Яғни, ұйымға мүше болуы арқылы осы елдер арасында кедендік салықтың деңгейі төмендеп, алыс-беріс жеңілдейді. Тиісінше, баға арзандап, инвестиция тартуға жол ашылады
Яғни, ұйымға мүше болуы арқылы осы елдер арасында кедендік салықтың деңгейі төмендеп, алыс-беріс жеңілдейді. Тиісінше, баға арзандап, инвестиция тартуға жол ашылады.
Қазақ Үкіметі осы ұйымға мүше болу үшін аз тер төккен жоқ. Келіссөздер 20 жыл жүрді. Нәтижесінде биыл заңды түрде Дүниежүзілік сауда ұйымының мүшесі болды.
Осы апта Кенияда Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше елдердің оныншы министрлік конференциясы өтті. Найробиге әлемнің 162 елінен делегат келді. Қазақстаннан халықаралық жиынға Экономикалық интеграция істері жөніндегі министр Жанар Айтжанова бастаған ресми делегация қатысты.
Дүниежүзілік сауда ұйымына мүше болуға Қазақстан 1996 жылы 29 қаңтарда өтініш берген. Яғни, ұйымның құрылғанына бір жыл өтер-өтпестен оған қызығушылық танытқан.
Алайда, келіссөздер 20 жылға жуық уақытқа созылып, тек биыл 27-шілдеде Женева қаласында Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қатысуымен өткен конференцияда Қазақстанды ұйымға қабылдау туралы шешім шығарылды
ДВҚ Қазақстанның демократиялық таңдауы — Қазақстанда 2001 жылы министр және кәсіпкер Мұхтар Әблязов пен Павлодар облысының әкімі Ғалымжан Жақиянов құрған қоғамдық-саяси қозғалыс. Қозғалыс өзінің мақсатын «Қазақстанда түбегейлі демократиялық өзгерістер жүргізу үшін қазақстандық қоғамдағы барлық салауатты күштерді топтастыру» деп мәлімдейді 102 СҰРАҚ Экономиканы дамытудағы «Нұрлы жол», «100 нақты қадам» бағдарламаларының жүзеге асырылуы. 2025 жылға дейінгі «Ұлттық даму жоспары». Ұлттық жобалар.
Мемлекет басшысының «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» Қазақстан халқына Жолдауында жария етілген еліміздің жаңа экономикалық саясатын іске асыру мақсатында «Нұрлы Жол» мемлекеттік бағдарламасы қабылданғанын қазақстандықтар жақсы біледі. Бұл бағдарлама әлемдік экономиканың өсімі бәсеңдеген және экспортқа шығарылатын тауарлар мен шикізат түрлерінің құны төмендеген қазіргі жағдайда іскерлік белсенділікті арттырып, халықты жұмыспен қамтуға, сондай-ақ барлық саланың дамуына серпіліс беретін басты құрал болды.
«Нұрлы Жол» бағдарламасы елімізде тиімді инфрақұрылымдық қағидаттар негізінде макроөңірлік интеграциялау жолымен бірыңғай экономикалық нарық құруға бағытталған.
Президенттің «Нұрлы Жол – болашаққа бастар жол» атты Жолдауы ең алдымен, әлемдік экономикадағы тұрақсыз жағдайлар аясында дағдарысқа қарсы және ынталандырушы шаралар бағдарламасы ретінде қабылданады. Жаңа жолдар құрылысы, инфрақұрылымды дамыту, шағын және орта бизнесті қолдау – мұның барлығы ұлттық экономиканың құрылысын тұрақты әртараптандыру кепілі болып табылады.
Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Назарбаевтың 2015 жылдың мамыр айында ұсынған «100 нақты қадам» Ұлт жоспары еліміздің уақыт талабына сай дамуына, заман сұранысына лайықты жауап беретін ауқымды шараларды жүзеге асыруға оң ықпалын тигізіп келеді.
Сондай-ақ ел дамуының негізгі бағдары ретінде белгіленген бұл құжатта көрсетілген міндеттердің орындалуы жаңа қазақстандық арманға қол жеткізудің төте жолы ретінде бағаланып отыр.
Қоғамымыздағы түрлі мәселелерге жаңаша көзқараспен қарап, оларды қазіргі кезеңнің талабы мен мүмкіндіктерін ескере отырып шешу аса маңызды. Бұл орайда басты міндеттер екшеліп, сарапталып қана қоймай, оны ойдағыдай жүзеге асырудың нақты жолдары көрсетілген «100 нақты қадам» Ұлт жоспарының жөні бөлек.
Қазіргі таңда халқымыздың мүддесі, қажеттілігі, талап-тілегі барынша ескерілген Ұлт жоспарының басым бағыттары, негізгі қадамдары өз деңгейінде орындалып келеді. Мұның айқын мысалын мемлекеттік кәсіби аппарат құру, есеп беретін мемлекетті қалыптастыру, заң үстемдігін қамтамасыз ету, индустрияландыру және экономикалық өсімге қол жеткізу, біртектілік пен бірлік қағидаттарынан туындайтын міндеттерді орындау бағыттарында жүйелі түрде жүргізілген жұмыстардың нәтижесінен көруге болады.
Жалпы, «100 нақты қадам» Ұлт жоспары қоғамдық жаңа қатынастардың, соны функциялардың, сондай-ақ жаңа, жетілдірілген институттардың қалыптасып, орнығуына кеңінен жол ашты. Бұл еліміздің заман талаптарына икемделе отырып дамуының мол мүмкіндігіне ие екенін аңғартады.
Қазақстан Республикасының 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары (бұдан әрі - Елдің 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспары) мемлекеттік жоспарлау жүйесіндегі бірінші деңгейдегі құжат болып табылады және Қазақстанның 2050 жылға дейінгі ұзақ мерзімді даму стратегиясын іске асыру үшін әзірленді.
Елдің 2025 жылға дейінгі Ұлттық даму жоспарының жаңа редакциясы коронадағдарыстың салдарын жоюға және анағұрлым орнықты және инклюзивті экономика үшін экономикалық өсуді жеделдету факторларын дамытуға бағытталған, елдің орта мерзімді кезеңдегі жаңа экономикалық бағдарының негізгі өлшемдерін қалыптастырады.