2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 53-2) тармақшамен толықтырылды
53-2) тірек мектеп (ресурс орталығы) – шағын жинақталған мектеп оқушыларының сапалы білім алуына қолжетімділігін қамтамасыз ету мақсатында қысқа мерзімді сессиялық сабақтарды және аралық әрі қорытынды аттестаттауды өткізу үшін базасында таяу маңдағы шағын жинақталған мектептердің білім беру ресурстары шоғырланатын жалпы орта білім беру ұйымы;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 54) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
54) университет – мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары білім берудің, магистратураның және докторантураның білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, іргелі және қолданбалы зерттеулерді жүзеге асыратын, ғылыми және әдістемелік орталық болып табылатын жоғары оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 55) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
55) училище – мәдениет пен өнер саласында негізгі орта, жалпы орта, техникалық және кәсіптік немесе орта білімнен кейінгі білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
56) тармақша бойынша орыс тіліндегі мәтінге түзету енгізілді, қазақ тіліндегі мәтін өзгермейді;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56-1) тармақшамен толықтырылды
56-1) ұлттық жоғары оқу орны – елдің жетекші ғылыми және әдістемелік орталығы болып табылатын, ерекше мәртебесі бар жоғары оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 56-2) тармақшамен толықтырылды
56-2) ұлттық зерттеу университеті – ерекше мәртебесі және Қазақстан Республикасының Үкіметі бекіткен, бес жылға арналған даму бағдарламасы бар, мамандықтардың үш және одан да көп тобы бойынша жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің өз бетінше әзірленген білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын, жаңа білімді жинақтау мен трансферттеу үшін іргелі және қолданбалы ғылыми зерттеу нәтижелерін пайдаланатын жоғары оқу орны;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 57) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)
57) философия докторы (РһD), бейіні бойынша доктор – тиісті мамандықтар бойынша докторантураның кәсіптік білім беретін оқу бағдарламаларын меңгерген және диссертация қорғаған адамдарға берілетін ғылыми дәреже;
58) шағын жинақты мектеп - білім алушылар контингенті шағын, сынып-жинақтары біріктірілген және оқу сабақтарын ұйымдастырудың өзіндік нысаны бар жалпы білім беретін мектеп;
59) экстернат - білім алушы сабаққа үнемі қатыспай-ақ тиісті білім беру бағдарламасының оқу пәндерін өз бетімен оқитын оқыту нысандарының бірі;
60) эксперименттік алаң - жаңа педагогтік технологиялар мен білім беретін оқу бағдарламаларын мақұлдаудан өткізуге арналған эксперимент режимінде білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымы;
61) элиталық білім - дарынды адамдарға арналған мамандандырылған білім беру ұйымдарында іске асырылатын арнайы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша алынатын білім.
2-бап. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы
1. Қазақстан Республикасының білім беру саласындағы заңнамасы Қазақстан Республикасының Конституциясына негізделеді, осы Заңнан және Қазақстан Республикасының өзге де нормативтік құқықтық актілерінен тұрады.
2. Егер Қазақстан Республикасы ратификациялаған халықаралық шартта осы Заңдағыдан өзгеше ережелер белгіленсе, онда халықаралық шарттың ережелері қолданылады.
3-бап. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың принциптері
1. Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі принциптері мыналар болып табылады:
1) баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі;
2) білім беру жүйесін дамытудың басымдығы;
3) әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі;
2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 4) тармақша өзгертілді (бұр.ред.қара)
4) білім берудің зайырлы, гуманистік және дамытушылық сипаты, азаматтық және ұлттық құндылықтардың, адам өмірі мен денсаулығының, жеке адамның еркін дамуының басымдығы;
5) адамның құқықтары мен бостандықтарын құрметтеу;
6) жеке адамның білімдарлығын ынталандыру және дарындылығын дамыту;
7) білім беру деңгейлерінің сабақтастығын қамтамасыз ететін білім беру процесінің үздіксіздігі;
Достарыңызбен бөлісу: |