Ќазаќстан республикасыныњ


Оғыз дәуіріндегі әдеби жәдігерліктер (ІХ-Х ғ.ғ.)



Pdf көрінісі
бет149/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   416
Оғыз дәуіріндегі әдеби жәдігерліктер (ІХ-Х ғ.ғ.). 
Түркі  халықтарының  тарихында  тұтас  бір  дәуірдің  болмыс-бітімін, 
таным-түсінігін,  тұрмыс-тіршілігін,  салт-дәстүрін,  сана-сезімін  көрсететін 
айырықша жәдігерліктер біздің заманымызға дейін жетіп отыр. Олар «Оғыз 
қаған жыры» мен «Қорқыт ата кітабы». Бұл ескерткіштер ІХ-Х ғасырлардағы 
түркілердің  тарихи-қоғамдық  және  әлеуметтік  жағдайларын  бейнелеп  қана 
қоймайды,  сонымен  бірге  өзіндік  дүниетанымын  көрсетіп  береді.  Оғыз 
дәуірінен  жеткен  асыл  мұралар  әдеби  тұрғыдан  қарастырылып,  олардың 
мазмұны,  тақырыбы,  жанры,  көркемдік  ерекшеліктері,  композициялық 
құрылымы  тұрғысынан  жан-жақты  ашылады.  Нақты  дерек  көздеріне, 
шетелдік  түркітанушы  ғалымдардың,  сонымен  қатар  қазақ  ғалымдарының 
еңбектеріне сүйене отырып қазақ әдебиеті тарихындағы Оғыз дәуірінің орны 
бағаланады.  
Оғыздар  мен  Оғыз  қағанға  қатысты  деректер  берілген  Абілғазы 
Бағадүрханның «Түркімен шежіресі» мен «Түріктер шежіресі» еңбектері. В. 


 
89 
В.  Бартольдтың  оғыздар  тарихы  туралы  зерттеулерінің  құндылығы.  Н.  Я. 
Бичурин,    В.  А.  Гордлевский,  С.  П.  Толстов,  А.  Ю.  Якубовский,  т.б.  белгі 
ғалымдар еңбектеріндегі оғыздар жайындағы дереккөздер мен мәліметтер. В. 
М.  Жармунский,  Ә.  Марғүлан,  т.б.  ғалымдардың  осы  мәселеге  қатысты  ой-
пікірлері.  «Қорқыт  ата  кітабын»  зерттеуде  зор  үлес  қосқан  В.  В.  Бартольд 
еңбегі.  Кейін  оның  бастамасын  шәкірттері  В.  М.  Жирмунский  мен  А.  Н. 
Кононовтардың жалғастырғандығы. Сондай-ақ, бұл ескерткішті зерттеуге А. 
Н.  Самойлович,  В.  В.  Вельяминов-Зернов,  К.  А.  Иностранцев,  А.  Ю. 
Якубович  сияқты  ғалымдар  да  мол  еңбек  қылғандығы.  X.  Г.  Көроғлы,  Ә. 
Марғұлан, X. Сүйіншәлиев, Ә. Қоңыратбаев, Б. Ысқақов, М. Байділдаев, Ш. 
Ыбыраев зерттеулері.  


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   145   146   147   148   149   150   151   152   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет