Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі



бет2/6
Дата20.10.2023
өлшемі154,73 Kb.
#119987
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қанат Перизат коллоквиум

Мәтін және оны қабылдау
Кез келген мәтінді түсіну, яғни оны іс-әрекеттегі мәтін ретінде қабылдау, бірінші кезекте оның функционалдық қырын қарастыруды талап етеді. Мәтінде қатысымдық үдеріс жүзеге асады. Оқырманның мәтінді қабылдауына баса назар аударылады.
Мәтінді функционалдық талдауды автордың мәтіннің мағыналық құрылымын беру үшін таңдаған құралдарының оның түрі мен жанрына тәуелді екенін ескеруге тура келеді. Мәтіннің түрі мен жанрын таңдау қатысымның шарттарынан (қатысымға қатысушылар, қатысымның пәні, қатысымның құралдары және т.б.) тікелей туындайды.
Мәтін қатысымдық қызметке негізделетіндіктен, оқу арқылы қабылданатын ақпараттардың көзі ретінде жүзеге асады. Мәтіндерді игерту барысында баяндаушы жеткізетін хабарды қабылдаушы түсіну үшін мәтіннің құрылымы, мағынасы маңызды рөл атқарады. Мәтін оқу үдерісінде тіл үйренушілердің қарым - қатынасын іс жүзіне асыру өзегі ретінде және өзара түсіну, ойды жеткізу тұлғасы ретінде қолданылады.
Мәтін сонымен қатар тұтастық, толықтық, қисындық (байланыстылық), реттілік, аяқталғандық сияқты ерешеліктерімен сипатталады. Мәтінді туғызу барысында автор қарым - қатынасқа қатысушы серіктесінің мәтінді түсінуін ескереді. Автордың көзқарасы тұрғысынан мәтінге тұтастық, мағыналық жағынан аяқталғандықтан тән.
Мәтінде сыртқы байланыстардың болмауы оны қабылдап түсінуге кедергісін тигізбейді, бұл мәтінде басқа байланыс құралдарының, яғни ішкі байланыстың болатындығын білдіреді. Мәтінді түсінуде ішкі байланыс басыңқы орын алады. Ол мәтінді тұтас құрылым ретінде қабылдауға мүмкіндік беретін негізгі құрал болып табылады. Мәтіннің формальды түрде берілген сыртқы байланысы болғанмен, оның ішкі байланысы болмаса, мәтінді түсіну қиынға соғады.
Мәтінді түсіну мен қабылдау мен қабылдау процестерін қарастыруда Н.И.Жинкин грамматика мен семантикалық арақатынас мәселелеріне көп көңіл бөлді. Сонымен бірге ол мазмұн мен мағынаның өзара қатынасына, мәтіннің мағыналық жеткізу тәсілі болып табылады.
Мәтін мазмұны қарым - қатынас кезінде әрбір сөйлеушінің түсінетін тіліне ішкі сөйлеу арқылы аударылады. Ішкі сөйлеушінің мәселесімен алғаш айналысқан - Л.С. Выготский. Ішкі сөйлеу - басқа әрекеттерге қарағанда күрделенген, өзіндік ерекшелігі бар әрекет. түсінетін тіліне ішкі сөйлеу арқылы аударылады. Ішкі сөйлеуде ойдың өңделу процесі іске асады.
Қабылдау кезінде оқырманның өмірлік тәжірбиесі мен тарихи жады маңызды рөл атқарады. Мәтінді тану, түсіну үшін қабылдаушы алдымен мәтін авторы өмір сүрген дәуір, мәтіннің тууы кезіндегі қоғамдық-әлеуметтік, саяси жағдай, дәстүрді біліп барып қана, автордың, мәтіннің философиясына үңіле алады. Сол дәуірдің толық бейнесін біліп, тарихи процестер, оқиғалар тіріліп, сөйлегенде ғана авторды, мәтінді, бейнелерді түсіну шындыққа айналады. «Тарихи тұлғаны тек «іштей ене» түсіну ғана мүмкін, яғни соның «терісін жамылып», соның орнына өзінді қойып қана ол туралы бір нәрсе айта аласың.
Шынайы ұғыну қаншалықты біреудің «ішкі тұңғиығына» бата білсең, соншалықты одан биікке көтеріле алуды талап етеді. Ұғыну үшін танымдық контекст болу керек. Біздің танымдық контекстіміз қаншалықты кең болса, яғни біздің зерттеу объектімізді салыстыратын, қарама-қарсы қоятын басқа объектілер көп болса, соншалықты біз оны «зерттеу объектісін» терең түсінеміз.
Таным екі жақтылықты қажет етеді, біріншіден, зерттейтін нәрсеңе «іштей ену», екіншіден, одан «тысқары кету». Түсіну, ұғыну процесі қабылдаушыға, оның қасиеттеріне байланысты болғандықтан, қабылдаушы автордың рухани дүниесіне еніп, шығармашылық актіні жаңғырта отырып, мәтінді қайта өңдейді. Түсіну мен ұғыну процесі - мейлінше диалогты, автор мен қабылдаушы диалогы. Автор идеясын мәтіннің құрылымы арқылы жасап, жасырса, диалогтың екінші жартысы қабылдаушы мәтінді қайта өңдейді және жасырынған мағынаны шешеді. Мәтіннің диалогтігі, жалпы ойлау мен сөйлеудің диалогтігінен, сөйлеуші мен тыңдаушы грамматикаларының диалогтігінен бастау алған. «Адам іс-әрекеті потенциалды текст және ол өз уақытының сұхбаттық контексті арқылы ғана түсіндіріледі.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет