«әдеби тілдің арнайылығы оның сөздік құрамына және грамматикалық құрылымына қатысты алып қарағанда нормаланған тіл екендігінен көрініс береді. Диалектілерден, жаргондардан, ауызекі сөйлесу құралдарынан оның айырмасы мынада – әдеби тілді тарихи дамып отыратын әдеби нормалардан тысқары қарастыру ақылға сыйымды болмайды»
«Әдеби норма әдеби тілдің тұрпатты қолданылатын белгілі сөздер корпусын іріктеп алуды, олардың мағынасын айқындап, қолданылу ережелерін заңдастырып беруді діттейді»
«әдеби норманың өзі тарихилыққа қарсы болмауы, ағынға қарсы жүзбеуі, тілдің күйі мен даму үдерісіне кесе көлденең тұрмауы керектігін, тілдің нормасын жасаушылардың ғасырдан артта қалып қоймауы, тілде күні өтіп кеткенді, жойылып бара жатқанды сақтап қалуға тырыспауы керек»
Будагов Р.А
«Әдеби тіл дегеніміз – жалпыхалықтық тілдің хатқа түскен, белгілі-бір дәрежеде өңделген ерекше түрі»
«Әдеби тіл ең әуелі –ақ жазуға сүйенеді. Жазу стилінсіз әдеби тіл болмақ емес»
М.Әуезов
«Қазақтың әдеби тілін Абайдан басталады дейтін тілшілерге дау айтамыз. Абайдың алдындағы қазақ халқының көп ғасырдан келе жатқан мол эпостарындағы, ұзынды-қысқалы салттық, тарихтық жырларындағы шебер, көркем өлең үлгілеріндегі тілдерді ұмытуға бола ма?»