Ынтымақтастық атмосферасынқалыптастыру ширату жаттығуларымен өтеді.
Өткен тақырыпқа шолу «Серпілген сауал» әдісімен өтеді: - Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?
- Алдыңғы сабақта қандай мәтінмен таныстық?
- Мәтін кім туралы?
Ширату жаттығуларын орындайды.
Өткен тақырыпқа қатысты сұрақтарға жауап береді.
Оқу тапсырмасын орындаған оқушыны «Ауызша мадақтау» әдісімен бағалау.
Ширату жаттығуы Балалар бізге Білмесхан деген бала хат жіберіпті.Соны оқып берейін. «Сәлем достар! Мен биыл мектепке баратын едім. Сендерден көмек сұрайын деп едім. Анам маған оқу құралдарын сатып әкеліп еді. Мен оның аттарын білмеймін. Сендер мектепте оқисыңдар ғой. Сендерге суреттерін жіберем сендер сол заттардың атын жазып берсеңдер. Сәлемнен Білмесхан» Ал енді балалар мен сендерге жіберген суреттерді көрсетем. Сендер аттарын атап, тақтаға жазасыңдар.Суреттер ілінген сайын Не? деген сұрақтар қойып отырамын. Соңында Білмесханның суретін ілемін. Оған Кім? деген сұрақ қоямын. Суреттердің бәрі аталып, талқыланып қорытылады.