Қазақстан рспубликасы ғылым және білім министрлігі
Абдурахманова Нозли
Мен үшін, әдеби тіл — жалпыхалықтық тілдің белгілі жүйеге түскен, стильдік тармақтары сараланған, варваризм, жаргон, диалект, дөрекі сөздерден тазарған, шеберлер арқылы сұрыпталған түрі. Қазақ әдеби тілінің даму барысын дәуірлерге бөлу мәселесінде де орныққан бірыңғай пікір жоқ. Ол да – түсінікті. Өйткені бұл тілдің басталар тұсы мен әрі қарайғы даму бағыты әрқилы танылып келген соң, оның дәуірлерге бөлінісі де біркелкі болмақ емес. Қазақ әдеби тілінің даму көшін дәуірлерге бөлместен бұрын, оның басын қай кезден бастау алатындығы жайлы пікірлермен танысу қажет. Мұнда да біркелкілік жоқ. Қазақ әдеби тілінің басталар тұсы жайындағы көзқарастарды беске бөліп топтастыруға болады: Қазақ әдеби тілінің тарихын ертеден, көне түркі дәуірі- нен, ғұндар мемлекеті кезінен бастайды (Ғ.Мұсабаев II ға- сырдан, Ә.Марғұлан, Б.Кенжебаев V ғасырдан т.б.). Қазақ әдеби тілінің тарихы XVIII ғасырдан басталады (Қ.Жұмалиев, М.Балақаев т.б.). XIX ғасырдың II жартысынан басталады (Қ.Жұбанов, Н.Сауранбаев, С.Аманжолов, І.Кеңесбаев). Бұл тұжырымды ұстаушылар XIX ғасырдың II жартысына дейін де қазақта әдеби тілді танытатын үлгілер болды дегенді қоса айтады. Сірә, бұл жердегі пікір қазақтың ұлттық әдеби тілін көздей айтылған болу керек. Қазақ әдеби тілі Қазан революциясынан кейін басталады (Т.Қордабаев). Қазақтың төл әдеби тілі ауызша дамыған авторлы поэзия түрінде оның халық болып құралған кезеңінен, XV-ХVI ғасырлардан басталады, ал ескі жазба әдеби тілі XVI-ХVII ғасырлардан, жаңа ұлттық, жазба әдеби тілі XIX ғасырдың II жартысынан басталады (Р.Сыздықова, Қ.Өмірәлиев, Б.Әбілқасымов, А.Ысқақов, Ә.Құрышжанов т.б.).
Қорытындылай келе, ғалымдардың әдеби тілдің кезеңдерін дәуірлеу мәселесіне келгенде ойлары бір арнаға тоғыспағанын көреміз. Менің ойымша, қазақ әдеби тілі ауызша дамыған авторлы поэзия түрінде оның халық болып құралған кезеңінен, XV-ХVI ғасырлардан басталады. Егер кезеңге бөліп көрсетер болсам: Хандық дәуірдегі әдеби тіл (XV-ХVIII ғ.) XIX ғасырдың I жартысындағы әдеби тіл XIX ғасырдың II жартысындағы әдеби тіл XX ғасырдың 20 жылдарындағы әдеби тіл Советтік дәуірдегі әдеби тіл Пайдаланылған әдебиеттер: «Қазақ әдеби тілінің тарихы» М.Балақаев, Р.Сыздық, Е.Жанпейісов – 1968. «Қазақ тіл білімінің мәселелері» Сауранбаев Н. — Алматы, 1982. жүктеу/скачать 67,5 Kb. Достарыңызбен бөлісу: |