Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту



бет2/32
Дата15.10.2023
өлшемі14,36 Mb.
#115464
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Библиографиялық тізім
Қосымша А
Қосымша Б
Түсіндірме жазба


Мақсаты: Ақпараттық жүйелерді (АЖ) басқарудың мақсаттарын, міндеттерін, құралдары мен әдістерін және MS Windows операциялық жүйелері, Cisco Packet Tracer желілерді модельдеу бағдарламасы базасында ақпараттық жүйелерді басқарудың практикалық негіздерін меңгеру.
Міндеттері:

  • әр түрлі қолданбалы АЖ-ны басқару дағдыларын меңгеру;

  • Cisco Packet Tracer көп функциялы желілік модельдеу бағдарламасымен жұмыс істеудің теориялық және практикалық дағдыларын меңгеру;

  • кіру тізімдерімен, Access List, пакеттік сүзгілермен, жабдыққа қол жеткізуді, шектеумен жұмыс істеуді меңгеру

Компетенциялар:

  • Windows операциялық жүйесінің файлдық жүйесімен жұмыс істеу әдістерін меңгереді;

  • дискілік ресурстарды әкімшілік басқаруды меңгереді;

  • Cisco Packet Tracer бағдарламасында желі модельдейді;

  • Cisco Packet Tracer, Oracle VirtualBox қолданады

Оқыту нәтижелері

  • Windows файлдық жүйелерін, диск ресурстарын басқаруды меңгереді;

  • Active Directory (AD) Windows Server каталог қызметтерімен жұмыс істейді;

  • Жергілікті мекен-жайларды сыртқы мекен-жайларға трансляциялау процесін, Network Address Translation-мен жұмысты талдайды;

  • Динамикалық маршруттауды (OSPF), маршруттарды қосуды, ақауларға төзімділікті ұйымдастырады


Техника қауіпсіздігінің ережелері


ДК жұмыс жасау алдындағы қауіпсіздік ережесінің талаптары:

  • ДК-ді іске қосу кезінде оның көзге көрініп тұрған бұзылған, зақымданған жерлері бар-жоғына көз жеткізу қажет;

  • Монитор экранындағы берілген ақпараттарды қабылдағанда, пернетақтамен жұмыс істегенде еңкеймей, кеудені тік ұстап, назарыңыз экран ортасында болатындай етіп орналастыру қажет;

  • Оқытушы тапсырмасы мен түсініктемесін мұқият тыңдап, жұмыстың мақсаты мен нәтижесін ұғыну керек, қажет болған жағдайда оқытушыға беру керек;

  • Жұмысты тіркеу журналына ДК-де жұмысты бастау уақытын толтыру керек, жұмысты оқытушының рұқсатымен ғана бастау керек.

  • ДК-де жұмыс істеу барысында монитор экраны электромагниттік сәуле шығару көзі болып табылады, сондықтан экранға өте жақын отыру көзге жайсыз әсер етеді, жұмыс істеу қабілеттілігін төмендетіп шаршатады.

  • ЭЕМ-мен жұмыс істеу кезінде одан 60-70см қашықтықта, бірақ монитор экранынан кем дегенде 50см қашықтықта қисайып, еңкейіп, жатып алмай, денені тік ұстап отыру қажет. Тұрақты көзәйнегі бар оқушылар көзәйнекпен жұмыс істеуі керек.

  • ДК-де жұмыс істеу үлкен назар аударып, айқын қимылдар жасап, өзін-өзі бақылап отыруды қажет етеді.

  • Әлсіз жарықтандырылған және адам өзін-өзі нашар сезінген жағдайда жұмыс істеуге болмайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет