарған колониализм (цооколониализм) –



бет8/22
Дата02.04.2023
өлшемі49,7 Kb.
#78498
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22
Жаңарған колониализм (цооколониализм) – бұрынғы отаршы елдердің тәуелсіздігін алған мемлекеттерді экономикалық, саяси, әскери, мәдени, идеологиялық және т.с.с. әдіс-тәсілдерді шебер пайдалану арқылы өз ықпалында ұстау, ісіне араласу, қысым жасау саясаты
Жаңарған консерватизм (неоконсерватизм) – бұрынғы қалыптасқан дәстүрлі қазыналар мен арман – мұраттарды сақтап, оларды өмірдің бүгінгі талабына сай жаңғыруға тырысқан. Батыс саясаттану ғылымындағы ағым. Ол біздің ғасырымыздың 70 жылдарының екінші жартысында пайда болған. Белсенді өкілдері: Д.Белл, И.кристони, С.липсет және т.б
Жаңарған либерализм (неолиберализм) – дәстүрлі либерализмнің қағидаларын сақтап, оларды XX ғасырдың жаңа талаптарына сай өзгертуші идеялық – саяси ағым
Мысалы, бұрынғы либерализм мемлекет экономикаға араласпасын дейтін. Қазір әлеуметтік – экономикалық және т.б. мәселелердің кейбір жерлерін мемлекеттің реттегенін жөн көреді. Мемлекеттің бюрократиялануына, адамның жеке өміріне араласпауына және т.с.с. қарсы шығады
Жаңаша саяси ойлау – КСРО мен СОКП басшыларының жалпы азаматтық мұраттар мен құндылықтарды басшылыққа алып, бұрынғы «қырғи қабақ соғыс» қалпынан бас тартуы. 80 жылдардың ортасында оған себеп болғандар:
1) ядролық космостық дәуірде мемлекеттер, блоктар арасында қақтығыстың болиһмау керектігін түсіну;
2) ғаламдық мәселелрдің маңызды орын алуы т.с.с.
Жасылдар – айналадағы ортаны қорғап, жер бетінде тірішілікті сақтау үшін күресетін халықаралық сипаты бар экологиялық қозғалыс. 70 жылдардың екінші жартысында ол қозғалыстардын партиялар пайда болды. Ондай партиялар қазір барлық елдерде дерлік бар. «Жасылдардың» экологиялық қозғалысы бүгінгі таңда маңызды рөл атқарады және бірталай табыстарға жетті. Мысалы, олар 1978 жылы Австралияда, ГФР-да атом электр станцияларын салуға тыйым салдырды
Жеке басқа табынушылық – саяси қайраткерді шексіз дәріптеу. Ол азаматтардың демократиялық құқықтары тапталған, жаншылған елдерде дамиды. Бір партиялық әкімшілік кезінде бірқатар социалистік елдерде етек алды. Мысалы, Мао-Цзе-Дун, Ким Ир Сен, Броз Тито, Эрнер Ходжа және т.с.с. Жеке басқа табынушылық тумауы үшін демократияны барынша дамыту, азаматтық, құқықтық мемлекетті орнату керек
Жекешелендіру –мемлекеттік менщікті (кәсіпорын, тұрғын үй, көлік құралдары және т.б.) жеке меншікке беру немесе сату. Ол – нарықтық экономикаға өту үшін қажетті шарттың бірі


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет