Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1



бет54/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57
ҰЛТТЫҚ ЖОБАЛАР.


Ұлттық жобалар тізбесі


1. "Еңбек" нәтижелі еңбекпен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту" ұлттық жобасы.
2. "Саламатты ұлт" ұлттық жобасы.
3. "Білімді ұлт" ұлттық жобасы.
4. Сыбайлас жемқорлықты жою жөніндегі "Адалдық алаңы" ұлттық жобасы.
5. "Көзі ашық ұлт" ұлттық жобасы.
6. "Қауіпсіз ел" ұлттық жобасы.
7. Су ресурстарын басқару жөніндегі ұлттық жоба.
8. Кәсіпкерлікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
9. Бәсекелестікті дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
10. Агроөнеркәсіптік кешенді дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
11. "Бәсекеге қабілетті экономика" ұлттық жобасы.
12. "Digital Era Lifestyle (DigitEL)" ұлттық жобасы.
13. Сауданы дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
14. Аумақтық даму жөніндегі ұлттық жоба.
15. "Жасыл Қазақстан" ұлттық жобасы.
16. Ғылымды дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
17. "Тәуелсіздік ұрпағы" ұлттық жобасы.
18. Геологиялық барлау саласын дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
19. Электр энергетикасын дамыту жөніндегі ұлттық жоба.
20. Мұнай-газ-химия саласын дамыту жөніндегі ұлттық жоба.

[22:50, 06.12.2022] Ақнұр: 103 суракка жауапҰлттық тарихты ұғыну бойынша стратегиялық мақсаттарды Мемлекет басшысы өзінің Тарих толқынында кітабында 1999 жылы қамтыған. 2003 жылы Президент Қазақстан халқына Жолдауында Мәдени мұра атты теңдессіз бағдарламаға бастамашы болды. Бағдарламаны іске асыру кезінде елімізде тарих саласында көптеген жұмыстар атқарылды. Тарихи естеліктер мен әділдікті қалпына келтіруге бағытталған ғылыми зерттеулер жүргізіліп, мақалалар мен монографиялар және кітаптар дайындалды. Ұлттық тарихты зерттеу мен оның мәнін ұғыну идеясын Президент Қазақстан-2050 стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты атты тарихи Жолдауында тарқата түсті.

Елбасы біздің ортақ сәйкестігіміз халықтың тарихи сана-сезімінің арқауы болуы тиіс екендігін айта келе, Халық тарих толқынында атауымен тарихи зерттеулердің арнайы бағдарламасын әзірлеу мақсат-міндетін жүктеді. Оның басты мақсаты - ұлттың жаңа тарихи дүниетанымын қалыптастыру. Тарихи өткенге сүйенбей - болашақ мүмкін емес. Қазіргі кезде әлемде мән-мағына мен құндылықтардың күресі жүріп жатыр. Көптеген түрлі түсініктер біздің ұлттық тарихымызда да кездесіп жатады.
[22:50, 06.12.2022] Ақнұр: Тұңғыш Президентіміздің тарихи көзқарасы бірде эволюциялық, бірде революциялық сипатта қалыптасты. Мәселен, саяси қуғын-сүргін құрбандарын, Алаш арыстарын ақтауға, кәмпеске мен ауыл шаруашылығын ұжымдастыру ақ-қарасын анықтауға комиссиялар құруы тоталитарлық ой-санамен біржолата атқұйрығын кесіскенін бейнелесе, ұлттық тарих жылын жариялауы (1998), «Тарих толқынында» кітабының дүниеге келуі (1999) эволюциялық кемелденудің жұлдызды сәттері екен.

Тарихты зерттеуде ғана емес, оны түзуде де эволюциялық қағидатқа басымдық беру түпкілікті орнағаны «Мәдени мұра», «Халық тарих толқынында» бағдарламаларынан, Қазақ хандығының 550 жылдығын ұлықтаудан, «Тәуелсіздік дәуірі» кітабынан барынша жарқырай көрінді. Бұлар айтуға ғана жеңіл белестер мен өзгерістер.Дегенмен ұлттық тарихнамаға Елбасы әкелген эволюция мен диалектиканың, жаңашылдық пен серпілістің алтын тәжі былтырғы «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру», биылғы «Ұлы даланың жеті қыры» мақалалары дер едім. Бұл екі еңбек тәуелсіз Қазақстанда бұрынғыдан мүлде өзгеше жаңа тарих ғылымы қалыптасқанын тиянақтады.

Елбасы мақаласы ғылыми жаңалық ашуды, ғылыми нәтижені дәлелдеуді көздемейді. Оны оқыған жан автордың ғылыми әлемі мен танымы аса биік жаңа деңгейге көшкенін, оның өзегі гуманитарлық жаңа ғылымды орнықтыру екенін күмән-күдіксіз қабылдайды. Бұл – бір.

Екіншіден, тарих пен қазіргі заманды, ғылым мен практиканы қазақ топырағында ұштастырудың үздік моделін тапқанына көзі жетеді. Өйткені мақала тілімен айтсақ, «уақыт пен кеңістіктің көкжиегі тоғысқан кезде ұлт тарихы басталады».

Осыншама ауқымды да күрделі тақырыпқа қалам сілтеген Президенттің көздегені не? Мәселенің мәнісі былайша түйінделген: «Көпқырлы әрі ауқымды тарихымызды дұрыс түсініп, қабылдай білуіміз керек. Біз басқа халықтардың рөлін төмендетіп, өзіміздің ұлылығымызды көрсетейін деп отырғанымыз жоқ. Ең бастысы, біз нақты ғылыми деректерге сүйене отырып, жаһандық тарихтағы өз рөлімізді байыппен әрі дұрыс пайымдауға тиіспіз».Бұл сөздерді әркім өзінің кәсібіне, өмірлік тәжірибесіне, дүниетанымына, ақыл-ойының өресіне қарай қабылдайды. Біреу үшін теориялық немесе методологиялық бағдар берсе, екіншілерге оптимистік көңіл-күй сыйлауы мүмкін. Басқа да себеп-салдары бары сөзсіз. Менің пайымдауымша, жоғарыда келтірілген дәйексөз, тіпті, бүкіл мақала Елбасымыздың өзіне тиесілі Конституциялық миссияны – елдің ішкі және сыртқы саясатын ғылым саласында анықтауды толық әрі мүлтіксіз орындағанын айғақтайды.

21 қараша күні, сәрсенбінің сәтінде «Ұлы Даланың жеті қыры» мақаласымен дәйектелген саясат бүкілхалықтық қолдау тапты. Сол себепті миллиондардың күнделікті практикалық ісіне айналды. Бұл жұмысты алты ірі жобалар – Архив-2025, Ұлы даланың ұлы есімдері, түркі әлемінің генезисі, Ұлы даланың ежелгі өнер және технологиялар музейі, дала фольклоры мен музыкасының мың жылы, тарихтың кино өнері мен телевизиядағы көрінісі аясында атқару қолға алынады. Түпкі нәтижесі тарихи сананы жаңғырту болмақ.

Рухани жаңғыруда, қоғамдық сананы жаңғыртуда болжамды межеге тез арада, жылдам жетуге тырысу әрқашан өзін ақтай бермейді. Жеті рет өлшеп-пішіп, бір кескен ұтады. Асықпайық дегенге бөгеліп те қалмайық. Ғылыми зерттеу үдерісінде еңбекті ғылыми ұйымдастыра алғанның мерейі үстем түседі


104 суракка жауап. Еуразия жауапймағында ұлаңғайыр аумақты мекендеген еліміздің тәуелсіздік алғаннан кейінгі тарихы Батыс пен Шығыс өркениеттерінің тоғысқан аймағы ретінде 130-тан астам ұлттар мен 18 конфессия өкілдерінің отанына айналды. Елбасы Нұрсұлтан Әбішұлы өзге этнос өкілдеріне қамқорлық танытып, конфессия өкілдерінің ұстанымдарына түсіністік таныта отырып, мемлекеттігіміздің тұғырлығын әлемге әйгілеп келеді. Халқымыз ұлтаралық және дінаралық ынтымақтастыққа бастайтын құндылықтарды халықаралық алаңда да насихаттауда. Конфессияаралық келісімді орнату, бейбітшілік пен өзара төзімділік құндылықтарын насихаттау арқылы Қазақстан әлемдік саясатта жоғары құрмет пен беделге ие болды. Жаһандық алаңда көптеген елдердің сенімді әріптесіне айналды.
Бүгінгі таңда мемлекеттің дін саласындағы саясаты дінаралық келісімді сақтауды, діндердің үнқатысуына серпін беру және қоғамдағы өзара діни төзімділікті насихаттауды көздейді. Қазақстанның осы жолда қол жеткізген жетістіктерін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстанның ЕҚЫҰ-дағы төрағалық міндетіне кірісуі кезінде «біздің ұлтаралық және дінаралық келісімнің моделі – бүкіл әлемдегі түрлі конфессиялар арасындағы қарым-қатынас ісіне Қазақстанның қосқан қомақты үлесі» деп бағалаған.
Конфессияаралық келісім – Қазақстан халқы үшін өзара түсіністікті қажет ететін қастерлі құндылық. Әр түрлі конфессия өкілдерімен достық қарым-қатынас орнатып, оларға қамқорлық таныту саясаттан бөлек адамгершілік құндылық болып табылады. Қазақстанның әлемдік және дәстүрлі діндер арасында сенімді байланыстар орнықтыратын өркениетаралық үнқатысу алаңына айналуы – Елбасының жаһандық үнқатысуға бағытталған мемлекеттік саясатты тиімді жүргізудің нәтижесі. Оның жемісін Елордамызда үш жыл сайын өткізілетін Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезінің жұмысы арқылы көрсетудеміз.Мағыналы конфессияаралық орталық болып қалыптасқан Әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлері съезі төңірегінде діни қауымдастықтар өзара түсіністік пен сыйластық табуда. Сонымен қатар, съезд әлемдік және дәстүрлі діндер лидерлерінің қазіргі заманғы шешімін таппаған жаһандық проблемаларды бірлесе шешуге бағдарланған мағыналы жиыны болып отыр. Елбасының бастамасымен жүзеге асырылған аса өзекті де, ауқымды бұл жобаға БҰҰ және ЮНЕСКО секілді басқа да көптеген халықаралық ұйымдардың жетекшілері, белгілі саяси қайраткерлер, әлемдік сарапшылар жоғары баға беруде..

Мемлекеттің дінге қатысты ұстанымын ең алдымен оның заңдарынан көруге болады. Елімізде діни ахуалды реттейтін Қазақстан Республикасының 2011 жылдың 11 қазанында қабылданған «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының преамбуласында ханафи бағытындағы исламның және православтық христиандықтың халық мәдениетінің дамуы мен рухани өміріндегі тарихи рөлі танылатындығы атап көрсетілген. Бұл – ислам дінінің қазақ мемлекеттілігінің және халықтың рухани-мәдени құндылықтарының қалыптасуына негіз болғандығын, сондай-ақ соңғы үш ғасырлық тарихы қазақ елімен ортақ, әрі көптеген этностардың дәстүрлі діні саналатын православиелік христиандықтың Қазақстан халқының өміріндегі рухани-мәдени маңызын айғақтайды. Сонымен қатар, бұл Заң Қазақстан халқының рухани мұрасымен үйлесетін басқа да діндерді құрметтейтінін, конфессияаралық келісімнің, діни тағаттылықтың және азаматтардың діни нанымдарын құрметтеудің маңыздылығын танитынын негізге алады Қазақстанның дін саласындағы саясаты – конфессияаралық келісімнің, діни ахуалдың тұрақтылығының кепілі. Ел аумағындағы барлық діндердің теңдігін қамтамасыз ету үшін әділеттілік қағидаты мен дінаралық татулық санасын қалыптастыру мәселесі мемлекет үшін де, қоғам үшін де өте маңызды. Сондықтан мемлекеттің дін саласындағы саясаты елдегі діни тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін тек дәстүрлі діндердің ғана емес, барлық діндердің арасында өзара келісімге негізделген қарым-қатынастардың сақталуын басты мақсат деп біледі.


105 суракка жауап. Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Тәуелсіздік бәрінен қымбат» мақаласы – халқымыздың өткеніне мен бүгінін бағалайтын, болашағына бағдар беретін парасатты жолы болды. Президент өз мақаласында Тәуелсіздік алғанымызға биыл отыз толатынын, осы жылдар ішінде мемлекетіміздің дағдарысы мен дамуы алмасқан мезгіл болғанын, Тарих атты шежіре атамызға бұл отыз жыл қас-қағым сәт болғанымен, біздің еліміз үшін тәуелсіздік тұғырын тұрақтандырған, ұлттық құндылықтарымызды саралап қалыптастырған қиыншылықты қуанышпен алмастырған кезең екендігіне тоқтала, азаттықтың отыз жылын тұтас дәуір ретінде қарастырып, үш үлкен кезеңге бөледі.Әрбір онжылдықтың мемлекетіміз үшін өзіндік орны бар екенін парасатты түрде пайымдап, алғашқы онжылдықты жас мемлекетіміздің Тәуелсіздік туын тіккен, мемлекеттің іргетасын қалаған белесі деп, Ата заңымыз қабылданып, ұлттық валютамыз – теңгенің қаржы айналымына енгенін, еліміздің қорғаны Қарулы Күштеріміз құрылған, саяси-экономикалық аренада алыс және таяу шетелдік елдермен, тіпті АҚШ, Түркия, Жапония, Қытай, Ресей, Сауд Арабиясы алпауыт мемлекеттермен дипломатиялық қатынастар орнатып, әлемдегі беделді халықаралық ұйымдарға мүше болғанын атап өтіп, алғашқы онжылдықта Қазақстан өзінің Азия барысы ретінде таныла бастағаны туралы және бұндай ізгілікті қадамдардың еліміз үшін өте маңызды болғанын талдап көрсетті
«Қазақстан-2030» стратегиясы еліміздің Нарықтық экономикаға көшуіне, тағдырдың тәлкегімен, тоталитарлық жүйенің теперешінен әлемге тарыдай шашылған қазақ халқының атамекеніне қайта оралуына кеңінен жол ашқан Ұлы көштің бастауы болғанын және бұл Ұлы көш жоғалтқанымызды тауып, жоғымызды қайта тапқан ұлттық рухымызды көтеріп ел еңсенін тіктеген маңызды белес екенін баяндады. Келесі онжылдықтың тәуелсіздігімізді тұғырлы ететін нақты да маңызды шара – құрлықтағы барлық шекарамызды айқындап, халқымыздың асыл қазынасы, ата-баба мұратын, аманатын, тарихымызды қастерлейтін «Мәдени мұра» бағдарламасы қабылданып, еліміздің басты экологоиялық мәселелеріне басты назар аударылып, кепкен Арал теңізін қалпына келтіру шарасы қолға алынып, еліміздің экономикасы нығайғанын атап өтті.

Үшінші онжылдықтағы «Қазақстан-2050» стратегиясы, әр бағыт бойынша «Үдемелі индустриялық-инновациялық даму», «Нұрлы жол» «100 нақты қадам» секілді көлемді игі шаралардың жүзеге асырылып, рухани жаңғырудың жаңа кезеңі басталған маңызды кезең екендігіне тоқталып, басты бағдарламалар мен жобаларды «мақаланың «бағда мен белес» атты тарауды нақты атап көрсетті. Президентіміздің бұл мақаласы халқымыздың өткені мен бүгініне нақты баға берген, болашағына бағдар беріп, «Жоңғар шапқыншылығы кезінде «Ақ табан шұбырынды, Алқакөл сұламаны» басынан кешкен, патшалық Ресейдің боданы болған, коммунисттік тоталитарлық жүйенің де «ашаршылық» пен репрессиясын, Ұлы Отан соғысын басынан кешкен біздің ел үшін Тәуелсіздіктің маңызы зор екенін, Тәуелсіздік тұғырының берік болуы Қазақстан халықтарының ынтымақтастығы мен береке-бірлігінде атап көрсеткен, болашақ ұрпағымыздың жарқын болашағы үшін еңбек етуге шақырған әлеуметтік-тәрбиелік саяси мәні зор мақала болды.


106  Қаңтар оқиғасы. «Қасіретті қаңтар» оқиғалары қазақ еліне сын болды. Қазақстанымыздың бейбіт аспанын қара бұлт торлады. Елдік пен тәуелсіздікке тірек болған асқаралы арман, асыл мұраттар адыра қалғандай болды. Ұлт тағдыры, ұрпақ болашағы талқыға түскен тарихи сәтте бейбіт халқымыздың байсалдылығы, ел басшылығының батыл қадамдары елдікті сақтап, мемлекетімізді тұрақты қалыпқа қайтарды. 2022 жылғы 1 қаңтар. Мерекелік демалыс күндері.Жаңаөзен қаласының әкімшілігінің алдына жиналып газ бағасын төмендетуді талап етті.Халықтың ашынуы әділетті еді. 2022 жылғы 2 қаңтар. Жаңаөзенде халық тарқамай,керісінше саны артып 600 ге жетті. Адамдар көшелер мен жолдарды жапты. 2022 жылғы 3 қаңтар. Газ бағасы тұрақтандырылса,қарсылық та тоқтайтын еді. Шенеуніктер оған назар аудармай,халықты одан әрі ашуландыра бастады. Ереуілге шыққандардың саны 5 500-ден асты. Ақтау қаласы әкімдігінің алдына жиналған халық түнде жолдарға тосқауыл қойды Оларға өзге өңірлердегі жұртшылық қолдау көрсетті: еліміздің 7 өңірінде бейбіт митингілер басталды. 2022 жылғы 4 қаңтарда құзырлы органдар айтуынша,республика бойынша көтерілісшілер 37мың адамға жеткен. Газ бағасы 50тг болып өзгертілді.Алайда, кей өңірлерде қарсылық тоқтамады.Үкімет отставкаға кетсін деген секілды саяси талап койыла бастады. Алматыда 32 полицейлік және әскери көлік, 5 өрт сөндіру машинасы, 30-дан астам жедел жәрдем көлігі бұзылып, өртелді. Шымкентте бір тәулік ішінде 21 полицейлік көлік қиратылып, өртелген. Ұлттық ұланның 5 жауынгері, 15 полицей соққыға жығылған. 2022 жылғы 5 қаңтарда бүлік Қазақстанның көптеген өңірін жайлады. Бейбіт шерулерді лаңкестік шабуылдар алмастырды. Қатыгез қанішерлердің суық қаруланып алғаны да мәлім болды. Алматы және өзге қалаларда атыс пен жарылыс дүмпуі жұртшылықты жаппай шулатып, елге үрей туғызды 5 қаңтар күні Президент Қасым-Жомарт Тоқаев елімізде қалыптасқан жағдайға байланысты мәлімдеме жасап, халыққа басу айтты. – Баршаңызға айтарым: іштен және сырттан болған сан түрлі жалған ақпаратқа сеніп, ереуілге салынған топтың қитұрқы әрекеттері мен тәртіпсіздікке ермей, парасатпен және ақылмен ғана шешім қабылдауға шақырамын. Азаматтық және әскери мақсаттағы қызметтік ғимараттарға шабуыл жасауға үндейтін ұрандар мүлдем заңға қайшы келеді. Бұл – өрескел қылмыстық әрекет. Билік құламайды. Ал жастарға айтарым: жарқын болашақтарыңа балта шаппаңыздар, жақындарыңыз бен туғантуысқандарыңыздың жағдайын ойлаңыздар! – деп сабырға шақырды. Мемлекет басшысы жедел шаралар қабылдап, «Алматы қаласы мен Маңғыстау облысында 2022 жылғы 5 қаңтардағы сағат 01.30-дан 2022 жылғы 19 қаңтардың сағат 00.00 кезеңі аралығында төтенше жағдай енгізу туралы» Жарлыққа қол қойды. Құзырлы органдар дерегінше қылмыстарға қатысушылар саны 50мыңнан асты. Түнде Алматы қаласы әкімдігін басып алып,қиратып,құжаттарды жойып жіберген Бүлікшілердің қолына 1,5 мың бірліктен астам арсенал түсті. Куәгерлер түсірген әуесқой видеожазбалардың бірінде топ ортасына келіп тоқтаған нөмірі жоқ көліктен бүлікшілерге қару-жарақ таратылып жатқаны бейнеленген. 5 қаңтарда ел Президенті Қазақстан халқына екінші қайтара үндеумен жүгінді. Оның алдында ол барлық өңірде төтенше жағдай енгізген болатын. Елдегі ахуалдың өте күрделі екенін ашық айтқан Қ.Тоқаев Алматыда құқық қорғау қызметкерлеріне жаппай шабуыл жасалып жатқанын, қаза тапқандар, жараланғандар барын жеткізді. 6 қаңтарда Қауіпсіздік Кеңесінің отырысын өткізген Қ.Тоқаев «террористерге қарсы штабты өзі басқаратынын» жариялады. 5 қаңтардың кешінде бүлікшілердің үлкен тобы Алматы халықаралық әуежайын басып алды. Бейбіт шерушілерге мегаполистің әуе қақпасын басып алудың еш қажеті жоқ екені даусыз. Бұл – шетелден басқыншылар басып кіруін қарастыратын гибридті соғыстар кезінде пайдаланылатын тәсіл екені мәлім.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет