Қазақстан республикасының ОҚу-ағарту


Жұмыстың орындалу тәртібі



бет29/32
Дата15.10.2023
өлшемі14,36 Mb.
#115464
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32
Байланысты:
Методичка ОН 2,1 (1)

Жұмыстың орындалу тәртібі:

Үш желіні бір сегментке бөлү және компьютерлер арасында байланыс орнату қажет.


Vlan2, vlan3, vlan4 баптау



Қолданушылар қосылатын порттарды анықтаймыз





Show run командасы арқылы тексереміз





Үшінші деңгейлі коммутатор болғандықтан, IP-мекенжайларын баптаймыз





Компьютерлерді баптаймыз





Коммутаторлардағы мекенжайлар анықталды, компьютер бұл сегменттерді көріп тұр. Енді, желіаралық байланысты тексереміз

PC2 компьютерінде ping 2.2.2.2 командасын орындаймыз.


Трафиктерді маршруттау керектігін көрсетеміз.




Бақылау сұрақтары:

  1. TFTP серверіне қатынаудың болуы.

  2. Желілік қосылыстар.

  3. Ping командасы.

  4. TFTP пакеттерінің түрлері.

  5. TFTP сервері үшін бағдарламалық жасақтаманы жаңарту.

17 практикалық сабақ. Веб-конфигуратор арқылы Wi-Fi-ды баптау. Wi-Fi қолдану әдістері
Жұмыс мақсаты: жергілікті желіге сенімді соңғы құрылғылардың сымсыз қатынауын реттеу
Сабақтың ұзақтығы (академиялық сағатпен): 270 минут


Теориялық мәліметтер
Қазiргі кезде WI-FI (Wireless Fidelity, дәл айтқанда сымсыз деректердi жоғары дәлдiкпен тасымалдау) аббревиатурасының түсінігі бойынша цифрлық деректер ағындарының радиоарналар арқылы тасымалдайтын көптеген стандарттар кең дамып келеді. Бұл стандарттарды өңдеу жұмысымен электротехника және электроника (IEEE) институтының инженерлер тобы 802.11 айналысады. WI-FI сымсыз байланыстың жалғыз технологиясы болып табылмайды. IEEE және басқа мекемелердiң мамандары WI-FI-дан басқа сымсыз коммуникация стандарттарын тапты және олармен жұмыс жасап, оны дамытып жатыр. Осы стандарттар жеке желі (PWAN, мысалы, қызметкердiң жұмыс орнына қосылуды ұйымдастыру) немесе қала масштабы желiлер (WWAN) үшін бағдарланған.
Сымсыз желілерге қосылатын нүктелер саны әлемде күннен-күнге өсе береді. Келешекте ғаламдық кең жолақты желiсiне оңай және әр жерден қосылу мүмкіндігінің болжауы бар. Тек қолда Wi-Fi-адаптермен қаруланған компьютер болса болды. Қазiргі кезде әлемнің 93 елiнде хот-споттар саны 56139-ге жуық деп JiWire ақпарат журналы жариялады.



17.1-сурет. Wi-Fi желісі

WI-FI жергiлiктi сымсыз жүйелердi жасау (WLAN) және өте жылдам интернетке сымсыз қосылуды ұйымдастыруға арналған. Берілген стандартқа байланысты WI-FI желiлері 2,4 ГГЦ немесе 5 ГГЦ жиiлiктерде жұмыс iстейдi және 2 Мбит/с жылдамдықпен деректерді беруді қамтамасыз етедi. Бiр қосылу нүктеміз радиусы 200 метрге дейiн жерді қамтуды қамтамасыздандыра алады. WI-Fi желілерi интернетке ашық қосылуды (хот-споттар) ұйымдастыру саласында кең таралды. Әр қонақ үйдiң, қымызхананың, мейрамхананың, кәсiпкерлiк-орталықтың немесе аэровокзалдың (бiр айтқанда, Wi-Fi қосылу нүктесі бар мекеме) кез келген келушiсi бұл технологияны қолдану арқылы сымсыз қосылу стандарты бар ноутбугi, ДҚК немесе телефон көмегімен желiге жылжымалы қосылу мүмкiндiгі болады.


Wi – Fi-IEEE 802.11 стандарттары негізінде құрылғылары бар сымсыз жергілікті желі технологиясы. Wi-Fi логотипі Wi-Fi Alliance сауда белгісі болып табылады.
IEEE 802.11 стандартына сәйкес келетін кез келген қондырғы Wi-Fi Alliance-та тестіленуі және сәйкесінше сертификат пен Wi-Fi логотипін енгізу құқығына ие болуы мүмкін.
Wi-Fi артықшылықтары:

  • желіні кабельді төсемей өрістетуге мүмкіндік береді, бұл желіні өрістету және/немесе кеңейту құнын азайтуы мүмкін. Кабель салуға болмайтын орындар, мысалы, тарихи құндылығы бар үй-жайлардан тыс және ғимараттарда сымсыз желілермен қызмет көрсетілуі мүмкін:

  • мобильді құрылғыларға желіге кіруге мүмкіндік береді;

  • Wi-Fi құрылғылары нарықта кең таралған. Wi-Fi логотипімен жабдықты міндетті сертификаттаудың арқасында жабдықтың үйлесімділігіне кепілдік беріледі;

  • Ұтқырлық. Енді бір орынға байланбай және интернетті қолайлы жағдайда пайдалануға болады;

  • Wi-Fi аймағы шегінде Интернетке бірнеше қолданушылар компьютерлерден, ноутбуктерден, телефондардан және т.б. шыға алады.

  • Деректер беру кезінде Wi-Fi құрылғыларына қарағанда сәуле шығару ұялы телефоннан (10 есе) аз.

Wi-Fi кемшіліктері:

  • 2,4 GHz ауқымында Bluetooth қолдайтын құрылғылар және т.б. сияқты көптеген құрылғылар, тіпті микротолқынды пештер жұмыс істейді, бұл электромагниттік үйлесімділікті нашарлатады;

  • қондырғы өндірушілері L1 (OSI) жылдамдығын көрсетеді, соның нәтижесінде қондырғы өндірушісі жылдамдықты арттырады, бірақ іс жүзінде Wi-Fi-де қызметтік «үстеме шығындар» өте жоғары. Wi-Fi желісінде L2 (OSI) деректерді беру жылдамдығы әрқашан L1 (OSI) берілген жылдамдықтан төмен. Нақты жылдамдық құрылғылар арасында физикалық кедергілердің (жиһаз, қабырға) болуына, басқа сымсыз құрылғыларға немесе электрондық аппаратураға кедергілердің болуына, құрылғылардың бір-біріне қатысты орналасуына және т.б. байланысты қызмет трафигінің үлесіне байланысты болады;

  • әртүрлі елдерде жиілік диапазоны және қолдану шектеулері бірдей емес. Көптеген еуропалық елдерде АҚШ-та тыйым салынған екі қосымша арна рұқсат етілген; Жапонияда диапазонның жоғарғы бөлігінде тағы бір арна бар, ал басқа елдер, мысалы Испания, төмен жиілікті арналарды пайдалануға тыйым салады. Сонымен қатар, кейбір елдер, мысалы, Ресей, Белоруссия және Италия үй-жайлардан тыс жұмыс істейтін барлық Wi-Fi желілерін тіркеуді талап етеді немесе Wi-Fi операторын тіркеуді талап етеді;

  • 100 мВт-тан (20 дБм) асатын Wi-Fi адаптерлері міндетті түрде тіркеуге жатады;

  • WEP шифрлау стандарты дұрыс конфигурацияда (алгоритмнің әлсіз тұрақтылығына байланысты) салыстырмалы түрде оңай сынуы мүмкін. Жаңа құрылғылар WPA және WPA2 шифрлау хаттамаларын қолдайды. IEEE 802.11 i (WPA2) стандартын қабылдау 2004 жылдың маусымында жаңа жабдықта қол жетімді неғұрлым қауіпсіз байланыс схемасын қолдану мүмкін болды. Екі схема әдетте пайдаланушылармен тағайындалатын паролін талап етеді. Көптеген ұйымдар басып кіруден қорғау үшін қосымша шифрлауды (мысалы, VPN) пайдаланады. Қазіргі уақытта WPA2 бұзудың негізгі әдісі құпия сөзді таңдау және KRACK белсенді шабуылдары болып табылады, сондықтан құпия сөзді таңдау міндетін барынша қиындату үшін күрделі сандық-әріптік парольдерді пайдалану ұсынылады;

  • нүкте-нүкте (Ad-hoc) режимінде стандарт 11 Мбит/сек дейін (802.11 b) жылдамдықты ғана қолдана алады. Тек оңай бұзылатын WEP болмаса, WPA(2) шифрлауы қолжетімді емес.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет