Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің (Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет) Превенция қызметінің басшысы



бет3/4
Дата22.01.2023
өлшемі26,65 Kb.
#62254
1   2   3   4
7. Авторлық құқықтар

7.1. Конкурсқа қатысатын жұмыстың авторлық құқықтарының сақталуына осы жұмысты конкурсқа жіберген автор (қатысушылар ұжымы) жауапты болады.


7.2. Жұмысты конкурсқа жібере отырып, автор (қатысушылар ұжымы) конкурсты ұйымдастырушыларға бағытталған материалды (интернет желісінде, телебағдарламаларда және т.б. орналастыру) пайдалануға құқық береді.
7.3. Конкурсқа қатысушылар өздерінің дербес деректерін: тегін, атын, әкесінің атын, туған жылы мен орнын, пошталық мекенжайын, абоненттік нөмірін, электрондық пошта мекенжайларын жібере отырып, конкурсқа қатысушы хабарлаған дербес деректерді өңдеуге өз келісімін береді.


8. Конкурс қорытындысын шығару

8.1. Ең үздік идеяның немесе жобаның авторы жеңімпаз болып табылады.


8.2. Конкурс өткізу үшін Комиссия төрағасы мен мүшелерінен тұратын конкурстық комиссия (бұдан әрі – Комиссия) құрылады.
8.3. Комиссия конкурсқа қатысушылар ұсынған материалдарды қарау нәтижелері бойынша конкурс жеңімпаздарын айқындайды.
8.4. Жеңімпаздарды айқындау көрсетілген критерийлер бойынша комиссия мүшелері қойған 1-ден 10-ға дейінгі баллдардың жалпы саны негізінде жүргізіледі.
8.5. Ең көп балл жинаған конкурстық жұмыс жеңімпаз деп танылады.
8.6. Комиссияның шешімі отырысқа оның мүшелерінің жалпы санының кемінде 50 пайызы қатысқан жағдайда, заңды болады.
8.7. Ұпайлар тең болған жағдайда, Комиссия төрағасының дауысы шешуші болып табылады.
8.8. Комиссия шешімі дауыс беруге қатысқан Комиссия төрағасы мен мүшелерінің қолы қойылған хаттамамен ресімделеді.
8.9. Үздік үш жобаның (идеяның) авторлары алғыс хаттармен, сондай-ақ естелік сыйлықтармен марапатталады.
8.10. Үздік деп танылған конкурстық жұмыстарды Қазақстан Республикасының Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі пилоттық жоба ретінде енгізу үшін, тиісті мемлекеттік органдарға немесе басқа ұйымдарға жібереді. Жобаны одан әрі іске асыру авторлардың тікелей қатысуымен жүргізіледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет