37
(1978 жыл Теңіз ауданы Ганюшкин мектеп жатаханасы, директордың
кабинеті )
Тағанқожа ағай: Құжаттарың түп-түгел екен,қызым.
-
Мұғалім болу-бұл өте қиын жол. Өзіңді,өз өміріңді болашаққа арнау
деген сөз.
Дайынсың ба?
Клара:
-
Ағай, мен ұстаз болуды ес білген шағымнан армандадым.Қиын да
қасиетті жол мені қызықтырады
Тағанқожа ағай:
-
Олай болса,уақытыңды алмайын. Сен жас мамансың.Саған тәлімгер
болатын ұстаз-Шаттық деген апайың. Мұғалімдер бөлмесінде болар... Барып
жолық.
(Дәлізде Клара тағы жас мамандар)
II көрініс
(мұғалімдер бөлмесі)
(Іште 2 мұғалім қағаз жазып отырады)
Жас маман:
-
Сәламатсыз ба апай!
Шаттық апай:
-
Амансың ба!
-
Кімді іздеп келдің?
Жас маман: Менің есімім- Клара. Ауданнан осы мектепке «аға
вожатый» боласың деп жіберді . Мектепті биыл ғана бітірдім.
Шаттық апай: Жұмысыңа сәттілік. Директорға жолықтың ба?
Клара: Жаңа ағайдан шықтым. «Шаттық деген апай тәлімгер болады»-
дейді.Жаңа қыздар ол апайды қатты ыссы, ертең саған маза
38
бермейді,шапқылайсың да жүресің деп, қорқытып қойды. Жұмыста өзін де
өзгені де аямайды,-дейді.
Апай, айтыңызшы Шаттық апай ,қандай адам?
Шаттық апай:
-
Сен іздеген Шаттық апайың мен боламын,сендей үйренуге жалындап
тұрған жасқа үйрету- мен үшін мәртебе.Жүр, алдымен жұмыс жасайтын
кабинетіңді көрсетейін.(шығып кетеді)
(ортаға жас тәлімгер Клара апа шығады)
Клара:
-
Мен бүгіннен бастап ұлы ұстаздың қиын да, қызық сүрлеуіне түстім
-
Мен бүгіннен бастап бойымдағы бар жақсы қасиетті шәкірттерге
үйрету соқпақты ізін бастадым.
-
Мен бүгіннен бастап болашақ үшін жауапты жандардың біріне
айналдым.
-
Мен ұстазбын,қандай мәртебелі мақтаныш есім, қасиетті мамандық!
Достарыңызбен бөлісу: