Қазақстан республикасының


Шәйза:  Ожан ат-көлік аман келдің бе? Түн ішінде суыт не жүріс?  Ожан



Pdf көрінісі
бет24/79
Дата31.12.2021
өлшемі2,24 Mb.
#21633
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79
Шәйза:  Ожан ат-көлік аман келдің бе? Түн ішінде суыт не жүріс? 

Ожан:  Шәйза , отыр ,Жаңылсын сен де кел. Маған павескі келді. Мен 

майданға аттанамын. Құттым марқұмға көз жұмарында екі шаңырақтың, екі 




28 

 

баланың жұбын жазбаймын деген антым бар еді.  Қаржау мен Аққаймақты. 



Мен жоқта  бала-бажырлық  жасап,  бастарың  бытырап  жүрмесін,—  деді  де 

Аққаймақ ұсынған орамалды алып сүртінді. 

Екі  әйел  тағы  не  дер  екен  деп  ұмсынып  қапты.  Ожан  одан  соң  ләм-

мим деген жоқ, дастарқанның басына кеп отырды. Жаңағы айтқаны аманат 

та,  сұбхат  та  сияқты емес,  әншейін  «қоңыр  саулықтың  қозысын  үйге 

кіргізіп алыңдар»,—  деген  сияқты  келте  қайырған  кесім.  Өңі  сол баяғы 

байсалды қалпы. Жаңылсын мен Шайзада оның енді ештеме демесін біліп, 

шайға кірісті. 

Ертеңіне сәскеге таман Ондының қара жалынан ат мінген, түйе мінген 

қалың  қарайған  көрінді.  Ожан  сыртқа шығып  атын  ерттеді.  Әскерге 

шақырылғандардың  алды ауылдың  сыртындағы  Қарақұдықтың    қара 

сайына құлай бастағанда атына мінді. 

— 

Шәйза, үйіңнен дәм әкелші,— деді. 



Шәйза  зеренге  құйып  ағарған  әкелді.  Ожан  шетінен ауыз  тиді  де, 

тізгінін  жұлқыды.  Жаңылсынның  даусы шығып  кетіп  еді,  артына 

бұрылып,  көзімен  атып  суық қарады.  Жаңылсын  жаулығының  шетін 

тістеген  күйі кідіріп  қалды.  Торының  сауырына  сапалақ  шып 

етті. Жортақтай жөнелді. 

Жол  асқанның  жалынан  асып  бара  жатқан  ауыл  азаматтарын  жалт-

жалт  қаратып  Шаңжақ  төбе  түбінде қалқиып-қалқиып  екі  құрым  үй  мен 

бұл үшеуі тұр. 





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет