Қазақстан республикасының



Pdf көрінісі
бет39/79
Дата31.12.2021
өлшемі2,24 Mb.
#21633
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   79
 

(

Музыка әуенмен мойындарына қызыл галстук таққан пионерлер 

шығады, арнау өлеңдер оқылады)

 

Жанель: 

Ең аяулы есім ғой «Ұстаз» деген,  

Бар тіршілік бақытты ұстазбенен.  

Ұстазды жеткізгенше мұратына  

Білім іздеп лапылдап жаңа берем  

Айзада:Ұстаздың оттай ыстық алақаны,  

Болған соң ойлайтыны-бала қамы  

Баладан ұстазыма мың сан алғыс 

 

Өйткені ол ұстазымның ақ арманы.  



Дария:Нұрын төккен көк аспан күмбезінен  

Күлімдеуің ұқсайды күн көзіне.  

Қолда болса ұстаздарға сыйлар ем,  

Бар байлығын әлемнің бір сіздерге. 



Айтқали:Ұстаз бізді білім беріп өсірген 

 

Қатемізді әрқашанда кешірген  




39 

 

«Өмір жолы-қиын жол» деп әрдайым 



 

Тәрбиелеп, ақылды ғып өсірген 



Нұрасыл:Анамдайсыз, менің асыл ұстазым, 

 

Өтті бізбен көктем, күз, қыс, жазың 



 

Жылдар бойы тәрбиелеп, аялап, 

 

Болашаққа байтақ бір жол нұсқадың. 



 

Аяулым:Ұстаз болу – жүректің батырлығы,  

Ұстаз болу – сезімнің ақындығы,  

Ұстаз болу – мінездің күн шуағы, 

 

Азбайтұғын адамның алтындығы 



 

Шұғыла:Ұстаздар! Қандай ғажап халықсыздар!  

Шәкіртке шыңдай биік алыпсыздар. 

 

Жан біткен жанарына нұр сыйлаған  



Күндей боп күлімдеген жарықсыздар. 

Жаралған жақсы үміт пен мұраттардан, 

 

Жансыздар әлдилеген шуақты арман. 



 

Жатталсын есімдерің жан жүректе, 

 

Адамның аяулы әні сияқталған. 



Мадина: 

Ұстаз деген – жарық күні ғаламның,  

Ұстаз деген – анасы ол адамның. 

 

Бүкіл әлем мойындайды еңбегін,  



Сен де одан адам болып жаралдың.  

Ұстазыңды түсінген сен тереңнен 

 

Бар әлемге еңбегімен еленген.  



Сенің бағың өрге қарай өрлесе,  

Ол да бірге қуанышқа кенелген.  

Сол арқылы сен де өмірді жалғадың,  

Ізгі іс қой, ұстаз тілін алғаның.  

Мақтау алсаң ұстаздардың алдында,  

Ол өзіңнің орындалған арманың.  

Ұстаз сөзін айтып жүрдік ән қылып,  

Одан басқа жүрген кім бар жанды ұғып.  

Ұстаз деген – ұлылардың ұлысы,  

Қасиеті бас иелік мәңгілік! 



Айкөркем:Ғұлама, білгіш ғалымнан 

 

Оқушы жас жалыннан,  



Мархабатты ойшылдан, 

 

Мал өсірген қойшыдан,  



Жазушыдан, ақыннан 

 

Ғарышкерден – Батырдан  



Өнері асқан актерден,  


40 

 

Ырыс қазған шахтерден, 



 

Мың бұралған бишіден, 

 

Ой тербеткен күйшіден,  



Оқыған жас-кәріден  

Оқушының бәрінен,  

Ұстаздарға мың сәлем! 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   79




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет