Әр түрлі сөйлеу типтеріне: суреттеу, баяндау, пайымдау және аралас сөйлеу типтерін бір-бірінен ажырату, оларды құру, өңдеу Мәтінді құраушы бірліктердің шығарма контексіндегі қолданымдық қызметі туралы В.В.Одинцовтың, Г.Я.Солганиктің Н.С.Валгинаның зерттеулерінде сөз болды. Аталған мәтін бірліктерінің әңгімелеу мәтіндеріндегі көрінісі туралы ғалымдардың көзқарасы мынадай түйінді тұжырым жасайды: әңгімелеу мәтіні суреттеу, ойталқы мәтіндерінен өзіндік кұрылымдық, мағыналык, композициялык, тілдік ұйымдасуы жағынан ерекшеленетін сөйлеудің композициялық - сөйлеу формасы болып табылады. Қай мәтіннің болсын ұйымдасуына тірек болатын синтаксистік байланыс, синтаксистік байланыстырушы кұралдар мен осының нәтижесінде туындайтын синтаксистік қатынас пен тәсіл, мағыналық ерекшелік әңгімелеу мәтіндерінде басқаша сипат алады.
Әңгімелеу, суреттеу, ойталқы мәтіндерінің арасындайы айырмашылық өзара типтес информациялық сигналдардың жиынтығынан» көрінетіндігін дәлелдей келе О.Н. Гришина мәтіндерінде берілген фактуалды ақпараттың ерекшелігіне қарай оны үшке бөледі:
1) әңгімелеу типіндегі ақпарат, ол динамикалы болады да, мынадай екі
түрге бөлінеді:
а) сюжетті-динамикалы(сюжетно-динамический);
ә) бейнелеуішті - динамикалы (изобразительно-динамический);
2 ) суреттеу типіндегі ақпарат, ол статикалы мазмұнды ақпаратты
жеткізеді де, мынадай үш түрге бөлінеді:
а) бейнелеуіштік-статикалы (изобразительно-статичесикй);
ә) бағалауыштық-түсіндірмелі (оценочно-комментирующий);
б) кіріспе-таныстыру (вводно-ознокомительный)
3) ойталқы типіндегі ақпаратқа уақыттан тыс, жалпыланған-дерексіз сипат тән болады да, оның бір ғана түрі болады – жалпыланған-теориялық ақпарат
Бұл топтастырудан мәтіннің қатысымдық қасиетін басты ұстанымға алғандығы байқалады.
Мәтінде авторлық модальділіктің берілуі Мәтіндегі біртұтас тиянақты ойды оқырманға түсінікті етіп жеткізуде автордың өзі ұсынып отырған ақпаратқа қатысын, пікірін, көзқарасын, көңіл-күй сезімдерін білдіретін әр түрлі тілдік тұлғалар мен әдіс-тәсілдер қолданылады. Автордың ойы дегеніміз - шығармашылық қызмет нәтижесінде туатын автор модалділігі категориясы арқылы жүзеге асатын көркем мәтіннің идеясы, мәні. Ал автор модалділігі дегеніміз - мәтінде автордың хабарланатын ақпаратқа қарым-қатынасының, оның тұжырымдамасының, көзқарасының, ұстаны- мының, оның құндылықтар бағдарының, оқырманға хабарлау үшін тұжырымдалған өрнегі
Ғылыми әдебиетте авторлық модалділік терминінің пайда болуы ең алдымен Л.Г.Барлас, В.А.Кухаренко, М.И.Откупщикова сияқты ғалымдардың жұмыстарымен байланысты, алайда аталған терминнің мазмұндық көлемі әлі күнге дейін айқындалмаған. Десек те, аталған ғалымдардың зерттеулері авторлық модалділік терминін екі жақты қарастыруға мүмкіндік береді. Яғни «авторлық модалділік» термині тар мағынада «автордың интенциясын жүзеге асыру ретінде қарастырылады». Бұлай талдаудың бір кемшілігі «авторлық модалділік» терминін «автор бейнесімен» байланыстырып қарау арқылы мәтін мазмұнын бағалаудың барлық түрлерін, оның ішінде көркемдік, модалділік (автор бейнесі құрылымындағы интенционалды, эмотивті мағыналарын) және экстенсионалды(мәтін мазмұны арқылы оқырман санасына енетін эмотивті мағыналар) толық көлемде қамти алмайды. Лингвист-ғалымдар тұрғысынан «авторлық модалділік» терминін кең мағынада қарастыру анағұрлым өнімді екенін атап өткен жөн. Кең мағынада «авторлық модалділік» көпжоспарлы категория ретінде түсіндіріледі, автор бейнесімен ғана шектелмей, мәтіннің барлық деңгейлері арқылы қалыптасатын кейіпкер бейнесін және синтаксистік құрылымын қамтиды.
Авторлық модалділік категориясына, тіл мен ұлттық дүниетаным сабақтастығына қатысты жоғарыда келтірілген ғалымдардың тұжырымдарын жинақтай келе, ұлттық таным-түсінік, ұлттық ой-сана тілдік мәдениетпен тығыз байланыста қарастырылып зерделенетін маңызды мәселе деген қорытындыға келеміз. Тұтас мәтін қарастырылған жағдайда бұл мәндер субъективті-бағалауыштық сипатқа ие болады. Демек, авторлық модалділік категориясы автордың жеке ерекшеліктерімен, оның эмоциялық-этикалық өзгешелігімен, аксиологиялық көзқарастарымен, әрі авторлық бағалаумен анықталады. Егер И.Р.Гальперин ұсынған мәтіндік ақпараттың типологиясына сүйенсек, ғалым аталған терминді былайша түсіндіреді: «мазмұндық-деректік ақпарат құралдары сипатталған құбылыстар арасындағы қарым-қатынастарды жеке автор тұрғысынан түсінуі, олардың себеп-салдарлық байланыстарын түсінуі, олардың халықтың әлеуметтік, экономикалық, саяси және мәдени өміріндегі маңыздылығын, жекелеген тұлғалар арасындағы қарым-қатынасты, олардың күрделі психологиялық және эстетикалық-танымдық өзара әрекеттесуін автор тарапынан түсінуі».