Ќазаќстан республикасыныњ


Дәріс № 15 Дәріс тақырыбы



бет16/28
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#20042
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28
Дәріс № 15

Дәріс тақырыбы: Ғылыми жұмыстың нәтижесін дайындау.

Дәріс жоспары:

  1. Басылып шығарылатын мақаланы дайындау тәртібі.

  2. Ғылыми жұмыстың нәтижесін енгізу.

ҒЗЖ енгізудің тиімділігі өндірістегі өнім өндіруге кететін шығындарды төмендету болып табылады. ҒЗ тиімділігі әртүрлі бағытта болады – экономикалық- ұлттық табыстың өсуі, шығындардың азаюы,т.б. әлеуметтік-экономикалық – еңбек өнімділігінің артуы, жұмысты жеңілдету, табиғатты қорғау,денсаулықты сақтау, т.б. отан қорғауды күшейту, ғылымның маңызын көтеру.

Тірі және затталған еңбектің бір жылғы үнемделген мөлшерін теңгеге шаққанда жылдық экономикалық пайда ЖЭП деп атайды. Ол жұмыстың біту сатысына байланысты алдын-ала не жоспарлы, күтілген, факт бойынша және потенциалдық деп бөлінеді.

Жоспарлы ЖЭП техникалық-экономикалық негіздеу кезінде іріленген көрсеткіштер бойынша зерттеулерді жүргізу тиімділігін анықтау үшін есептеледі. Күтілген ЖЭП ғылыми зерттеулер біткен сатыда нормативтік-анықтамалық көрсеткіштер бойынша жоспарланған енгізу көлеміне сәйкес есептеледі. Тапсырыс беруші енгізу көлеміне кепілдік берсе, ЖЭП кепілдік деп аталады.

Факт бойынша ЖЭП ҒЗ өндіріске енген соң есептегі жыл көрсеткіштері бойынша есептеледі.

Потенциалдық ЖЭП іріленген көрсеткіштер бойынша енгізуге мүмкін көлемді есептейді. Бұл ҒЗЖ кең көлемде пайдалануға және таратуға негіз болады.

ҒЗЖ нәтижелерін және лицензияларды шетелдерге және фирмаларға сатса, шетелдік ЭЖП алынады.

Іргелі ҒЗ пайдалы әсерді жұмыс басталғаннан бастап көп уақыттан кейін бере бастайды. Сондықтан ЖЭП жоспарлау біраз қиын.

Теориялық зерттеулердің пайдасын сандық көрсеткіштермен көрсету қиын, сондықтан оларды көбінесе сапалық көрсеткіштермен сипаттайды. Қолданбалы тақырыптағы зерттеулердің мерзімі қысқа болуы керек. Әдетте олардың мерзімі 3 жылдан аспауы шарт.

ҒЗЖ тиімділігін әртүрлі жолдармен анықтайды. Ұжымның жұмысын жарияланған ғылыми еңбектердің санымен, сапасымен, алынған патенттердің мөлшерімен, өндіріске енгізілген ҒЗЖ санымен, еңбек өнімділігімен анықтайды.

ҒЗЖ тиімділігін арттыру үшін ғылыми қызметкерлерді ынталандырудың жолдарын жетілдіру керек. ҒЗЖ өндіріске енгізу екі сатыдан тұрады – тәжірибелік-өндірістік енгізу және сериялық топтап енгізу. ҒЗЖ қандай ыждағаттылықпен өткізілсе де өндіріс жағдайында ескерілмеген, кездейсоқ факторлардан ешкім сақтана алмайды. Сондықтан ғылыми жұмыстардың нәтижесін бірінші өндірістік жағдайда тексеріп алған дұрыс. Мысалы, машиналар мен қондырғылардың жаңа түрлерін дайындап, оларды заводтарда немесе полигондарда сынайды. Технологиялық процестерді өнеркәсіп орындарында тәжірибелік сынақтан өткізеді. Тексерістердің ұзақтығын арнаулы есептеулер арқылы тағайындайды.

Өнеркәсіптегі тексеру кезінде тәжірибелік үлгілердің техникалық-экономикалық тиімділігін анықтайды. Әсіресе үлгілердің эксплуатациялық көрсеткіштеріне, сенімділігіне, шыдамдылығына, өзіндік құнына, дайындау және жұмыс істету оңайлығына баса назар аударады. Сынақ нәтижелері арнаулы түсіндірме жазбада көрсетіліп, оған тексеру актылары қосылады. Актыларға тапсырыс берушілер мен орындаушылар қол қояды.

Өндіріске енгізудің бірінші сатысында өте көп қаржы және жұмыс күші қажет. Бұл сатыда үлгілерді сынау кезінде авторлар міндетті түрде қатысу керек.

ҒЗЖ нәтижелерін өңдеп әдеби тілмен есеп, баяндама, мақала түрінде жазу белгілі бір талаптарға сай болу керек. Әсіресе баяндаудың түсініктілігі,жүйелігі және тәртіптілігі маңызды. Қолжазба мәтіні жаңа жолдан басталатын бөліктерге, яғни абзацтарға бөлінуі тиіс. Бұл оқуды жеңілдетеді және мәтіннің мазмұнын айқындайды. Бұлай бөлу жазылған мәтіннің мазмұнына байланысты - әрбір абзац жеке ойды білдіреді.

Қолжазбада қайталануларды болдырмау қажет, белгілі бір ой шумағы толық біткенше жаңаны бастамау керек.

Қолжазбаны цифрлармен, цитаталармен, суреттермен көп толтырмау керек, бұл мәтінді дұрыс түсінуге кедергі келтіреді. Бірақ, мұндай материалдан мүлде бас тартпау керек, өйткені ол зерттеу нәтижелерін қөрсетеді.

Көмекші материалдарды есепте қосымша түрінде келтіруге болады. Қолжазбада көрсетілген сілтемелер үшін олар алынған ақпарат көздерін көрсету қажет.

Стандарттарға сәйкес сөздерді және шартты белгілерді қысқартып қолдануға болады. Мысалы, т, кг, вт т.б. Стандарттық емес қысқартуларды міндетті түрде көрсету керек.

Ғылыми есеп, баяндама, мақала жазған кезде жалпы жоспар төмендегідей болуы мүмкін. Алдымен оның атын жазу керек, ол қысқа, анықтаушы, жұмыстың мазмұнына сай болу керек, өйткені осы аты бойынша ол каталогқа кіреді.

Мазмұны оны оқырман үшін қысқа түрде мазмұнын ашатындай болу керек, негізгі бөлімдер, тараулар және тағы басқа бөліктер көрсетіледі. Кейде ғылыми жұмысты жазғанда алғы сөз жазу қажет. Онда ғылыми жұмысты жазудың алғы шарттары, жұмыстың орындалған жері, т.б. келтіріледі.

Кіріспеде қысқаша проблема туралы, көкейкестілігі, мақсаты мен мүдделері, проблеманың қазіргі жағдайы сөз болады.

Әдебиеттерге шолу әдетте қарастырылатын мәселе бойынша беріледі. Бұл жерде ең маңызды әдебиетті қосымша әдебиеттен ажырата білу қажет. Әдебиеттің белгілі бір бөлігі соңғы жылдарда жарияланғаны дұрыс, шет елдік әдебиеттерде болғаны жөн.

Жұмыстың негізгі мазмұнына материалдар, зерттеу тәсілдері, тәжірибенің нәтижелері, қорытындылар мен талдаулар кіреді. Мәтінде қолданылатын сөздер мен сөз тіркестері дәл, ұғынықты болуы керек. Жаңадан енгізілген терминдер мен ұғымдарды тиянақты түсіндіру қажет. Цифрлық материалды таблица, диаграмма не график түрінде беру керек. Олардың аттары мен нөмірлері болады.

Қорытындылар жұмыста келтірілген материалға сай болуы керек. Олар қысқа түрде, нөмірленген тезистер түрінде болады.

Жұмыстың соңында қолданылған әдебиеттердің тізімі келтіріледі. Осы тізім бойынша мәтінде оларға сілтемелер жасалады. Тізім библиографиялық тәртіпке сәйкес, мәтінде жазылған кезегі бойынша жасалады. Тізімде авторлардың аты-жөні, кітаптың аты, баспаның аты, шыққан жылы, жалпы бет саны, не беттің нөмірі көрсетіледі. Журнал болса шыққан жылы, нөмірі, беті. Тізімдегі әдебиеттің нөмірі мәтінде жақша ішіне жазылады.

Ғылыми жұмысты жазған кезде оның құрылымы туралы ойлау керек, яғни оның жеке бөліктері арасындағы пропорция оның логикалық тұтастығын сақтайды.

Қосымшада көмекші таблицалар, графиктер, есептеулер, программалар, т.б. материалдар орналасады. Олардың әрқайсысының нөмірі бар. Ғылыми жұмыстың мәтіні бойынша реферат немесе аннотация дайындалады. Аннотация – есептің, ғылыми жұмыстың қысқаша сипаттамасы. Ол бұл құжатта не туралы айтылады деген сұраққа жауап береді. Ондағы сөйлемдер қарастырылды, зерттелді, дәлелденді, деп келеді. Реферат негізгі құжаттың қысқартылған түрдегі мазмұнын баяндайды, онда материалдармен қорытындылар келтіріледі. Рефераттар рефераттық журналдарда, жинақтарда жарияланады.

Ғылыми зерттеудің енгізілуі. Енгізу екі сынмен жіктеледі: материалдық іске асыру; іске асқан заттың жұмысшы функциясы.

Енгізу материалдық іске асыру формасына қарай келесі топтарға бөлінеді: басқару мен сынаудың тәсілі, тұтынатын өнім, процессті автоматтандыру мен басқару, автоматтандыру мен басқару жүйесі, алгаритм мен бағдарлама, зерттеуді қамтамассыз ету әдісі, стандарттар.

Енгізілетін заттың жұмыс функциясына қарай енгізу:



  • ғимараттар мен құрылыстың іске асуы;

  • өнімді дайындау;

  • ұйымдастыру және басқару жүйесін орнату;

  • өндірістік қызыметте типтік нормативті – әдістемелік қызмет пен өндірісті қолдану.

Енгізу процессі тәжірибелік – өндірістік және сериялық болып бөлінеді.

ҒТЖ жылдан – жылға дамыса да өндірістік жағдайда барлық болатын шарттарды есептей алмайды. Сондықтан машиналардың, ғимараттардың, құрылыстардың жаңа конструкциясы алдын – ала дайындалып, полигон мен зауыттарда сыналуы қажет. Тәжірибелік аумақтарда тек өндірістік жағдайлар мен лабораториялық жағдайда сыналып барып қана қолданылады. Техникалық процесстер өндірістік аумақтарда тәжірибелік тексеруге түседі. Кей жағдайларда жаңа қондырғыларды қосып, традициялық технологиялық линия қайта қондырғылармен жабдықтауға ұшырайды. Егер ҒТЖ нәтижесінде жаңа машина, механизм немесе жаңа сынаманы дайындау керек болса, онда сынама дайындау керек.

Конструкцияның, материалдың немесе машинаның тәжірибелік сынамасы бірнеше рет механикалық жүктеу мен табиғи факторларда мұқият оқылады. Мұндай сынаудың ұзақтығын есептеу береді.

Сынау нәтижесі түсіндірмелі хат түрінде баяндалады. Оған конструкциялық, технологиялық, эксплуатациялық, экономикалық, эргономикалық, санитарлық – гигеналық, өртке қарсы, ұйымдық және басқа да сынаманың ерекшелігін акт түрінде қосымша береді.

Көп жағдайда тәжірибелік сынаманы сынаған кезде ең басты критерий өмір сүру уақытының ұзақтығы мен жоғары сапа болып табылады.

Ендірудің алғашқы сатысы үлкен экономикалық шығынға алып келеді, тәжірибелік сынамаларды дайындауда маңызды еңбек өнімділігімен, созылмалы өндірістік сынамамен байланысты. Бұл сатыда авторлардың зерттеуге қатысуы шарт және оларды ары қарай жетілдіруге ұсыным бере алады.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар

1 Енгізу қалай жіктеледі?

2 Сынау нәтижесі қалай рәсімдейді?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет