Қазақстан тарихы. 1 сынып. 30 минут (әрбір дұрыс жауап үшін балл)



Дата06.01.2022
өлшемі17,78 Kb.
#16677

Қазақстан тарихы.11 сынып. 30 минут (әрбір дұрыс жауап үшін 1 балл)

1.1728 ж. қазақ жүздері өкілдерінің жоңғарларға қарсы күресу үшін бас қосқан жері:


А) Қарақұм
В) Қарқорым
С) Балқаш маңында
D) Күңгіт маңында
Е) Орда басы

2. «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» аталған жыл


А) 1728 ж.
В) 1720 ж.
С) 1723 ж.
D) 1724 ж.
Е) 1725 ж.

3. Аңырақай шайқасы болған жыл:


А) 1723 ж.
В) 1725 ж.
С) 1726 ж.

D) 1728 ж.


Е) 1730 ж.

4. С. Датұлы көтерілісінің негізгі қозғаушы күші:

А) билер
В) жұмысшылар
С) батырлар
D) старшындар
Е) шаруалар

5. С. Датұлы бастаған Кіші жүз қазақтарының көтерлісі болды:

А) 1775-1787 жж.
В) 1785-1795 жж.
С) 1787- 1797 жж.

D) 1781-1787 жж


Е) 1783- 1797 жж.

6. 1785 жылы жазда Кіші жүз старшындарының съезінде қабылданған шешім:

А) Нұралыны тақтан тайдыру туралы
В) Салықты көбейту
С) Көтерілісті қолдау туралы
D) Хандық кеңесті күшейту
Е) Қазақтарға қарсы күшті топтастыру

7. Игельстромның жоспары бойынша Кіші жүздегі билік берілді

А) Хандық кеңеске

В) Шекаралық сотқа

С) Орынбор әкімшілігіне

Д) Старшындар тобына


Е) Аға сұлтанға

8. С. Датұлы көтерілісінің нәтижесі

А) Патша өкіметінің отарлау саясаты әлсіреді

В) Қазақтарға Жайықтың оң жағынан өтуге рұқсат етілді

С) Кіші жүздер 1797 жылы хандық билік жойылды

Д) Орыс-казак әскерінің қысымы жойылды


Е) Ру аралық қайшылықтар ұмытылды
9. Ішкі Бөкей ордасындағы ұлт азаттық көтеріліс созылды:
А) 10 жылға
В) 14 жылға
С) 2 жылға
D) 15 жылға
Е) 12 жылға

10. Махамбет пен Исатай бастаған шаруалар көтерілісі болған уақыт:


А) ХІХ ғасырдың ІІ -ші жартысында
В) XVIII ғасырдың ІІ -ші жартысында
С) XIX ғасырдың І-ші жартысында
D) XVIII ғасырдың І-ші жартысында
Е) XVII ғасырдың І-ші жартысында

11. Кенесары Қасымұлы бастаған көтеріліс болған жылдар:


А) 1837-1847 ж.
В) 1836- 1836 ж.
С) 1783- 1797 ж.
D) 1867- 1868 ж.
Е) 1773-1775 ж.

12. Сыр бойы қазақтарының XIX ғасырдың 50 жылғы азаттық күресін басқарған

А) Есет батыр

В) Ж.Нұрмұхамедұлы

С) К.Қасымұлы

Д) С.Датұлы

Е) И.Тайманұлы

13. XIX ғасырдың ортасында Есет батыр бастаған көтеріліс нәтижесі

А) Салык мөлшеріне шек қойылды

В) Патша өкіметінің отарлауын кешеуілдетті

С) Патша өкіметі көтерілісшілердің талабын орындауға уәде берді

Д) Есет Орынборда патша билігін мойындады

Е) Жазалаушы топтар талқандалды

14. 1868-1869 жж. көтеріліс себептерінің бірі:


А) Бекіністердің салынуы, салықтың көбеюі
Б) Қазақ хандарының басқаруындағы кемшіліктер
С) Жұмысшылар жалақысының азадығы
D) Қазақтарды отаршылдыққа мәжбүрлеу
Е) Хиуа хандығының озбырлығы

15. 1870 жылы Маңғыстаудағы көтерілістің басшылары

А) Рыскұлұлы, Досұлы

В) С.Түркібайұлы, Б.Оспанұлы

С) А.Қошайұлы, Л.Мантайұлы Д) Д.Тәжіұлы, И.Тіленбайұлы

Е) Х.Арсланұлы, Д.Асауұлы

16. 1870 жылы Маңғыстауда болған көтерілістің антифеодалдық сипатының әлсіз болу себебі:

А) Діни сипаты басым болды

В) Негізгі қозғаушы күш феодалдар болды

С) Жалдамалы жұмысшылар қатысты

Д) Буржуазиялық төңкеріс болды

Е) Адайлықтардың арасында рулық-патриархалдық құбылыстар сақталып қалды


17. 1867-1868 жылдардағы реформа негізінде генерал-губернатордың қолына шоғырланған билік:

А) Шаруашылық және әкімшілік

В) Азаматтық және уездік

С) Әскери және шекаралық

Д) Қаржылық және саяси

Е) Әскери және азаматтық

18. 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліске түрткі болған себеп:
А) Қазақтардан көптеген жерлер тартып алу
В) Патшалы Ресейдің тарапынан отарлық езгінің күшеюі
С) 19-дан 43 жасқа дейінгі адамдарды қара жұмысқа алу туралы патша жарлығы
D) Қазақтардан соғыс қажетіне тегін мал алу туралы патша жарлығы
E) Салықтың шамадан тыс көбеюі

19. 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыстың идеясы:

А) Буржуазиялық құндылықтарды қорғау
В) Социалистік құрылысты орнату
С) Империализмге, отаршылыққа қарсы
D) Ұлттық тәуелсіздік
E) Жалпыұлттық идеяны жою

20. XX ғасырда Ресей патша өкіметіне қарсы шыққан көтеріліс-

А) 1979 жылғы Целиноград оқиғасы

В) 1916 жылғы ұлт-азаттық қозғалыс

С) 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы

Д) 1991 жылғы тамыз төңкерісі



Е) 1929-1932 жылғы көтеріліс



Достарыңызбен бөлісу:




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет