«Жазуы болмаған тiл әдеби тiл дәрежесiне көтерiле алмайды»
«Әдеби тiл дегенiмiз – жазба әдебиет арқылы жүйелi қалыпқа түскен, стильдiк тармақтары бар, қоғамдық қызметi әр алуан тiл»
Т. Қордабаев
«Әдеби тiл деп, әр алуан ғылыми-зерттеу еңбектерiнiң, саяси әдебиеттердiң, публицистиканың, газеттiң, журналдың, бiр сөзбен айтқанда баспасөздiң тiлiн айтамыз. Әдеби тiлдiң қалыптасуы үшiн жазу тiлiнiң, баспасөздiң болуы шарт»
Р. Сыздықова
«Әдеби тiл дегеннiң ең басты белгiсi – оның өңделген, сұрыпталған, нормаланған тiл болуы, бұл – бiр. Қызметi жағынан сол халықтың өмiрiнде ұйымдастырушы, қоғам мүшелерiнiң басын қосушы сипаты, яғни жалпыға ортақтық қасиетi болуға тиiс, бiрақ әдеби тiлдердiң бiр кезеңдердегi жазба түрлерiнде әрдайым соңғы белгiнiң болуы шарт емес. Әр нәрсенiң, әр құбылыстың заты (мән-мәнiсi, табиғаты) салыстыру арқылы, өзге құбылыстардың қарама-қарсысына қою арқылы таныла түседi. Әдеби тiлдi тану үшiн оның қарама-қарсысына қойылатын басты құбылыс – ауызекi сөйлеу тiлi. Бұл – үшiншi шарт. Әдеби тiл қолданылу тәжiрибесiнде қоғам сынынан өткен, нормаларын қоғам санасы дұрыс деп қабылдаған және ол нормалар барша үлгiлерге ортақ болуы шарт. Бұл – әдеби тiлдiң төртiншi сипаты» «көптеген халықтардың тарихында оның әдеби тiлiнiң қалыптасып дамуы көркем әдебиеттiң, соның iшiнде поэзияның бары мен барысына тiкелей қатысты болып келетiнiн бүгiнгi тiлтану теориясы мақұлдайды»
«Қазақ тiл бiлiмiнде «әдеби тiл» деген ұғымға тиянақты анықтама берiлмей келедi. Жалпы күнi бүгiнге дейiн «қазақ әдеби тiлi», «қазақ жазба әдеби тiлi», «қазақ ауыз әдеби тiлi», «қазақтың жалпыхалықтық тiлi» деген категориялар бiр-бiрiнен ажыратылып, әр қайсысы нақты анықтамаларға ие болған жоқ»