Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 021 жылы қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»


«Ана тілі» газетінің 11-12 номерінде журналист



Pdf көрінісі
бет14/59
Дата16.03.2023
өлшемі1,32 Mb.
#74741
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59
Байланысты:
2021-16

«Ана тілі» газетінің 11-12 номерінде журналист 
Нұрлайым Батырдың «Менің ұстазым – кітап» атты 
мақаласын оқып, кітапханашы ретінде ой б0ліссем 
деп едім. Иә, бүгінде жастардың кітап оқымайтыны, 
кітапханаға тым сирек баратыны туралы әңгіме жиі 
 айт ы лады. Ғаламтор, техниканың соңғы жетістігі адам-
ды кітаптан алшақтатқаны белгілі. Бірақ ғаламтор еш -
қашан кітап пен кітапхананың орнын баса алмайды ғой.
Кітапханашы ретінде жаңалықтардан, жаңа технология-
лардан бас тартқызғым келіп отырған жоқ. Алайда кітаптың 
ғаламат пайдасы туралы газет-журналдарда к п жазылса, 
айтылса екен деймін. Иә, бұрындары кітапты «ұрлап» 
оқыды, кешке жақын қолшамның жарығымен «тығып» 
оқыды. Ендеше осы күні кітап оқудың сирексіп кеткенінің 
себебі не?
Оның бір себебі, кітап туралы жақсы дүниелер 
к п жазылмай, айтылмай жатуында ма деп ойлаймын. 
Сіздердің газеттің 10-н мерінде «Кітап қазына» де-
ген айдарларыңыздың аясында бірнеше кітаптарды 
таныстырдыңыздар. Міне, оқырман, осындай жақсы 
кітаптардың бар екенін оқырманы к п басылымдардан 
біліп, танысып отырса қандай жақсы? Сондай жақсы 
кітаптар шыққанын оқыған оқырман, ол кітапты міндетті 
түрде оқығысы келеді. Оқығысы келген оқырман міндетті 
түрде кітапханаға келеді. Ал кітапханада кітап қана емес, 
күллі рухани байлық қатталып тұр ғой.
С зімнің басында ғаламтор туралы айттым ғой. Иә, 
осы күні ғаламторда адамдар ұзақ уақыт отыра береді. 
Иә, ғаламтор міріміздің барлық саласына енді. Індеттің 
кесірінен үйде қамалып отырғанда ғаламтордың пай-
дасы к п тиді. Дәрігерлер әріптестерімен, оқушылар 
мұғалімдермен онлайн кездесулер ұйымдастырып, веби-
нарлар ткізді. Ғаламтордың арқасында басқа құрлықтағы 
жақындарыңызбен «қол созым жерде» отырып, емен-жарқын 
тілдесе аласыз. Демек, шын ізденген жанға ғаламтордың да 
пайдасы мол. Алайда ондағы мағлұматтардың барлығы шын, 
тура ақпарат деп сеніммен айта алмаймыз ғой. Ал тасқа 
басылған, кітап болып қатталған дүниенің зі де, с зі де 
шындыққа к бірек сәйкесетіні жасырын емес. Кітап – асыл 
қазына, адамгершіліктің бастамасы. Құдай да жер бетіне 
т рт кітап түсірген жоқ па? Яғни кітап ғаламтордың орнын 
алмастыра алғанымен, ғаламтор кітап бола алмайды. 
>рине, қазіргі заман ағымына қарай, техниканың 
дамығанына орай кітап оқу мүлдем қалып барады. Деген-
мен, менің ойымша, осы мәселені барынша қолға алып, 
мектеп кітапханасының қорын кеңейтіп, қазіргі жастарға 
қызықты жазылған кітаптармен толықтырса, сонымен қатар 
түрлі әдеби кештер мен іс-шаралар ұйымдастырып, жастар-
ды кітап оқуға баураса, бұл мәселе оң шешімін табады деп 
ойлаймын. Сонда мектеп кітапханасының қоры к бейіп 
қана қоймай, оқырмандар саны да артар еді. Бұл тұрғыда 
басылымдар да к мек қолын созып, кітап оқу, кітапхана, 
жаңа шыққан кітаптар туралы материалдарды жиі әрі 
қызғылықты етіп беріп тұрса, нұр үстіне нұр болар еді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет