Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы



бет41/94
Дата08.03.2022
өлшемі369 Kb.
#27210
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94
Байланысты:
Қазақстан-2050 Стратегиясы

Бұл үшін не істеу қажет?

  • 2050 жылға қарай Қазақстан өзінің өндірістік активтерін ең жаңа технологиялық стандарттарға сәйкес толықтай жаңартуытиіс.

Бәсекеге ең қабілетті салаларда  біз отандық өндірушілер үшін жаңа нарықтық тауашалар қалыптастыру стратегиясын белсенді әзірлеуге тиіспіз. Бұл, әсіресе, ДСҰ-ға кіру перспективаларын ескере отырыпкері индустрияландырудың ықтимал ыдыратушы әсерлерінболдырмауға мүмкіндік береді.

Отандық тауарлар бәсекеге қабілетті болуы тиіс. 2012 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанның, Ресей мен Беларусьтің қатысуымен Біртұтас экономикалық кеңістік құрудың іс жүзіндегі кезеңі басталды.

Жиынтық ІЖӨ-сі 2 трлн. АҚШ доллары болатын, 170 млн. тұтынушыны біріктіретін осынау ауқымды нарық біздің бизнесті бәсекеге қабілеттілікке үйретуі тиіс. Бұл ретте осынау экономикалық-интеграциялық үдерісте Қазақстан өз егемендігінің бір мысқалын да жоғалтпайды.



  • Біз экспортқа бағытталған шикізаттық емес секторды кеңейтуге негізделген жаңа өндірісті дамытуға тиіспіз.

  • Біз Үдемелі индустриялық-инновациялық даму мемлекеттік бағдарламасын өнеркәсіптік қуаттарды импорттауға және технологиялар алмасуға бағыттауға тиіспіз. Бұл үшін бізге бірлескен халықаралық компаниялар мен ел үшін пайдалы серіктестіктер құру мен дамытудың кіші бағдарламасы қажет.

  • 2030 жылға қарай Қазақстан ғарыш қызметтерінің әлемдік нарығындағы өз тауашасын кеңейтіп, басталған бірқатар жобаларды қисынды аяқтауға дейін жеткізуге тиіс. Мен Астанадағы ғарыштық аппараттар құрастыру-сынақтан өткізу кешенін, қашықтан зондтау ғарыштық жүйесін, ғарыштық мониторинг пен жердегі инфрақұрылымның ұлттық жүйесін және жоғары дәлдіктегі спутниктік навигация жүйесін айтып отырмын.



  • Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   37   38   39   40   41   42   43   44   ...   94




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет