Ќазаќстан республикасыныњ



бет13/28
Дата07.01.2022
өлшемі0,57 Mb.
#20042
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
3. Ғылыми зерттеу тәсілдері

№ 11 дәріс



Дәріс тақырыбы: Эксперименттік зерттеу.

Дәріс жоспары:



  1. Эксперимент нәтижелерін статистикалық әдістермен өңдеу.

  2. Эксперимент нәтижелерін графикалық әдістермен өңдеу.

  3. Экспериментті жобалау теориясы.

Негізі ғылым болып табылатын ғылыми зерттеудің маңызды құрама бөлігі болып эксперимент (көбіне биологиялық, қоғамдық, педагогикалық және психологиялық ғылымдарда қолданады) табылады. Түрлендіруші эксперимент зерттелетін үлгінің функциясы мен структурасына белсенді өзгертеді. Зерттеуші үлгінің дамуына сәйкес жасырын тенденцияға сәйкес алдын – ала сәйкес болатын шарт қояды. Эксперимент процесі кезінде затқа әсер ету мен оның нәтижесі арасындағы байланыс орнатылады.

Теорияның математикалық теориясы зерттеу жүргізудің үйлесімді шартын анықтайды. Эксперименттің математикалық теориясы зерттеу жүргізудің үйлесімді шартын анықтайды жәнеде ол шарт зерттелетін заттың физикалық табиғатын толық анықтамағанда да анықталады. Ол үшін тәжірибені дайындағанда және өткізгенде математикалық әдіс қолданады. Аталған әдіс эксперименттің өтуінің жоғарғы эффективтілігін және зерттелетін факторлардың анықтамасының дәлдігін анықтайды. Сонымен қатар құбылыстың механизімін толық білмегенде экспериментті басқаруға мүмкіндік береді.

Эксперименттер алдын-ала келісілген алгоритммен аздаған сериямен өткізіледі. Әр сериядан кейін нәтижелерді өңдей жәнеде одан ары не істеу керек екендігі шешіледі.

Математикалық жоспарлау әдісін пайдаланғанда: қиын процесстерді шешумен байланысты әр – түрлі сұрақтарды шешу, эксперименттің жоғары сапамен өтуін қадағалау шешіледі.

Әрбір эксперимент алдында оның жоспары жасалады, оған эксперименттің мақсаты, есептері, өзгеретін факторлар, оның көлемін негіздеу, тәжірибелердің саны, факторларды өзгерту тәртібі, зерттеу құралдары, т.б. кіреді. Эксперименттің математикалық теориясын қолдану жоспарлау кезінде оның көлемін оңтайландыруды болдырады, оның дәлдігін арттырады. Өлшеу құралдарын дәл таңдап алу да өте маңызды, ол үшін өлшеу аппараттарын жете білу қажет. Кейбір жағдайларда сирек кездесетін приборларды жасау қажет.

Эксперименттік зерттеулер кезінде өлшеулер жүргізу өте маңызды болып саналады. МЕСТ бойынша өлшеу дегеніміз физикалық шамаларды тәжірибе кезінде арнаулы техникалық құралдар арқылы табу. Өлшеудің теориясы мен практикасын метрология анықтайды. Өлшеу тәсілдері тура немесе жанама, абсолютті, салыстырмалы деп бөлінеді.
Өзін - өзі тексеруге арналған сұрақтар:
1 Ғылыми зерттеудің маңызды құрамы дегеніміз не?

2 Эксперименттің математикалық теориясы нені анықтайды?


№ 12 дәріс



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет