Ќазаќстан республикасыныњ



Pdf көрінісі
бет147/416
Дата07.01.2022
өлшемі1,82 Mb.
#18345
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   416
 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
ЕЖЕЛГІ ДӘУІРДЕГІ ҚАЗАҚ ӘДЕБИЕТІ 
 
Біздің 
заманымыздан 
бұрынғы 
VІІ 
ғасырдан 
бастап 
заманымыздың  V  ғасырына  дейінгі  кезеңдегі  ежелгі  жәдігерліктер  мен 
әдебиет үлгілері.  
Қазіргі Қазақстан жерінде біздің заманымызға дейінгі VІІ ғасырлардан 
заманымыздағы V ғасырлар арасында сақ, ғұн, үйсін тайпалары өмір сүрген. 
Тілі  –  түркі  тілі,  жазуы  –  түркі  жазуы  болғандығы  жөніндегі  бұлтартпас 
деректер.  Геродоттың  «Тарих»  кітабындағы  деректер.  Ғұн,  үйсін 
тайпаларының  өмір  тіршілігі  жайындағы  Сыма-Цянның  «Жылнама»,  Бань-
Гудың «Ханнама» кітаптарының маңызы. 
Тарғытай, оның үш ұлы: Арпоқсай, Ылпоқсай, Қолоқсай туралы аңыз. 
Шаңырақты  кіші  ұл  иелену  дәстүрінің  түпкі  көрінісі.  Осы  аңыздың  қазақта 
жұмбақ  түрінде  айтылуы  (түрен,  балта,  мойынтұрық,  шөмішті  тұспалдау). 
Тарғытайдың Ер Тарғын атымен есте қалуы. 
Алып  Ер  Тұңға.  Фирдоусидің  «Шаһнамасындағы»  Афрасияб, 
«Авестада»  Франграсиан  екендігі.  Ол  туралы  жоқтау  жырының  Қашқари 
«Жинағында» (ХІ ғ.) берілуі. 
Тұмар  патшайым  –  ұлы  сақ  даласының  билеушісі.  Жаулап  алмақ 
болған Кир патшаның жансыз басына жиіркене қарап тұрып: «Аңсағаның қан 
еді, іш енді соны», – деп қан толтырған сабаға тығып, өзенге лақтыруы. 
Ел  тағдыры  үшін  жанын  қиған  Ширақ  батыр.  Өз  бақытынан  ел 
бақытын  артық  санаған  Зарина  сұлу.  Тұмар  мен  Зарина  үлгісінің  Қарлыға, 
Гүлбаршын, Гүләйім бейнелерінде сақталуы. 
Көшпелі сақтардың ұлы, әйгілі шешен Анақарыс (Анахарсис). 
Ғұн  билеушісі  Мөде  (Мөте,  Боғда)  ерліктері  жайлы  аңыздар. 
Түркілердің  киетегі  (төтемі)  –  «Көк  бөрі»  аңыздары.  Есіктен  табылған 
заманымыздан  бұрынғы  жазу-сызулар  мен  жазба  деректер.  Алтын  адамның 
жанындағы  тостағандағы  жазу.  Деректі  жазу  бар  жерде  әдебиеттің  де 
болатындығы. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   143   144   145   146   147   148   149   150   ...   416




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет