оларға қарсы шара қолдануы тиіс.
Бұл үшін бізге дағдарысқа қарсы әрекет етудің
көпдеңгейлі жүйесін құру қажет.
Бізде ықтимал дағдарыстық жағдайларға арналған стандартты іс
-
әрекеттер жиынтығы болуы керек. Бұл,
әсіресе, өңірлер үшін маңызды. Ол жүйені әзірлеу барысында мен айтқан барлық қатерлерді ескеру қажет.
Екінші. Біз басқаруды орталықсыздандыруды сауатты жүргізуіміз керек. Орталықсыздандыру идеясының мәні –
шешім қабылдау үшін құқықтар мен қажетті ресурстарды орталықтан
өңірлік билік органдарына беру.
Біз 2013 жылы
жауапкершілік пен өкілеттіктерді орталық пен өңірлер арасында бөлу жөнінде нақты
шаралар қабылдауымыз қажет.
Жергілікті жерлердегі билік органдарының өкілеттіктері қаржылық және кадрлық ресурстармен нығайтылатын
болады.
Қоғам және азаматтар мемлекеттік шешімдер қабылдау процесі мен олардың жүзеге асырылуына тікелей
қатыстырылуы қажет. Жергілікті басқару органдары арқылы халыққа
жергілікті маңызы бар мәселелерді өз
бетімен және жауапкершілікпен шешуіне нақты мүмкіндік беру керек.
Мен
Жергілікті басқаруды дамыту тұжырымдамасын бекіттім. Ол ауылдық, селолық деңгейде басқару
сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды және азаматтардың жергілікті маңызы бар мәселелерге қатысуын
кеңейтеді.
Біз селолық әкімдіктерге
қосымша өкілеттіктер береміз және олардың ауылдағы ахуалға
ықпалын күшейтеміз .
Бірақ, сонымен бірге, бізге
қоғамдық бақылауды,
жергілікті жерлердегі ахуалға азаматтардың ықпалын күшейту керек.
Сондықтан мен мәслихат арқылы
ауыл әкімдерінің сайланбалылығын
енгізу
туралы
шешім қабылдадым . Сайлауды біз
2013 жылдың өзінде
-
ақ бастаймыз.
Барлығы 2533 әкім, соның ішінде селолық округтердің, кенттердің және аудандық маңызы бар