Қазақстан Республикасының Оқу-ағарту министрлігі «Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы» мм


Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау.  Адам



бет2/22
Дата02.04.2023
өлшемі49,7 Kb.
#78498
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
Агрессия – басқа елдердің жерін тартып алу, егемендігінен айыру немесе шектеу, халқын күшпен бағындыру мақсатымен қарулы шабуыл жасау. 
Адам – жер бетіндегі тірі организмдердің жоғарғы сатысы, саяси – қоғамдық қатынастардың негізгі субъектісі мен объектісі. 
Адам құқықтарыбелгілі бір игілік, өмір сүруді қамтамасыз ететін адамдар мен мемлекет арасындағы ережелердің өзара қатынстары, кепілдіктері. 
Азаматтық қоғам - әлеуметтік-экономикалық, саяси және рухани адамгершілік қатынастары мен мемлекеттің қызмет ету қажеттігін мойындау негізінде құралатын қоғам
Аймақтық – белгілі бір жерге, облысқа, көршілес бірнеше елге қатынасты бір нәрсе
Аккредитация – 1) шет мемлекетте өкілеттілікке ие болу, сенім грамотасын тапсыру; 2) ақша алуға немесе сауда операцияларын жасауға өкілеттілік.
Алуандық – қоғамдық өмір субъектілерінің (топтардың, тартардың, ұлттардың және т.б.) экономикалық, әлеуметтік, идеологиялық, мәдени, діни, және т.т. мүдделердің алуан түрлілігін білдіретін пікір сайысы, билеуші және оппозициядағы партиялардың үкімет биліктің орталықтануына, бір партияның немесе саяси күштің қолына шоғырлануына қарсы тосқауыл қояды
Альтернатива - бірнеше мүмкіндіктің ішінен мәселенің шешімін таңдап, бірін ғана талғап алу
Альянс - ортақ амақсаттарға жету үшін келісім-шарт негізінде жасаған ұйымдардың одағы, бірлестігі
Анархизм - жеке адамды мемлекеттік биліктен құтқаруға бағытталған әлеуметтік-саяси ағым
Анархия – 1) мемлекеттік биліксіз әр түрлі қауымдастықтар, бірлестіктер, одақтар арқылы өзін-өзі басқаратын қоғам құруға тырысушылық; 2) үйреншікті өмірде тәртіпсіздікті , жөнсіздікті, заңсыздықты басшылықтың жоқтығын білдіреді.
Аннекциябасқа мемлекеттің, халықтың жерін тұтас, я бір бөлігін күштеп жаулап алу немесе басқаға алып берушілік.
Антагонизм – мүдделі қарама – қарсы күштердің, қостасқан топтар, партиялар және т.б. арақатынасының шиеленіскен түрі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет