Қазақстан тарихы (Қазіргі әлемдегі Қазақстан)


Зерттеу жұмысын жүргізу міндеттері



бет3/6
Дата16.10.2022
өлшемі1,12 Mb.
#43373
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
Сейтахмет Шырын 12А(курстық жұмыс)

Зерттеу жұмысын жүргізу міндеттері:

  • Аграрлы индустрия саласының статистикалық мәліметтерін жинап, өңдеу;

  • Аграрлы бизнес бастау жайында отандастардың ойын сауалнама арқылы анықтау;

  • Аграрлы бизнесте күн көріп жатқан кәсіпкерлердің өмірі жайында сұрастыру мақсатында сұхбат алу;

  • Жалпы Қазақстандағы осы саланың дамуының деңгейін анықтау;

  • Аграрлық өнеркәсіпті дамытқан жағдайдағы мүмкін жетістіктер мен оның мүмкіншіліктерін көрсету;

  • Қорытынды жасау;

  • Зерттеуді бағалау, яғни кері байланыс беру.

Зерттеу сұрақтары:

  1. Аграрлық бизнестің Қазақстанда алатын көрінісі қандай?

  2. Аграрлық индустрия саласы бойынша әлемдік деңгейде көш бастап тұрған елдердің ерекшеліктері неде және жеткен жетістіктері?

  3. Елімізде осы өнеркәсіпті дамыту қандай мүмкіндіктер береді және негізгі себептері қандай?

II. НЕГІЗГІ БӨЛІМ


2.1 Қазақстандағы аграрлық саланың жағдайы.
Аграрлық саясат — ауыл шаруашылығы мен бүкіл аграрлық-өнеркәсіптік комплексті әлеуметтік экономикалық тұрғыда ұдайы дамытуды қамтамасыз ететін шаралар жиынтығы. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2021 жылғы наурызда өткен Экономикалық Ынтымақтастық Ұйымның (ЭЫҰ) 14 – саммитінде сөйлеген сөзінде Қазақстан үшін дамудың басымдықтарының бірі-азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуді айқындады. [8] Ол дегеніміз тікелей ауылшаруашылығымен байланысты екенін айтады. Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінде Мәжілістің Аграрлық мәселелер жөніндегі комитетінің ұйымдастыруымен болған кездесуде де көкөніс нарығын болжаудың болмауы, азық-түлік базасының, ауыл шаруашылығы техникасы өндірісінің болмауы, ұн тарту проблемалары, тұрақтандыру азық-түлік қорларының тиімсіздігі атты проблемаларын атап өткен. 2021 жылғы 1 қыркүйекте өткізген кеңесінде де президентіміз Агроөнеркәсіптегі қылмыстық істердің жартысынан астамында субсидия талан-таражға салынғаны жайлы да айтты. [7] Тоқаевтың сөзінше, агроөнеркәсіп кешені қолданатын технологияның шамамен 90 пайызы ескіріп қалған. Соңғы бес жылда тек субсидиялауға 2 триллионнан астам қаржы бөлінген. Бірақ, өкінішке орай, агро саласында қозғалған қылмыстардың көп бөлігі оның талан-таражға салынуында болып отыр. Дегенмен еліміз осы саланы дамыту мақсатында бірнеше жобалар бастаған. [12] Атап өтетін болсам, Агроөнеркәсіптік кешенді дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған бағдарламасы, аграрлық бизнестің өрбуіне әсер ететін кооперациялану, бірлесе жұмыстар, Қазақстан Республикасы нормативтік құқықтық актілерінің ақпараттық-құқықтық жүйесіне енген Агроөнеркәсіптік кешенді және ауылдық аумақтарды дамытуды мемлекеттік реттеу туралы заңның қабылдануы оған дәлел.[3][4] Ауыл шаруашылығын дамытудың өзекті мәселелері мен перспективалары» тақырыбы бойынша парламенттік тыңдауда сенат төрағасы Мәулен Әшімбаев шешілуі тиіс проблемаларды атап айтты. Олар жайылым тапшылығы мәселесін шешу, жеке қосалқы шаруашылықтар мен ауыл шаруашылығы кооперациясын дамыту, ветеринария және агробиотехнология салаларын жақсарту, азық-түлік тауарларының бағасын реттеу және тағы өзге де агро мәселелер. [10] Елімізде жұмыс бағыты акцент алатын жалпы мал шаруашылығы субсидияларының саны 40-тан асады. Мал өнімдері мен сүт өнімдерінің өндіруі және экспорты қатынастары 2:1 қатынасындай. Өсімдік шаруашылығында керісінше, жеміс жидек, макарон, өсімдік майлары тәрізді өнімдердің импорты көбірек жүреді. Жеке қанттың импорты елімізде 97% құрайды. [9] Жастардың кіріктірілгендігінің белгісі ретінде агро холдингтермен бірлесе жұмыс атқаратын Қазақ Ұлттық аграрлық университеті бар.[2] Субсидиялардың бөліну жағдайына келер болсақ, кешенді даму бағдарламасына сай кооперативке біріккендерге субсидиялар берілетін болып шешілді. Ол дегеніміз жеке кіші бизнестердің бірігіп субсидия алу мүмкіндіктері пайда болды дегенді білдіреді. Айрықша көңіл бөлу 2015 жылдағы бөлінген 69 миллиард теңгенің субсидияға кеткені болды. Енді болашақта жоба барысында, 40 миллиардқа жуық ауқымды қамтитын 6-10 шақты субсидиялар түрі енгізілу үстінде. [7]



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет