Ержан: Е, о жарықтық айтса, бірдеңе шығар.
Теңге:Е, шықпай. Бүкіл жерді билеген ақ патша Мекелайды
жеңгенде, суды билеп, күні кеше түкірігі жерге түспей тұрған Зәкірді
жеңгенде, одан қала берді Мәскуадан шыққан банды Троскей мен мына
біздің Ондыдан шыққан, атқан оғы айырпланды құлатқан банды Құрмашты
жеңгенде, есірік Китлерді жеңбес деп отырсың ба? Әй, қараңғылық-ай!
Түсіп өзі ғұлама кісідей қисайып жатқан жерінен басын көтеріп, шалқайып
отырды. Мықынын таянып алды. Шай үстінде Ержаннын былтыр Үштағаннан
сатып алған кердері маясы әңгіме болды. Шайдың дастарханы жиналып,
қазандағы ет бір рет аударылыстырылғанда барып, Түсіп серігіне көз тастады.
Ержан қабырғаға арқасын сүйеп, иегін көкірекше тонының омырауына тығып,
ортасында екі жерден екі сала қарасы бар көк бурыл сақалының ұшын сипап
бұғып отыр.
Түсіп қыбыжықтап біраз қозғалақтап қойды. Тесі қайқаңдап ілгері
жылжып барды. Жаңа шай аяғын төңкерер-төңкерместен аузына салған
насыбайының шетінен қазандықтың алдына бір түкіріп тастады. Ерінін сарбөз
көйлегінің жеңіне сүйкей салды да, оны саусақтарының ұшымен қармай ұстап,
сырмақ шалбарына сүртті. Жылтыраған індігеш көзін жұма беріп қайта ашты.
—
Е-е,— деп мекіреніп тағы бірсыпыра отырды.
Уа
,
Жаңылсын!
Аққаймақ селт ете түсті. Қазан аяқ жақтан әлдене іздеп күйбеңдеп
жүрген Жаңылсын алақтай бір қарады да, желп етіп отыра кетті.
—
Е-е, бұл опасыз дүние-и-е!
Түсіп тағы бір көш жер күңіреніп алды.
—
Кеше мына Шетпенің бер жағындағы қоңырдаңнан өтіп бара жатсам,
теңкиіп бір түйе өліп жатыр.
Біздің түйеміз түгел еді ғой дегендей бұл екеуі бір-біріне қарасты.
Шәйза:Бөрі демекші, азғантай малдарыңды қосқан жерлерің тау-тас,
өңшең жымысқы жыра екен. Ит-құстың хабары жоқ па?
—
Әзір ондай ештеңе жоқ?— деді әңгіменің бағдарына түсіне алмай дал
болып отырған Жаңылсын.
Түсіп: Иә, ит құстан да ажалы жетіп тұрған өледі. Ойласам бәріміз де бұл
дүниеден өтеміз екен ғой.
Аққаймақ енді күлімсірей беріп еді, Түсіп тағы бөліп кетті.
Түсіп: Келін шырақ, Ожанның қара қағазы келді. Соғыс болған соң
өлім-жітімсіз жүре ме?
30
Қапелімде ештеңеге түсінбеген Жаңылсынның көзі ұясынан шығып
кете жаздады
Теңге: Кештетіп от тастауға келген екенсіңдер ғой.Шайланып,
жайланып, Ожан қандай азамат еді Қайран Ожан... Жаңылсын,қарғам
жыла,қарға, мына сұм заманды,неге үндемейсің, үн қатшы.
Достарыңызбен бөлісу: |