Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту министрлігі



бет4/6
Дата20.10.2023
өлшемі154,73 Kb.
#119987
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Қанат Перизат коллоквиум

Мәтін бірліктері
Мәтіннің тұтастығы – тақырыптың, концептуальділік, модальділіктің бірлігі. Тақырыптың ауысып отыруы – бұл күрделі синтаксистік бірліктің шекарасының бітіп, екіншісінің басталуының көрсеткіші. Тақырыптың бірлігі тірек сөздердің синонимдері мен қайталамалардың үнемі, жүйелі түрде қайта қолданылуынан көрінеді.
Тірек сөздер мәтіннің семантикалық өзегін құрайды. Олар мәтіннің тақырыбымен, мәтіннің композитімен (фрагмент), жеке күрделі синтаксистік бірліктермен байланысады.
Егер бұл күрделі синтаксистік бірлік болса, онда мәтіннің басталуында (зачин) тірек сөз мағыналық орталық ретінде кездеседі. Тірек сөздер мәтіннің маңызды семантикалық элементі ретінде сөз зергерінің образдар жүйесінің негізін құрайды. Мысалы, М.Мақатаев өлеңдеріндегі ұлттық салт-дәстүрге, наным-сенімге қатысты сөздер тобы: қоңыр, сыбаға, енші, бұйымтай.
Қайталамалар мәтінде құрылымдық-семантикалық ережелерге және стилистикалық-композициялық ерекшеліктерге бағынады. Көркем мәтін мен басқа мәтіндерде олардың қызметі әртүрлі.
Абзац – мәтіннің композициялық-стилистикалық бірлігі. Абзац бір немесе бірнеше күрделі синтаксистік бірліктен тұруы мүмкін. Абзацтың қызметі: логикалық-мағыналық, экспрессивті-эмоционалдық, акценттік-ерекшеленушілік. Абзацты пайдаланудың арнайы ерекшелігі: оқырманға әсер етудің жолдарын қолданады. Байланыс пен тұтастықтың мәтіннің сындарлы белгілері екенін дәлелдеңіз.
Байланыс пен тұтастық – мәтіннің негізгі сындарлы белгілері. Олар мәтіннің мазмұндық және құрылымдық мәнін ашады. Ғалымдар айтылым мен фразаралық бірліктер арасындағы байланысты аймақтық (локальді) байланыс деп атайды: қыстырма, модаль сөздер, есімдіктер, етістіктің шақтары мен түрлері, лексикалық қайталаулар, сөздердің орналасу тәртібі, шылаулар және т.б.
Жаһандық байланыс (глобальді) – мәтіннің мағыналық бірлігін, оның ішкі тұтастығын қамтамасыз етеді. Жаһандық тұтастық мәтін мен оның фрагменттерін (композиттерін) тақырыбы және концептуалдық тұрғыдан біріктіретін тірек сөздер.
Мәтін байланысы сыртқы құрылымдық көрсеткіштері арқылы мәтін компоненттерінің формальді тәуелділігі арқылы көрінеді. Мәтін тұтастығы тақырыптық, концептуалдық, модальдік байланыстар арқылы қарастырылады.
Демек, мәтін тұтастығы ұғымы оның мазмұндық және коммуникативтік ұйымдастырылуына әкелсе, ал байланыс ұғымы филологияда, соның ішінде тіл білімінде мәтін деп, тілдік таңбалардың белгілі бір мағыналық топ құрып, жүйелі орналасуын айтады. Мәтінде әуел бастан мағына болғандықтан да коммуникация жүзеге асады. Сондықтан да мәтін коммуникативтік бірлік деп қарастырылады.
Латын тілінде textus – текст сөзінің мағынасы «ткань, сплетение, соеденение». Сондықтан да не бірігетіні және оның қалай бірігетінін анықтау маңызды. Қалай болғанда да, мәтін дегеніміз тілдік бірліктердің белгілі бір жүйелі мағыналық бірігуі, мәтіннің негізгі қасиеті байланыстылық (байласым, байланыс) және тұтастық.
Мәтінді зерделеумен айналысатын зерттеушілердің бәрі мәтіндегі байланыс құралдарын бөледі, алайда осы байланыс құралдарын әр түрлі белгілер бойынша сипаттап, жіктейді. Әр түрлі формальды байланыс ретінде когезия (лат. cohaesus, cohesion – байланысты, тіркесті) және мәтінді басқа мәтіндерден тұтастық ретінде бөліп тұратын тұтастықтың мағыналық ұйымы ретінде когеренттілікті (лат. coraerens, coherence – байланыста тұрған) бөледі.




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет