Қазақстан республикасының президенті – елбасы н.Ә. Назарбаевтың


Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет



Pdf көрінісі
бет31/72
Дата25.11.2023
өлшемі1,61 Mb.
#126513
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72
Байланысты:
httpsprimeminister.kzassetsmediaazastan-2050-strategiyasy.pdf

Төртіншіден, табиғи ресурстарды басқарудың түбегейлі жаңа жүйесін енгізу қажет

Біз ресурстарды экономикалық өсуді, ауқымды сыртқы саяси және сыртқы экономикалық уағдаластықтарды 
қамтамасыз ету үшін Қазақстанның маңызды стратегиялық артықшылығы ретінде пайдалануға тиіспіз.

Қазірдің өзінде шикізаттың жаңа қаржылық күйреу жағдайында
тұрақсыздандыруға 
ұшырайтын
халықаралық нарықтарға шығуын барынша жеделдету
қажет. Біздің негізгі 
импорттаушыларымыз шикізат сатып алуды елеулі қысқартуы, ал баға күрт төмендеуі мүмкін. Ал 
біздің
озыңқы стратегиямыз
 
кейіннен елге ықтимал жаһандық дағдарыс кезеңінен аман өтуге көмектесетін 
қаражатты
нарықтардың тұрақсыздануы басталғанға дейін өте тез жинақтауға мүмкіндік береді


Технологиялық революция
шикізат тұтыну құрылымын өзгертеді
. Мысалы, композиттер 
технологиясын және бетонның жаңа түрлерін енгізу темір кені мен көмірдің қорларын құнсыздандырады.
Бұл –
қазіргі жоғары әлемдік сұранысты елдің мүддесіне пайдалану үшін табиғи ресурстарды
өндіру мен 
әлемдік нарыққа жеткізу қарқынын
арттырудың тағы бір факторы.

Көмірсутегі шикізатының нарығында ірі ойыншы болып қала отырып, біз
энергияның баламалы 
түрлерін өндіруді дамытуға
, күн мен желдің энергиясын пайдаланатын технологияларды белсенді енгізуге 
тиіспіз. Бұл үшін бізде барлық мүмкіндіктер бар.
2050
жылға қарай елде энергияның
баламалы және 
жаңғыртылатын
түрлерін қоса алғандағы
барлық энергия тұтынудың кем дегенде тең жартысы келуге тиіс.
*** 
Егер ұлтымыз шикізат ресурстарынан түсетін кірістерді
35 
жылдан кейін пайдаланғысы келсе,
бұған 
бүгіннен бастап дайындалу керек.
Бізге


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет