Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың 021 жылы қаңтарда жарияланған «Тәуелсіздік бәрінен қымбат»



Pdf көрінісі
бет43/59
Дата16.03.2023
өлшемі1,32 Mb.
#74741
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59
Байланысты:
2021-16

Қуандық 
ТҮМЕНБАЙ
сын шырқады. «Осы ән тегін ән емес
гүлге арнаған әнді бостан-босқа айт-
пайды ғой» деп ауылда қалған жұбайы 
Ажаркүлді ойлап, іші шым етті. Бәрі 
жарасып тұр, бізге ұқсап тұр. >сіресе 
қобыздан (қобыз дейікші) шыққан үн 
мұңлы-ақ. «Қыз беріп отырған жұрт 
мұңлы болады ғой» деп құдаларының 
нәзік к ңілін де күрмеп байлап қойды.
16 градус қызуы бар «Сакэ» деп 
аталған ұлттық шараптың екі б телкесі 
үстел үстінде мойны қылтиып тұрды да 
қойды. Б телкесі де тым тапал екен. 
Оны да ашарда «Ішесіз бе?» деп сұрау 
салды. «Сұрап бергенше, ұрып бер», 
сұрамай-ақ қойса болмай ма» деген ой 
Таңсықбайдың ішін тырнап, «Мәскеу 
айрықшасының» дәмі аузына келді. 
Жарытып та құймады, к здей рюмкеге 
к зге тамызғандай ғып м лтілдетіп құя 
салысымен тартып жіберіп еді, жас 
күнінде ішкен «Вермут» пен «Портвейн 
№12»-ден де әлсіз, әшейін арақ деген 
аты екен. «Мейлі, бір емдік қасиеті 
бар шығар» деп, құйғанын құйғанша 
тауысып қойып отырды. Тәтті дәм 
жүрегін айнытып, «екіншісін ашса 
ішпей-ақ қояйын» деп іштей қарсылық 
білдіргенмен к ңіл шіркін аттай желіп, 
екінші б телкеге де к з салып қарай 
берді. Той бітер-бітпесте баласын 
қасына шақырып:
– Қ ұ д а ғ а а т т ы ң қ ұ н ы н қ а л а й 
береміз? – деп еді, баласы бірден тыйып 
тастады. 
– К ке, к ңіліңді берсең болды. 
Елге барғасын шапан жауып, б рік 
кигізесің. Бергеніңді бәрібір алмайды.
шипр алып, там т бесін т рт бұрыштап 
к мкере жапты. Тапал болғанмен 
т бесіне шипр жабылғасын к рер к зге 
тоқал тамның еңсесі биіктеп қалды. Бес 
қызы мен әйелі қолына щетка алып, 
күн сіңіп қарайып кеткен қабырғаны 
әктеп, үйдің іші мен сырты да ағарып 
қалды. Мектепте ағылшын тілінен 
сабақ беретін келіні де келген бетте 
қолына щетка ұстап, жұлқынып іске 
кірісіп кетті. Қимылы шалт, тірлікке 
мәттақам. Ата-анасы келетін болғасын 
қолды-аяққа тұрмай қуанып жүр. «>ке-
шешесін кім сағынбайды дейсің. Бір 
ауылда тұратын біздің үлкен қыз күн 
бата шешесіне кеп сек айтып, енесін 
жамандап кетпесе к ңілі к ншімейді». 
Құда екеу боп келді. Дәл айтқан 
күнінен жаңылған жоқ. Құда-қор-
жында бір дорба күріш, екі б телке 
«сакэ»-сі бар. Жұрт біраз күлкі қылды. 
«Күлсін. Адамзат бір-біріне күлу үшін 
жаралған ғой» деп Таңсықбайдың 
қылы қисаймады. Құда да, құдағи да 
шірену дегенді білмейтін жандар екен. 
Біреулер «Құда тартамыз ба?» деп еді, 
біреу «Бір жапырақ қып қай жерін 
тартасың, бастауыш кластың баласы 
бұдан жарамды шығар» деп к ңілі 
толмай тағы да тәлкекке салды. Құда 
түсінбесе де с з т ркінін сезіп, бәріне 
күлімсіреп қарайды, б тен біреу кіріп 
келсе ұшып тұрып иіліп, сәлемнен 
жаңылмайды. «Құдаң к ргенді екен» 
деп бұл к рініске де біреу бағасын берді. 
Құдағи да желпініп отырып, айнала-
сына пысқырына қарауды білмейтін 
қарапайымның зі екен. Қолында 
– Ж а п о н н ы ң а р а ғ ы н а н д ә м 
татайық, Тәкеңнің баласының арқа-
сында, – деді бір жақын ағайын. Іле 
қ о л ы н ы ң қ ы р ы м е н а у з ы н с ү р т і п 
тұрып к ңілі толмай с йледі. – Мынау 
лимонад қой, осыны да ит лген жер-
ден арақ деп әкеп жүр ме?
К ңілі толмай тұрғандардың с зін 
құда «сакэден» дәм татқандардың бет-
әлпеті мен әртүрлі ауыздан шыққан 
ұрма әуендерден байқады. Олар 16 
градусты мәнзүр қылмай ақырған 40 
градус «Айрықшаны» аңсап тұр еді. 
– Құданың аты кім? – деді озат 
механизатор атанып, «Құрмет белгісі» 
орденін салбыратып тағып кеп кеу-
десіне нан пісіп жүрген тракторшы 
Бекәшір.
– Тәкеши.
– Тәкеңе қазір ішкізем.
– Тәке, алып қояйық, – деп ақ арақ 
құйылған қырлы стаканды ұсынды.
Құда тұлғасы бітеу, түрі сұсты, 
к кірегінде салбыраған темір мен бір 
қап желі бар жігіттен сескеніп қалды.
– Мен з шарабымды ішейін, 
оны да к п ішпеймін, – деп қолын 
к кірегіне қойып иілді.
– Біз де з арағымызды құрмет-
тейміз. Мынау ұлы орыс халқының 
«Аврора» деген арағы. Сыртындағы 
мылтық ұстап тұрған адамның суретін 
к рмейсің бе, бұның күші мылтықтың 
оғымен бірдей. Атылса болды, аспан-
да жүресің. Біз зі ішуден орыстан 
кейінгі орынды аламыз, мұсылманда 
біріншіміз. Кейде трәктірім отал-
май жатса, радиаторға арақ құйып 
к рініп тұр. Сосын қолын к кірегіне 
қойып иіліп, бас бармағын кіндіктен 
т мен апарды. Бұл – әжетхана іздеген 
белгісі еді. Келідей жуан Таңсықбай 
б денедей ши диген құдасын қол-
тықтап, қара ағаш тың қалтарысына 
қарай ыңғайлай берді.
***
Колхоз бастығы Таңсықбайдың 
с зін с з деп қыстырмады. 
– Саған жер бере алмаймын. Балаң 
агроном, жұрт әңгіме қылады.
– Сонда мен егін екпеуім керек пе?
Колхоз бастықта екпін бар.
– Оны зің білесің. Айттым ғой, 
жер жетпей жатыр деп. Қайта құрудың 
заңы солай.
Таңсықбайда ексім бар.
– Сенің де, қайта құруыңның да тап 
әкесінің аузын...
Колхоз бастық тілін тістеп қалды.
«Жер қаржысы барларға сатылады. 
Соларға жетпей жатқанда... жалаңаяқ 
Таңсықбайға не жоқ». Бұны к зіне 
к зін қадап тұрып к кірегімен айтты.
Таңсықбай бұрылып кетті.
К о л х о з б а с т ы қ қ ұ т ы л ғ а н ы н а 
қуанды.
Жолай дүкеннен бір б телке «Ав-
рора» алып, үйге келді де, тығынын 
тісімен тыңқ еткізіп жұлып ап қырлы 
стаканға толтыра құйды. Бір тартып 
алғасын бәйбішесіне батыл с йледі.
– Ажаркүл, бүгін үйдің т бесін 
бұзам...
– Не, т бең тиіп қалды ма?
>йелдің тілі ащы, Таңсықбай да 
тотияйынға т зген бір еркек.
– К е л е р к к т е м к ү р і ш е г е м . 
Құдаларымнан қалам ба?
– Қалай суғарасың. Т беңе емес, 
т меніңе су жетпей жүргенде... Жерге 
егіп-ақ жарытып алсайшы.
– Ертуған водавозбен әкеп береді. 
Сырдарияның жағасындағыларға су 
жалко емес. Күріштен келетін бәлені 
бір білсе, сол біледі. 
– Ең болмаса, келініңмен ақылдас-
пайсың ба? Там т бесіне қалай егетінін 
сұрамайсың ба?
– Келін қарсы болмайды. К рсетем 
әлі... колхоз бастыққа. Бізде жер бар, 
ел жоқ. Жерді сатқандар жетісер. Мен 
осы ауылдың отымен кіріп, күлімен 
шыққан колхозшы емеспін бе. Бүйткен 
қайта құруыңның тап әкесінің...
– Қайта құруда әке жоқ.
– Сен-ақ... осы... – тағы бір қырлы 
стаканды тартып ап, тоқал тамның 
т бесіне шығып, сыра б телкесінің 
қақпағымен қапталған жүздік шеге-
лерді қысқышпен суыра бастады. 
С йтіп, толқын жүгіргендей бір ойық
бір бүдір, жап-жалпақ шипрларды жер-
ге лақтырды.
– Дәл осы жерге қазақы салы егем. 
Құйтақандай құдамнан кеммін бе? 
Келер жылы шақырып, к рсетем, – деп 
с йлеп жүр. 
>псәтте шипрды ұстап тұрған та-
рам-тарам к лденең ағаштар адырайып, 
к зге түсіп қалды. Оны да қарулы 
қолмен жып-жылдам жинап тастады. 
Таңертең тоқал тамның сабан лай 
ұрған т ртбұрыш т бесі ғана томпиып 
к рініп тұрды.
Таңсықбай Күн шықса да, бас 
к теріп ұйқыдан тұра алмады. Оң қол, 
оң аяғынан жан кетіп, тілден қалды. 
Бұны естіген колхоз бастық: «Мені 
боқтаса да, қайта құруды боқтамау 
керек еді» деп айызы қанды. Дәрігер 
«жүрекке салмақ түскен, инсульт» деп 
диагноз қойды. К ңілін сұрап келген 
ара ағайын шашылып жатқан жап-жаңа 
шипрға қарап, «мұнысы несі екен?» 
деп, аузының суы құрып таңғалғанмен 
тіл жалдап ештеңе сұрай алмады.
К п ұзамай Таңсықбайдың баласы 
Ертуған аудандық ауылшаруашылығы 
басқармасына бас агроном боп қызметі 
сіп, мәртебесі к терілді. Мәскеуде 
бірге оқыған достары демеу беріпті. Түн 
жамылып әке-шешесін к шіріп алып 
кетті. Ағайынға «Қош!» демеді. 
Екі жүз түтіні к кке рлеген 
«Қызыл таңның» ортасында тоқал 
тамның т бесі қарауытып қала берді. 
Былтыр жапқан сабан лай да сәнін 
келтіре алмады. Айналасы жүздік 
ш е г е н і ң о р н ы қ а л ы п , ш а ш ы л ы п 
жатқан шұрқ тесік шипр. Үшкір 
шегелер де табан асты боп тотығып, 
ұшы майырыла бастаған. Сусыз қалған 
қауындықтағы тарам-тарам арықтарды 
ақбас пен алабұта к мкеріп, кетпен 
тимеген жер боз топырақ боп алыс тан 
ағараң-ағараң етеді. Салпаң құлақ сұр 
есектер есігі аңқайып ашық қалған 
қорада тізіліп тұрып ап қоруы жоқ 
ш пке құшырлана бас қойыпты. 
Үй қабырғасына «Сатылады!» деген 
жалғыз ауыз с з де жазылмаған. Сау-
даға салып, с з жүгіртуге кім болса 
да ұрда-жық Таңсықбайдан үркектеп 
жүр. 
Тілден қалған Таңсықбай бүгін 
қыстақтағы жаңа үйдің ауласында 
күншуаққа малынып отырып, әйеліне 
қарап аузы-басы қисаңдап, бірдеңе 
деп былдырлап, иығын қозғады. Тілі 
ащы жұбайы Ажаркүл с здің нобайын 
аяқтамай жатып-ақ аңғарып қалды. 
Ирелеңдеген к п с здің басын қосқанда 
«Биыл к ктем ауылдағы там т бесіне 
күріш егем» деген мазмұн шықты.
– Түс к ріп ояндың ба? Құдаңмен 
теңескің келіп отыр ғой. Жетісіп 
қапсың, – деді ауру күтіп зәрезап 
болған сыңаймен ернін шүйіріп. 
Таңсықбай естісе де, естімесе де 
тағы бірдеңе айтқысы кеп едіреңдеп, 
сау қолы ербең ете қалды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   39   40   41   42   43   44   45   46   ...   59




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет