88
Елтеріс қағанның түрктерді тауғаштардан азат етуі. Күлтегін мен Білге қаған,
Тоңұқұқтың тұсындағы Түрк қағанаты.
«Орхон ескерткіштері», оның жазылу себебі. Зерттелуі. Ескерткіштің
кілтін табудағы белгілі ғалымдар В. Томсен мен В.В. Радловтың еңбектері.
Орхон жазуларының жанры. И.В. Стеблеваның, Қ. Өмірәлиевтің, Ғ.
Айдаровтың, М. Жолдасбековтің пікірлері. Жырдың қазақтың дәстүрлі
эпосымен ұқсас екендігі. Ортақ ұқсастық-бірліктері: тақырыбы, көтерген
мәселесі, көркемдеу тәсілдері, сөз қолданысы тұрғысынан қарастыру.
Жырдың туындыгері кім? Йоллық тегін, Тоңұқұқ туындыгерлігі жөніндегі
пікірлер. «Тегін» және «құл» сөздерінің мағынасы (Қашқари сөздігінде).
Орхон жазуының мазмұны мен айтар ойы. Білге қағанның ел-жұртқа
үндеуі. Жырдағы айтылатын негізгі мәселе елдің тәуелсіздігі, береке-бірлігі
екендігі. Ұрпақтарға өсиеті. Түріктердің 630-680 жылдары тәуелсіздік
тізгінінен айырылып қалу себебін түсіндіруі. Бұмын, Естемі қағандардың
орнына отырған хандардың біліксіздігін сынауы. «Жаным – арымның
садағасы» дейтін дәстүрлі жан-дүниесінің көрінісі. Көк Тәңірі мен түрктердің
қасиетті жер-суы, Елбілге анадан Елтеріс атты ердің тууы. Қаһармандары:
Білге қаған, Күлтегін, Тоңұқұқ.
Жырдағы оқиғаны ұйыстырушы негізгі тұлғаның Күлтегін екендігі.
Оның он жасында
ер атанып, он алты жасқа келгенде ел-жұртын молайтқаны.
Отыз бір жасқа дейінгі ерліктері, елге қорған бола білгендігі, қырық жеті
жаста қаза табуы.
Білге қаған халқының қамын ойлап, күндіз отырмаған, түнде
ұйықтамаған Елбасы екендігі. Көрші тайпалардың бағалауы.
Тоңұқұқ бейнесінің «Оғыз қаған жырындағы» ұлық Түрік және
қазақтың Бұхар жырауымен ұқсастығы. Қара Ертісті жайлаған қарлықтардың
Сәбек тайпасынан шыққандығы. Тоңұқұқ – сол кездегі түрк қағанатының
саяси-әлеуметтік және әскери ісінің барлығын өз қолынан өткерген дана
абыз. Тоңұқұқтың ұрпағы – Тәтетұнға туралы мәлімет.
Достарыңызбен бөлісу: