Қазақстан Республикасының Заңы Білім туралы



бет4/32
Дата01.04.2022
өлшемі0,58 Mb.
#29550
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32
Байланысты:
білім туралы заң

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 41-1) тармақшамен толықтырылды

41-1) магистрант – магистратурада білім алатын адам; 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 41-2) тармақшамен толықтырылды

41-2) магистратура – тиісті мамандығы бойынша «магистр» академиялық дәрежесі беріле отырып, ғылыми және педагог кадрлар даярлауға бағытталған, жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің кәсіптік білім беретін оқу бағдарламасы;

42) мамандандырылған аккредиттеу - білім беру ұйымы іске асыратын жекелеген білім беру бағдарламаларының сапасын бағалау;

43) 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды (бұр.ред.қара)

44) мемлекеттік атаулы стипендия - Қазақстан Республикасының Президенті және (немесе) Қазақстан Республикасының Үкіметі тағайындайтын стипендия;

45) мемлекеттік білім беру тапсырысы - мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жөнінде, экономиканың қажеттілігін қамтамасыз ету, білікті жұмыс күші мен қоғамның зияткерлік әлеуетін молықтыру үшін білікті қызметкерлер мен мамандарды даярлау, біліктілігін арттыру және қайта даярлау жөнінде, сондай-ақ білім беру жүйесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету жөнінде мемлекет қаржыландыратын қызмет көрсетулер көлемі;2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 45-1) тармақшамен толықтырылды

45-1) мемлекеттік бітіру емтиханы – білім алушылардың жалпы орта білім беру курсын бітіргенін куәландыратын мемлекеттік үлгідегі құжатты алуы үшін қажетті талап болып табылатын, жалпы орта білім беру ұйымдарында оларды қорытынды аттестаттау нысандарының бірі;2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 46) тармақша жаңа редакцияда (бұр.ред.қара)

46) оқу бағдарламасы – әрбір оқу пәні (сабақ) бойынша меңгерілуге тиісті білімнің, шеберліктің, дағдылар мен біліктіліктің мазмұны мен көлемін айқындайтын бағдарлама;

47) оқу жоспары - білім берудің тиісті деңгейіндегі оқу пәндерінің (предметтерінің) тізбесі мен көлемін, оларды зерделеу тәртібі мен бақылау нысандарын регламенттейтін құжат;

48) оқу-клиникалық орталығы - медициналық жоғары оқу орнының қазіргі заманғы аппаратурамен, фантомдармен және муляждармен жабдықталған және білім алушылардың және (немесе) медицина қызметкерлерінің практикалық (клиникалық) машықтарды меңгеруіне және оларды бақылауға арналған құрылымдық бөлімшесі;

49) орта білім - азаматтардың Қазақстан Республикасының Конституциясымен кепілдік берілген, білім берудің мемлекеттік жалпыға міндетті стандарттарына сәйкес бастауыш, негізгі орта және жалпы орта білім берудің жалпы білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеруі нәтижесінде алатын білімі;2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 49-1) тармақшамен толықтырылды

49-1) «Орта білім беретін үздік ұйым» гранты – облыстың, республикалық маңызы бар қаланың және астананың жергілікті атқарушы органдары мемлекеттік орта білім беру ұйымдарына рейтингілік көрсеткіштері негізінде конкурс қорытындылары бойынша жыл сайын бөлетін ақша;

50) педагог қызметкерлерді аттестаттау - педагог қызметкердің біліктілік деңгейінің біліктілік талаптарына сәйкестігін айқындау мақсатында жүргізілетін рәсім;

51) резидентура - клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім алу нысаны;

2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 51-1) тармақшамен толықтырылды

51-1) резидентура тыңдаушысы – клиникалық мамандықтар бойынша жоғары оқу орнынан кейінгі тереңдетілген медициналық білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын меңгеретін маман;

52) рухани (діни) білім беру ұйымдары - дін қызметшілерін даярлаудың кәсіптік оқу бағдарламаларын іске асыратын оқу орындары;

53) стипендия - білім алушыларға олардың тамағына, күнелтуіне және оқу әдебиетін сатып алуына жұмсалатын шығындарды ішінара жабу үшін берілетін ақша сомасы;



2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен 53-1) тармақшамен толықтырылды

53-1) студент – техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі және жоғары білім берудің білім беретін оқу бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымында оқитын адам;





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет