Пайдаланылған әдебиеттер...............................................................................................................15
КІРІСПЕ
Қазақстан экономикасын ауқымды әртараптандыру жаһандық экономикалық дағдарыс жағдайларында елдің өндірістік және өнеркәсіптік салаларын дамытып,Қазақстан 1920-1930 жылдар аралығында, өте қысқа мерзімде аграрлы елден индустриялы елге айналды. Кейіннен барып қана, Қазақстан Республикасы жаңа реформалық агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017 – 2021 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасын бекіту туралы қаулыны қабылдап, 2018 жылдан бастап бекітеді. [4]
Зерттеу жобасының өзектілігі:Қазіргі әлемдегі Қазақстан пәнінің мақсатының бірі «Қазақстан Республикасының салалары», оның ішінде «Экономика» қызметіне сәйкес ең біріншіден қазақ халқының осы саладағы прогрессін анықтау ел үшін өте маңызды болып келетінін айқындайды. Қазақ елінде бұл мәселені шешуге бағытталған көптеген іс-шаралар жасалуда. Айта кететін болсақ, «Жаңа аграрлық әлем», «Құрылымдық және технологиялық әртараптандыру», тіпті жастардың қызығушылығын арттыру мақсатында өткізілетін старт-ап жобалар жарысы сияқты бағдарламалар қазақ аграрлы бизнесінің дамуына өзінің үлкен үлесін қосуда. Осыған байланысты Қазақстанның агроөнеркәсіптік іс шаралары мен потенциалын талдау арқылы «Қазақстандағы аграрлық бизнесті дамытудың маңызы қандай?» деген зерттеу тақырыбы өз байланысын табады және өнеркәсіптегі прогрессті бақылау жүзеге асырылады. Себебі, жаһанданумен қатар, аграрлы саламыздың ұмытылып бара жатуы бізді қате жолға жетелейді. Қазақ халқының көнеден келе жатқан мәдени мұрасын тек өз жерімізде ғана емес, әлемдік деңгейде де жаңғыртуымыз және болашаққа аманат қылып сақтап қалуымыз өте маңызды.
Жобаның басты мақсаты:Әлеуметтік зерттеудің түрлі әдістерін қолдана отырып, Қазақстандағы аграрлық бизнестің дамуының потенциалын және мүмкіндіктерін анықтау және алынған нәтижелерге сүйене отырып, дамыту жолдарын ұсыну.
Зерттеу жұмысының гипотезасы:Зерттеу нәтижесінде еліміздегі аграрлы бизнестің жалпы жағдайын және оның мемлекетіміз үшін маңызын анықтай аламын деген болжау жасаймын. Оған қоса, мемлекет тарапынан жасалынып жатқан іс-шараларды дамытуға бағытталған бірнеше қадамнан тұратын ұсыныс жасалынады.