Несіпбек АЙТҰЛЫ
Ақ кемедей ақша бұлтқа шым батқан
3тті Есағам, кетті 3лең…
Бүгін маған қара хабар тыңдатқан
Телефонды жек к рем!
Жек к ремін,
Жағдайым жоқ ұғатын
Аяп, к ңіл айтқанды,
Ақындарға қазанама шығатын
Газеттер мен сайттарды.
«К з жасыңды т ге берме сен енді…»
Жұбатады кәрі іңір.
Жазбасыншы «ақын лді» дегенді,
Оқымаймын бәрібір…
3зімді алдап, тірікпен достасып,
Мен отырмын түн ішіп.
Бір қызғалдақ бағбанымен қоштасып,
Жылап жатыр бүрісіп…
3мір солай мәңгілікке бұрылмақ,
Қалғаны – тек бос ұран.
Құс атаулы қона алмай жүр шырылдап,
Айырылып досынан…
Гүлнәр САЛЫҚБАЙ
Қайдан білейін,
ғұмырда бір сәт қуанды ма, әлде кейіді ме,
Қана алды ма елдің мейіріне?!
Ертемен айтып,
ебіл де дебіл еткенің немене біздерді,
Есенғалиы жоқ, ей, дүние?!
Біз жылағанда сен орамалыңды алып жетпеп пе ең,
3ткен түн қалай текке ткен?!
Ебіл де дебіл ал, жыла енді,
ал, жыла,
Есенғалиы жоқ к ктем!..
Есенғалиы жоқ Алматы!
Шула қайыңдар,
жыр тілеп,
Шулаңдар таулар, дүниенің жанын сілкілеп,
Қайсыңа барып к ңіл айтайын,
беу, дүние-ай,
3леңнен бүгін құстар ұшады дүркіреп!
3леңнен бүгін құстар ұшады қаңқылдап,
Аспандайды олар даңқыңды ап,
…Қарайлауменен қалған да мір теді-ау, к ке,
енді бұл,
Қайсыбір тұстан шыға келер деп жарқылдап…
Ерлан ЖҮНІС
***
Уа, к шті!
Жалғаннан Есенғали ағам к шті!
Ол дағы нар құлжадай аран кешті!
Пір Бекет, Абай-әруақ ертіп келген
Жетектеп жүре берді тәмам к шті…
Уа, к шті!
К шті деймін Есен ағам,
Сумиып қала барды к се-ғалам…
Не айта алам, К кмойнақ-жыр түн ішінде,
Кісінеп: «Ием қайда?» десе маған?..
Светқали НҰРЖАН
Терісіне тер сіңбей,
О да кетті мына жерді жерсінбей.
Біздің ел де қызық ел ғой, жүретін
Жетесізі– жетелісін теңсінбей!
Кетті ол…
Құсын талай қимай ұзатқан,
Қар жастанып, түскен небір мұзарттан.
Жүре бермей к рінгенмен ұстасып,
(Жолы болғай!),
Кетіп қалды бұ жақтан.
Сонда отыр ғой Алашыңның асылы.
Алшысынан түсіп күнде асығы.
Онда миын ашытатын ешкім жоқ,
Осында ғой дүниенің пасығы?
Сасығы…
Сыңғырлаған сиқырлы оның күй – іші,
Періште мен періштенің сүйісі!
Келмейді ғой біздің мына мұрынға.
О жақтағы ұжмақтың иісі?
К п ел бізде дәмелі сол ұжмақтан,
Мағжандарын з қолымен ұзатқан?!.
…Жүре бермей бір иісті иіскеп,
Меніңше, тез кету керек бұ жақтан.
Достарыңызбен бөлісу: |