Орта және жоғары білім берудің оқу жоспарларының бағыттылығы мен басымдықтарын оларға
тәжірибелік машықтарға үйрету бойынша және тәжірибелік біліктілікке ие болу бағдарламаларын
қосып,
өзгерту.
Кәсіпкерлікке бағдарланған оқу бағдарламаларын, білім беру курстары мен институттарын құру.
Инновациялық зерттеулерді дамытудың жаңа саясаты
Бүкіләлемдік тәжірибенің көрсетуінше, бүкіл инновациялық өндірістік циклды жеке бір елде жүзеге асыруға
тырысу –
велосипед ойлап шығару деген сөз. Бұл –
өте қымбатқа түсетін және әрдайым нәтижелі, жемісті
бола бермейтін іс. Табысқа жету үшін ғалымдардың талай буынының тәжірибесіне, тарихи қалыптасқан
ғылыми мектептердің арнаулы ақпарат және білімдерінің көп терребайт көлеміне негізделген дербес ғылыми
база қажет болады.
Достарыңызбен бөлісу: