Қазақстан тарихы билет жауаптары Дариға 1



бет24/57
Дата02.03.2023
өлшемі430,63 Kb.
#71351
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57
Байланысты:
тарих

43.
Жоңғар хандығы (ескі моңғол жазуы ᠵᠡᠭᠦᠨ
ᠭᠠᠷ
ᠤᠨ
ᠬᠠᠭᠠᠨᠲᠣ
ᠣᠯᠣᠰ; jegün γar-un qaγan-tu ulus, қалм. Зүн Һарин хаана улс; моңғ. Зүүнгарын хаант улс) – Батыс Моңғолияда XVII ғасырдың 30-жылдарына қарай төрт ойрат тайпасының бірігуі негізінде құрылған мемлекет.
Бірқатар тарихшылардың пікірінше, Жоңғар хандығы ойрат-моңғолдардан шыққан. Өзінің ең керемет өркендеп-гүлденген шағында бұл мемлекет солтүстігінде Оңтүстік Сібірден бастап оңтүстігінде қазіргі Қырғызстанға дейінгі, шығысында Ұлы Қытай қорғанынан бастап батысындағы қазіргі Қазақстанға дейінгі аумақты алып жатқан. Қытайдың солтүстік батысындағы Жоңғария өлкесі Жоңғар хандығының орталығы болып саналады. XVII ғасырдың алғашқы ширегінде ойрат деген атпен танымал батыс моңғолдар Жоңғарияға келеді. 1678 жылы Галдан Далай Ламадан Бошогту Хан атағын алады да, ойраттар құрамындағы жоңғарлар жетекші тайпа болып шыға келеді. Жоңғар билеушілерінің өздері бұрын Шыңғысхан ұрпағы иеленіп келген Қоңтайшы атағын қолданған. 1680-1688 жылдары жоңғарлар оңтүстік Шыңжаңдағы Қашқар жазығын басып алып, шығысында халха моңғолдарды жеңеді. 1696 жылы Галдан Цин Империясынан жеңіліп, Сыртқы Моңғолия жерінен айырылып қалады. 1717 жылы жоңғарлар Тибетті жаулап алады, алайда бір жылдан кейін оларды ол жерден Цин әулеті қуып шығады. Жоңғарияның билеуші элитасының ішіндегі өзара алауыздықты пайдаланған манчжурлар 1755 жылы хандықты жойып жібереді. Жоңғар хандығының жойылуы Цин империясының Моңғолия мен Тибетті жаулауына және Шыңжаңның жаңа әкімшілік бірлік ретінде құрылуына алып келді. Олар Батыс Монғолия мен Жоңғария далаларын мекендеді. Монғол империясы жойылуы (1368) салдарынан туған феодалдық талас-тартыстар кезінде ойрат және шығыс монғол билеушілерінің арасында неше дүркін қанды соғыстар болды. Бұл қырқысулардың түпкі себебі Қытайға апаратын сауда жолдарын иемдену еді. 15 ғасырдың 1-жартысында ойрат билеушілері Тогон (1418-1440), Эсен (1440-1455) өздерінің Шығыс Монғолиядан шыққан қарсыластарына бірнеше рет күйрете соққы беріп, бүкіл Монғолияға билік жүргізді. Алайда 15 ғасырдың 2-жартысында ойрат феодалдары жеңіліске ұшырап, бұл биліктен айрылды. Олардың Қытай рыноктарымен байланысы үзілді. Мұның өзі ойрат қоғамының экономикасына зардабын тигізбей қойған жоқ. Көршілес отырықшы елдермен сауда жасау мүмкіндігінен қол үзген және Моғолстан мен қазақ хандарынан жеңіліс тауып, көшпелі жайылымдарынан айрылған ойрат феодалдары 16 ғасырдың ақырында қиын жағдайға ұшырады. Бұл дағдарыстың одан әрі тереңдей түсуіне хан мен нояндар әулетінен шыққандардын өкімет билігіне таласуы үлкен себеп болды. Осындай ішкі және сыртқы саяси жағдайда феодалдық бытыраңқылықты жою, ойрат феодалдарының таптық мақсат-мүддесін қорғайтын бір орталыққа бағынған мемлекет құруына күн тәртібіне қойылды. Бұл міндетті шешуді Шорас (Чорос) аймағынын билеушісі Хара Хула бастады. Ал оның баласы Батыр (Батур) қонтайшы тұсында (1635-1653) Жоңғар мемлекетті құрылды.
Жоңғар хандығының құрылуы және оның басқыншылық саясаты.
1635 жылы ойрат тайпалары бірігіп Жоңғар хандығын құрды. Бұл хандықтың құрылуына, біріншіден, жоңғар коғамындағы феодалдық қатынастардың дамуы әсер етсе, екіншіден, Батур қонтайшының жеке өзі де ерекше рөл атқарды. Бір орталыққа бағынған қуатты Жоңғар хандығының пайда болуы қазақ-жоңғар қатынасының сипатын өзгертті. Жоңғар хандығы Шығыс Түркістанды жаулап алғаннан кейін, бағытын Қазақстан мен Орталық Азияға бұрып, Сырдария өзенінің аңғары мен Жетісу өңірін басып алуға ұмтылды. Бұл уақытта Жоңғар хандығының басына Қалдан Серен келген еді.
Жоңғар хандығы сыртқы саясатта екіжүзділік керсетті: бір жағынан, олар жүз жыл бойы Цин империясын Орталық Азияға жолатпай, өз тәуелсіздігі үшін әділ корғаныс соғысын жүргізсе, екінші жағынан, өздерінің батыстағы түркі тектес көршілеріне қарсы басқыншылық саясатын ұстанды. Сондықтан да қазақ, өзбек, кырғыз халықтарының жоңғарларға қарсы күресі азаттық сипат алды. Ұрыстың ауыртпалығы ойрат феодалдарының шабуылына төтеп беріп отырған қазақтарға түсті. Жоңғар хандығы басшыларының ұстанған басқыншылық саясаты қазақ-жоңғар қатынастарын барынша шиеленістірді. Жойқын шайқастарда қазақтар жағы да айтарлықтай ерлік көрсетіп жеңіске жетіп отырды. Соның бір мысалы Жәңгір хан ұйымдастырган әйгілі Орбұлақ шайқасы.

44.
Жоңғар шапқыншылығына қарсы қазақ халқының күресі
XVIII ғасырдың басында Қазақ хандығының сыртқы саяси жағдайы шиеленісті. Тәуке хан өзара тартыстарды уақытша тыйып, тыныштықты қалпына келтірген еді. Алайда сұлтандардың өз алдына оқшауланып, билік үшін күресуі көп ұзамай бірлікті бұзды. Қазақ қоғамының өз ішінде дағдарысты құбылыстар етек алды: көшпелі ұжымдар арасында ынтымақ болмады, алауыздық етек алып, рулық тартыс, билік үшін ішкі саяси күрес күшейді. Ал бұл жағдайды көршілер дереу пайдаланды. Жан-жақтан: солтүстік пен батыстан – Ресей мемлекетінің, шығыстан – жоңғарлардың, оңтүстіктен – Орта Азия хандықтарының саяси қысым жасауы айқын аңғарылды. Қазақ халқы үшін ең басты қауіп – Жоңғар хандығы тарапынан төнді. XVIII ғасырдың басында жоңғарлардың негізгі тайпалары: торғауыттар мен дербеттер Тарбағатай, Монғол Алтайы, Ертістің жоғарғы ағысын, хойттар Қара Ертіс салалары мен Қобда өзенінің алқабында, ал Іле өзенінің орта және жоғарғы салалары бойында чоростар, Жоңғар Алатауының беткейлерінде хошоуттар мекендеді. Жоңғар экономикасының негізі мал шаруашылығы болды. Мал басының өсуімен, жер көлемін кеңейту мақсатында жоңғарлар Қазақ хандығы территориясына шапқыншылықты жиілетті. Сонымен бірге жоңғарлар Қазақстанның оңтүстігіндегі сауда-қолөнер орталықтары шоғырланған қалаларды басып алуды көздеді. 1715-1722 жж. жоңғарлардың негізгі әскери күші Цин империясы әскерлеріне қарсы соғысып жатты. 1722 ж. Цин императоры Кансидің өлімінен соң Цеван Рабдан енді басты күшті Қазақ хандығына қарсы бағыштады. 1723 жылы қазақ-жоңғар қарым-қатынасы шиеленісті. Қытай мемлекетімен бейбіт келісім-шартқа отырғаннан кейін жоңғарлар Қазақ хандығына қарсы соғыс ашуды шешті. 1726-27 жылдары сұлтандар мен билер қазақ жерін жаудан азат етуде қазақ руларының басын біріктіру саясатын қолға алды. Осы бағытта Кіші жүз ханы Әбілқайыр белсенділік танытты. 1726 жылы Қаратаудың оңтүстік беткейіндегі Ордабасы деген жерде үш жүз өкілдерінің біріккен жиналысы болды. Бұл жиынға үш жүздің хандары - Әбілқайыр, Әбілмәмбет, Сәмеке, Күшік, Жолбарыс сұлтандар, Төле, Қазыбек, Әйтеке бастаған билер, батырлар қатысты. Жиналыс барысында үш жүздің басын біріктіріп, жауды Қазақ жерінен қуу мәселесі талқыланды. Жиналысқа келгендер жауға қарсы біріккен майдан құру керек деп шешті. Сонымен қатар қаралған маңызды мәселенің бірі – бүкіл қазақ жасағының қобасшысын сайлау туралы мәселе болды. Ордабысында Әбілқайыр хан бас қолбасшы болып сайланды. Қазақ қолының сардарбегі болып атақты батырлардың ішінен Қанжығалы Бөгенбай сайланды. Жиналыста елімізді жоңғар басқыншыларынан азат ету жолында қазақ халқы бас біріктіріп, бар күшті жоңғарларға қарсы жұмылдыруға шешім қабылдады. А.И.Левшиннің айтуынша дұшпанға қарсы бірігу басталды. 1727 жылдың жаз айларында үш жүздің біріккен қолы әскери дайындықтан өтіп, қару-жарақты жетілдірумен, дайындаумен айналысты. Әбілқайыр Бұхарадан ат, қару-жарақ сатып алып, әскерді соғыс өнеріне жан-жақты дайындайтын батырларды өзі тағайындаған. Сонымен бірге әскери барлау ісіне үлкен мән берілді. Күзде Сарыарқа даласындадағы Бұланты өзенінің маңында жауға үлкен соққы берілді. Шайқас болған жазық Қарасиыр деп аталады. Осы маңдағы соңғы шайқас Жақсы Қон өзенінің жоғарғы ағысындағы Қарамолда деген жерде болды.
Қазақ қоғамы тәуелсіздік алғаннан кейін күрделі әлеуметтік және саяси үдерісіке тап болды. Бұл үдерістің ең маңыздысы өз ұлттық тарихыңды зерделеу арқылы, халық жадында ұмытыла бастаған ұлт батырларын қайта жаңғырту еді. Әрбір дәуірдің, тарихи оқиғалардың өз жарқын тұлғалары болатыны заңдылық. Олай болса, Қабанбай, Бөгенбай, Жасыбай, Малайсары және тағы да басқа батырлар осындай қазақ халқының тарихында жарқын із қалдырған, жарық жұлдыздар болды.
Қазақ халқының тарихына үңілсек, тәуелсіздік үшін күрестің сындарлы да күрделі кезеңдерді бастан өткізгенінің куәсі болып, егемендіктің мән -мағынасын жете түсінеміз. Сондай-ақ, тарихта XVIII ғ. I -ші жартысы мен XIX ғ. ортасындағы ұлт — азаттық күрес барысындағы айтулы оқиғалар көптеген әскери қолбасшыларымыз бен батырларымыздың есімдерімен тығыз байланысты. Батырлар өз руластарынан құрылған топтарды, әскерді басқарып қана қоймай, әскери іс қимылда ғана емес, сондай-ақ, сол кездердегі көшпенділердің әлеуметтік-саяси өмірін басқаруға да араласқан. XIII-XV ғасырлар арасындағы моңғол үстемдігі тұсында, қатаң әскери-әкімшілік жүйеде де батырлардын орны ерекше. Шыңғыс хан әулиеті кезеңінің өз-ара қырғысқа толы аумалы-төкпелі кезеңінде де мемлекет қорғаныс ісінде де батырдың ролі зор. Шыңғыс заманының өзі түгелдей бір жауапкершілік заманы болғандықтан — бұл кезең батырлар өзінше бір әлеуметтік топ ретінде дамуының белгілі-бір сатысы болып табылады.
Үздіксіз әскери қақтығыстар мен ұдайы әскери қауіп жылдары болып есептелетін қазақ-жоңғар қатынастарының кезеңі XVII-XVIII ғасырларда әскери және саяси өмірде батырлар тобының көптеген пайда болуына әкеп соқты. Бұ кезеңді зерттеушілер батырлар институтының аса бір гүлденген шағы, батырлар дәуірі деп жазылып жүр. Бұлай деудін біздің ойымызша өзіндік себебі де бар сияқты. Себебі, тарихта аты белгілі батыр бабалар — Бөгенбай, Қабанбай, Малайсары, Райымбек, Сағынбай, Баян, Сары, Тәттібай, Барақ есімі тарих бетіне ене бастаған тұғын [1, 69-73 б.].
XVIII ғасырда батыр сөзі екі түрлі мағынада қолданылған: біріншіден, батыр деп қарапайым халық арасынан шыққан — батыл, жауынгер, ержүрек адамды айтса, екіншіден жоғарғы тап, яғни хандар арасынан шыққан батырларды да атаған.
Жоғарыда айтып кеткеніміздей батырлардың қоғамдағы ролі үлкен.
Ақтабан шұбырынды, Алакөл сұлама жылдары. 1723 жылы көктемде жоңғарлардың қалың қолы қазақ даласына 7 түмен әскермен басып кіреді. Шапқыншылар бейбіт елді қырып-жойып, жері мен мал-мүлкін тартып алуды көздеген еді. Қыстаулары бір-бірінен алшақ орналасқан, қыстан жүдеп шыққан қазақтар қапыда қалып, қырғынға ұшырайды. Ұлы жүз бен Орта жүз Сырдариядан өтіп, Ходжентке, ал Орта жүз руларының көпшілігі Самарқандқа көшеді. Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға жылжиды. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұмға өтеді.
Тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Шапқыншылықтан, аштықтан қазақ халқы үштен екі бөлігінен айырылды. Осы кезеңдегі халықтың тартқан қасіретінен «Елім-ай» әні өмірге келген.
1726 жылы қазақтың үш жүзінің өкілдері Ордабасы тауында бас қосады. Құрылтайда әр рудың билері, даңқты қолбасшылары мен батырлары жауға бірлесіп соққы беруге шешім қабылдайды. Сөйтіп, қазақтар келесі жылы жоңғарларға қарсы шабуыл жасап, оларды қазақ жерінен ығыстыра бастайды.
1723 жылы көктемде жоңғарлардың қалың қолы қазақ даласына 7 түмен әскермен басып кіреді. Шапқыншылар бейбіт елді қырып-жойып, жері мен мал-мүлкін тартып алуды көздеген еді. Қыстаулары бір-бірінен алшақ орналасқан, қыстан жүдеп шыққан қазақтар қапыда қалып, қырғынға ұшырайды. Ұлы жүз бен Орта жүз Сырдариядан өтіп, Ходжентке, ал Орта жүз руларының көпшілігі Самарқандқа көшеді. Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға жылжиды. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұмға өтеді.
Тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Шапқыншылықтан, аштықтан қазақ халқы үштен екі бөлігінен айырылды. Осы кезеңдегі халықтың тартқан қасіретінен «Елім-ай» әні өмірге келген.
1726 жылы қазақтың үш жүзінің өкілдері Ордабасы тауында бас қосады. Құрылтайда әр рудың билері, даңқты қолбасшылары мен батырлары жауға бірлесіп соққы беруге шешім қабылдайды. Сөйтіп, қазақтар келесі жылы жоңғарларға қарсы шабуыл жасап, оларды қазақ жерінен ығыстыра бастайды.
1723 жылы көктемде жоңғарлардың қалың қолы қазақ даласына 7 түмен әскермен басып кіреді. Шапқыншылар бейбіт елді қырып-жойып, жері мен мал-мүлкін тартып алуды көздеген еді. Қыстаулары бір-бірінен алшақ орналасқан, қыстан жүдеп шыққан қазақтар қапыда қалып, қырғынға ұшырайды. Ұлы жүз бен Орта жүз Сырдариядан өтіп, Ходжентке, ал Орта жүз руларының көпшілігі Самарқандқа көшеді. Кіші жүз Хиуа мен Бұхараға жылжиды. Кейбір тайпа-рулар Қызылқұм, Қарақұмға өтеді.
Тарихта бұл оқиға «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деп аталады. Шапқыншылықтан, аштықтан қазақ халқы үштен екі бөлігінен айырылды. Осы кезеңдегі халықтың тартқан қасіретінен «Елім-ай» әні өмірге келген.
1726 жылы қазақтың үш жүзінің өкілдері Ордабасы тауында бас қосады. Құрылтайда әр рудың билері, даңқты қолбасшылары мен батырлары жауға бірлесіп соққы беруге шешім қабылдайды. Сөйтіп, қазақтар келесі жылы жоңғарларға қарсы шабуыл жасап, оларды қазақ жерінен ығыстыра бастайды.

  • 1723 жылы қанне қаперсіз елімізге жоңғар қалмақтары тұтқиылдан шабуыл жасап, қалың жұрттан қан жылатты. Яғни жау армиясы орыс елімен қатынасын жақсартып, көрші мемлекеттерден оқ дәріні көптеп сатып алып отырды. Левшиннің және қазақ жырауларының куәлігіне қарағанда Жоңғария қалмақтары әрқайсысы 10 мың жауынгері бар 7 қолмен қазақтарды шапқан. Олар Балқаш , Қаратау бағытымен жылжып ( Қалдан Серен), Алтай асып Көктал өзенімен ( Құлан Батыр), Нұра өңірін қанға батырып ( Әмірсана), Шелек өзені (Доржы), Есік көлі ( Лама Доржы), Шу өңірін таптап (Дода Доржы), Іледен өткен ( Цеван Рабдан) қолдары болатын. Екпіні қатты шапқыншылар Қазақстанның оңтүстік аудандарындағы бейбіт елді аяусыз қырғынға ұшыратып , Түркісттан, Сайрам, Ташкент қалаларын басып алды. Жоңғарлардың жойқын шабуылының нәтижесінде қазақтар шайқас даласында 100мыңға жуық жауынгерлерінен айырылды. Ал қорғансыз халықтың шығыны бүдан да әлдеқайда көп болды. Абылай ханның айтуы бойынша сол кезде әрбір он адамның төртеуі қаза тапты. Яғни бір миллион адам , халықтың 40% қырылды. Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды - башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенінен өтіп кеткен Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанд қаласының төңірегіне, ал Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман! Қарындас пен кара орман қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын.
    Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектерді де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берілді.



45.
Бұл кезең (1723-1727 жылдар) қазақ тарихында «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» деген атпен аталады. Оның қазақ халқына тигізген зардабы — қайғы-қасіреті, аштығы мен қайыршылық халге душар етуі өте-мөте ауыр болды. Мың-мындаған адам қырылды немесе тұтқын ретінде айдалып кетті. Жүздеген, мындаған ауыл қатты күйзеліске ұшырады, мал-мүлік талан-таражға түсті, бір кезде гүлденіп тұрған қалалар жау қолында қалып, аяусыз қиратылды. Қазақтар қырғыннан аман қалу үшін елдің батыс аймақтарына қарай жылжып, Жайық бойына дейін жетті. Қазақтардың жаппай қоныс аударуы Ресей империясын және оның қол астындағыларды - башқұрттар мен қалмақтарды едәуір мазасыздандырды. Патша үкіметі өзіне бодан болған халықтарды қорғау үшін бірқатар кешенді шаралар қабылдады: шекара күзеті күшейтілді, Орал аймағында жаңадан әскери бекіністер салу шаралары қолға алынды. Қазақтардың едәуір бөлігі Орта Азия мемлекетінің аумағына қарай ойысты. Мәселен, Сырдария өзенінен өтіп кеткен Орта жүз руларының көпшілігі Самарқанд қаласының төңірегіне, ал Кіші жүз қазақтарының едәуір бөлігі Хиуа мен Бұхар хандықтарына көшіп кетті. Қазақтар басынан кешірген сол бір орасан ауыр қайғы-қасіреттің символы «Елім-ай» атты зарлы жыр болды. Оның мәтіні мен әуенін ақын, әрі жауынгер Қожаберген жырау шығарған деп те айтылады: Қаратаудың басынан көш келеді, Көшкен сайын бір тайлақ бос келеді, Ел-жұртынан айрылған жаман екен, Екі көзден мөлтілдеп жас келеді. Мына заман қай заман, бағы заман, Баяғыдай болар ма тағы заман! Қарындас пен кара орман қалғаннан соң, Көздің жасын көл қылып ағызамын.
Жоңғар шабуылының өрт-жалыны өзбектерді де, қырғыздарды да, қарақалпақтарды да шарпығанымен ең ауыр соққы қазақтарға берілді. Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының жан-жақты негіздерін теріске шығармай, Әбілхайырдың жеке көреген саясатын естен шығармау қажет, ол ресейлік әкімшілікке сүйене отырып, барлық саяси қарсыластарының көзқарасын әлсіретуді, жекеше билікке күресуде әлеуетті қарсыластарынан жоғары тұруға үміттенді. Әбілхайырдың және оның жақын серіктестері, беделді батырлар Бөгенбайдың, Жәнібектің, Есеттің және т.б. басты мақсаты барлық қазақ руларын біріктіру және Ресейдің формальды қамқоршылары арқылы орталықтандырылған мемлекет құру болды. Алайда, Кіші жүз ресейлік бодандықты қабылдаған соң Қазақстандағы жағдай күрделі болып қалды. Жоңғарлардың ойран салып басып кіру қаупі арылған жоқ. Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының жан-жақты негіздерін теріске шығармай, Әбілхайырдың жеке көреген саясатын естен шығармау қажет, ол ресейлік әкімшілікке сүйене отырып, барлық саяси қарсыластарының көзқарасын әлсіретуді, жекеше билікке күресуде әлеуетті қарсыластарынан жоғары тұруға үміттенді. Әбілхайырдың және оның жақын серіктестері, беделді батырлар Бөгенбайдың, Жәнібектің, Есеттің және т.б. басты мақсаты барлық қазақ руларын біріктіру және Ресейдің формальды қамқоршылары арқылы орталықтандырылған мемлекет құру болды. Алайда, Кіші жүз ресейлік бодандықты қабылдаған соң Қазақстандағы жағдай күрделі болып қалды. Жоңғарлардың ойран салып басып кіру қаупі арылған жоқ.
1740 жылы Орынборда өткен Кіші және Орта жүздің старшиндері мен сұлтандары өкілдерінің съезі Ресей бодандығына кірудің алғашқы нәтижелерін бекітуге мүмкіндік берді. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан және сұлтан Абылай, орын алған оқиғаларды ескере отырып, мүмкін болатын жоңғар шапқыншылығынан Қазақстанды қорғау үшін ұмтылып, Ресей бодандығына қабылдауын айтты. Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндері тобының 1740 жылғы қабылдаған анты, Ресейге тек қана Орта жүздің кейбір бөліктерін кіргізуге мүмкіндік берді, ал Қазақстанның өзге де Солтүстік-Шығыс және Орталық өңірлері тек қана XIX ғасырдың 20-40 жылдарында, патшаның әскери-саяси акциялары салдарынан империя құрамына кірді.
XVIII ғасырдың 30 жылдарының басында Қазақстанды қосу тек қана XIX ғасырдың ортасында аяқталды және күрделі қарама-қайшы процесс болып табылды. Қазақ жүздерін қосу әртүрлі саясаттан тыс және ішкі жағдайларға байланысты жүргізілді. Оңтүстік Қазақстанды, содан соң Орта Азияны Ресейге қосу патшаға Британ империясымен бақталастықта жоғары тұруға мүмкіндік берді.
Патша әкімшілік-саяси реформа арқылы басқарудың дәстүрлі жүйесін таратты, көшпенділерді жарамдылығы аз жерлерге ығыстыра отырып, қазақ өлкелеріне орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндік ашты. Халықтың басым бөлігіне бақылаусыз билік алып, Ресей барлық салада дерлік отарлау саясатын кеңейтті.
Сонымен бірге, Қазақстанды Ресейге қосу көшпенділер мен келімсектер арасында шаруашылық өзара қарым-қатынас жасау үшін мүмкіндіктер туғызды, сауаттылықты, сауданы жандандыруды тарату, қазақ ауылдарын осы жерден шығатын барлық салдармен бірге, капиталистік-өнеркәсіптік қатынастың орбитасына енгізу үшін мүмкіндіктер орнатты.

46 .Қазақстан Ресейге қосылуы барысындағы қазақ ресей елшіліктері:


Қазақстан арқылы орта азия хандықтарымен транзиттік сауда жолдарын дамытуға мүдделі және көпестік керуендердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге тырысқан Ресей мемлекеті Қазақ хандығының көршілес елдермен саяси жағдай және өзара қарым-қатынас жасауына нақты мүдделер білдірді. Мәскеу патшалары қазақ хандықтарымен тікелей байланыс жасауды орнатуға ұмтылды. Бұл жерде елшілік байланыстар үлкен рөл атқарды.1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілді. Елшілердің міндеті қазақтармен сауда жасуды қалыпқа келтіру болды. Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстанның шегіне жете алмады, себебі сібірлік Кучум Маметқұл ханның рулары оларды талқандар тастады. 1577 жылы Ноғай Ордасынан оралып келе жатқан орыс елшісі Борис Доможиров, ол кездегі ноғайларға қоқан-лоққы көрсеткен және Ташкентпен және Үргенчпен байланыста болған қазақ хандығы «әлемдегі патша және ұлы князь» екендігіне көз жеткізді. 1594 жылы Мәскеуге 1-ші қазақ елшісі келді. Тәуекел Құл-Мұхаммед ханның елшісі оның Мәскеуде «аманат» ретінде қалдырылған немересі Ораз-Мұхаммедті босату және Орыс үкіметімен достық келісім-шарт бекіту туралы тапсырмамен келген болатын. Бұдан басқа, ол Борис Годунов арқылы көршілес және жауласып жатқан феодал хандықтарына қарсы күресу үшін «жалынды шайқасқа» қол жеткізуге міндетті еді. Орыс ханының Тәуекел ханға берген кері грамотасында «жалынды шайқасқа шығу» және қазақтарды олардың барлық қарсыластарынан «қорғау» туралы сөз берілген болатын. XV-XVI ғаысрдың аяғында экономикалық және саяси дамуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Ресей мемлекеті саяси мақсаттарға ие бола отырып, шығыс шет елдің саудасын марапаттады. 1574 жылы 30 мамырда Яковқа және Григорий Строгановқа Иван Грозныйдың сыйлыққа берген грамотасында Қазақстан және Орта Азия елдерімен сауда жасауға рұқсат етілген.
Қазақстанның Ресейге қосылуы олардың арасындағы маңызды саяси байланысты үдете түсті. Ресей мемлекеті Шығыстағы өзінің мемлекеттік шекарасын кеңейтуге мүддесін білдірді. Мемлекеттік билікті орталықтандыру және күшейту шаралары бойынша шығыс мемлекеттермен көршілес жатқан халықтармен сауда айырбастау және өзге де қарым-қатынас жасау нысандары айтарлықтай өсті.
Ресейдің орта азия хандықтарымен сауда және дипломатиялық қарым-қатынасты Иван IV Қазан (1552), Астрахань (1556) хандықтарын, Сібірдің Оңтүстік-Батысын1 жаулап алуы, Қам сауда жолдарын салу Қазақ хандықтарымен тікелей байланысқа түсуді жеңілдетті. Ресей мемлекетінің Қазақстанға деген қызығушылығы орнатқаннан кейін, XVI ғасырдың 2-жартысында ерекше өсті.
Қазақстан арқылы орта азия хандықтарымен транзиттік сауда жолдарын дамытуға мүдделі және көпестік керуендердің қауіпсіз өтуін қамтамасыз етуге тырысқан Ресей мемлекеті Қазақ хандығының көршілес елдермен саяси жағдай және өзара қарым-қатынас жасауына нақты мүдделер білдірді. Мәскеу патшалары қазақ хандықтарымен тікелей байланыс жасауды орнатуға ұмтылды. Бұл жерде елшілік байланыстар үлкен рөл атқарды.1573 жылы қазақ даласына Третьяк Чебуков басқарған орыс елшілігі жіберілді. Елшілердің міндеті қазақтармен сауда жасуды қалыпқа келтіру болды. Алайда Чебуковтың дипломатиялық миссиясы Қазақстанның шегіне жете алмады, себебі сібірлік Кучум Маметқұл ханның рулары оларды талқандар тастады. 1577 жылы Ноғай Ордасынан оралып келе жатқан орыс елшісі Борис Доможиров, ол кездегі ноғайларға қоқан-лоққы көрсеткен және Ташкентпен және Үргенчпен байланыста болған қазақ хандығы «әлемдегі патша және ұлы князь» екендігіне көз жеткізді. 1594 жылы Мәскеуге 1-ші қазақ елшісі келді. Тәуекел Құл-Мұхаммед ханның елшісі оның Мәскеуде «аманат» ретінде қалдырылған немересі Ораз-Мұхаммедті босату және Орыс үкіметімен достық келісім-шарт бекіту туралы тапсырмамен келген болатын. Бұдан басқа, ол Борис Годунов арқылы көршілес және жауласып жатқан феодал хандықтарына қарсы күресу үшін «жалынды шайқасқа» қол жеткізуге міндетті еді. Орыс ханының Тәуекел ханға берген кері грамотасында «жалынды шайқасқа шығу» және қазақтарды олардың барлық қарсыластарынан «қорғау» туралы сөз берілген болатын. XV-XVI ғаысрдың аяғында экономикалық және саяси дамуда айтарлықтай жетістіктерге қол жеткізген Ресей мемлекеті саяси мақсаттарға ие бола отырып, шығыс шет елдің саудасын марапаттады. 1574 жылы 30 мамырда Яковқа және Григорий Строгановқа Иван Грозныйдың сыйлыққа берген грамотасында Қазақстан және Орта Азия елдерімен сауда жасауға рұқсат етілген.
Сауда-экономикалық байланыста екі тарапта бірдей мүдделі болды. Сауда айланымы арқылы қазақтар үй дағдысының заттарын, оқ қаруларын сатып алды, ал орыстар олардан әртүрлі шикізаттар, малдар алды. Орыс мемлекетіне Кучум руларына қарсы күресу үшін одақтар, Қазақстан аумағы арқылы өтетін керуен маршруттарына қауіпсіздік, Орта Азия нарығына кедергісіз шығу қажет болды. Өз кезегінде, Орта Азия хандықтарынан үнемі жоқшылыққа ұшырататын шабуылға тап болатын қазақтар Мәскеумен байланысты кеңейтуге мүдделі болды. Қазақстанмен, Сібірмен, Орта Азиямен сауда байланысының қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Орыс мемлекеті жер аударушылармен, көпестермен, елшілермен және әскери жасақтармен бірге Қазақстанға іргелес жатқан шекараға бекітілген бекініс-бекеттерін қарқынды түрде салуды бастады.
Қазақстан шекарасына жақын орналасқан Батыс Сібір аумағындағы орыстардың алғашқы қаласы «Үлкен Обск Қалашығы» болды, ол Ертіс өзені құйылатын Обь өзенінің оң жағалауында орналасты. Өзінің аз уақыт ішіндегі тіршілігінде (1594 жылы құлатылды) орыс әскери жасақтарының Сібірге және Қазақстан шекарасына терең енуіне қызмет етті. Содан соң Тюмень (1586), Тобыл (1594), Томск (1604) қалалары салынды.
Жоңғар хандығының өмірге келуі (1635) Орта Азияға маңызды өзгерістер алып келді. Феодалдық топтарды басқаруға мүддесін білдірген, болашақтағы көреген саясаткер Тәуке хан өз мемлекетінің шекарасын үнемі нығайтуға ұмтылды. Тәукенің Ресейге деген мейірімділігі, оның Ресеймен байланысты қолдай отырып, Қазақстанның жағдайын жетілдіруге әрекет етуімен байланысты болды. 1687 жылы Тобылға Ташим батыр басшылық еткен қазақ елшісі жіберіліп, оған Қазақстанға орыс көпестерін шақыру тапсырылды. Миссия құрамына Сібір қаласы арқылы Орыс мемлекетімен экономикалық байланыс үшін жерді есептеуге дағдыланған қазақ саудагерлері кірді. 1689 – 1960 жылдардың басында Тобылға Тұман батыр басшылық еткен өзге елші жіберілді. Алайда, ол байланыстар заңды ресімделмеген, нақты екіжақты қол жетімді келісімдерге қол қойылмаған еді, сондықтан бір тараптан, яғни қазақ иеленушілерінің хандықтың тәуелсіз жағдайын сақтап қалуына ұмтылуы, екінші тараптан – польша және түрік істерімен жұмыс істейтін Ресей ережесі келісілді. Қазақ хандығының ішкі жай-күйі де, оның Ресеймен сыртқы экономикалық қарым-қатынасты қалыпты дамытуға қолайлы жағдай туғызбады.
Қазақтың Хақ-Назар, Тәуке және бас да хандарының ірі орталықтандырылған мемлекет құруға ұмтылуы, нәтижесінде табысты болып аяқталмады. Жүздердің арасындағы тұрақты саяси және экономикалық байланыстарының болмауы, қазақ феодалдарының өзара күресуі агрессивті көршілерін марапаттады, қазақ халқы орасан зор апатқа және жоқшылыққа ұшырады. «XVIII ғасырдың бірінші онжылдығы – қазақ халқы үшін үрейлі уақыт болды. Жоңғарлар, қасқыр қалмақтар, казактар және башқұрттар әр тараптан олардың ұлыстарын талқандады, малдарын айдап әкетті және толық отбасымен бірге құлшылыққа алып кетті2 – деп жазады Ш. Уәлиханов». Оңтүстіктен Қазақстанның аумағын тартып алуға тырысқан ортаазиялық хандықтар шабуылдады. Алайда ең қауіпті жауы Жоңғарлар болды, олар Қазақ феодал мемлекетінің өмірі үшін шынайы қауіп төндірді.
Цэван-Рабдан және оның немересі Ғалден-Цэрен басқарған жылдары Жоңғар хандығының, оның Орта Азия елдерінің өміріндегі белсенді рөлі ең құдіретті кезеңдер болды3. Цэван-Рабданның ең ірі актісі қазақтың Тәуке ханымен шайқасуы болды. Қазақ хандығы қосымша жайылым пайдаланатын жерлерге мұқтаж болды, алай бос жерлер таба алмады. Жер тар болды, алайда ең басты мебеп әскери қақтығыс болған жоқ. Феодалдық топтардың әрбір тараптан сауда жолдарына бақылау орнатуы, қарсыластарының байлықтарымен күн көру маңызды ұмтылысқа ие болды.
Егер Ресейге қатысты жоңғар басқарушылары аңдыған көзқарасты қамтыса, ал қазақ рулары үшін өздерінің агрресивті дағдыларын жасырмады. Солтүстік-шығыс шекараларындағы тартысты жағдай қазақ хандықтарын және сұлтандарын I Петрдің үкіметімен келіссөздер жүргізуге және Сібір шекара билігі арқылы Ресеймен одақтаса отырып өздерінің Жоңғарлармен соғысу пиғылын білдіруге мәжбүр етті.
1717 жылы қазақтың кейбір көшбасшы сұлтандары Қайып және Әбілхайыр, қазақ руларындағы сыртқы саяси жағдайлардың қиындығын және сыртқы қарсыластар тарапынан нақты қауіпті ескере отырып, әскери одақ құру туралы I Петрге жүгінді. Соңғысы, Швециямен соғыста және ішкі ырың-жырың және қазақ руларындағы өзара жанжал туралы мәліметтерге ие бола отырып, «қазақтардың ісімен» араласуға табандылық танытпады, тек қана Қазақстандағы, Орта Азиядағы және Жоңғариядағы оқиғаларды бақылауды жалғастырды. I Петрдің Ресей мемлекетінің құрамында қырғыз-қайсақ ордасының болуын қалауы, өзінің мемлекетінің шекарасын кеңейтумен ғана емес, сонымен қатар Ресейдің шығыс шекарасын қауіпсіздендіруге ұмтылу болды4. I Петрдің жеке өкімі бойынша Жоғарғы-Ертіс желісін қамтыған Ямышев (1716), Омбы (1716), Железинская (1917), Семей (1718), Өскемен, Коряков (1720) әскери-инженерлік имараттары және басқа да іскери-қорғаныс бекеттері салынды.
I Петрдің жеке өкімі бойынша құрылған Жоғарғы-Ертіс желісін қамтыған Ямышев (1716), Омбы (1716), Железинская (1917), Семей (1718), Өскемен, Коряков (1720) әскери-инженерлік имараттары және басқа да іскери-қорғаныс бекеттері қазақтарды жоңғар әскерлерінің жойқын шапқыншылығынан қорғауда маңызды рөл атқарды. Артиллериялардың болуы және жақсы оқытылған жиі бөлімшелер жоңғар фиодалдарын тікелей әскери қимылдардан қалыс қалуға мәжбүрледі
Жоңғарлардың басып кіруінен (1681-1684, 1694, 1711-1712, 1714-1717) дәстүрлі жағдайлар және көшіп-қону жолдары және жалпы алғанда көшіп-қону жүйесі толықтай бұзылды. Бұл ішкі қарама-қайшылықты және алауыздықты, жайылым жерлер үшін феодалдардың күресін, рулар арасындағы қақтығыстарды, мол су мен шөптер есебінен шешуге мүмкін болатын соғыстарды, тиісінше Ресей шекарасында қауіпсіз көшіп-қонуды асқындырып жіберді.
Алайда, Кіші жүздегі қазақтардың бір бөлігінің Ресей бодандығын жеделдетіп қабылдауын айқындайтын жағдайлар жоңғар феодалдарының басқыншылығы болып табылды. Ақтабан шұбырынды (1723-1727) аштықты, азап шегуді, материалдық құндылықтарының құлдырауын, өндірістік күштердің орны толмас шығындарын бастан кешірді. Қазақ рулары жоңғар әскерлерінің қыспағынан орныққан орындарын ғасырлар бойы тастап кетуге мәжбүр болды, ол өз кезегінде қазақтардың іргелес аудандарға қайта көшуіне әкеп соқтырды5.
Жалпы Қазақстан бойынша қолайсыз жағдайларға қарамастан, жоңғар басқыншыларының тегеурініне моңғол шапқыншыларының уақыт өте келе болмаған көрсеткіштеріндегі шешуші рөлге ие болған қазақ халқы кейде айбынды жеңістерге қол жеткізді6. Қазақ батырларының жасақтары жиі-жиі жауларының күшін ығыстырып, жоңғарлардың жақын орналасқан көшіп-қонатын аумақтарына басып кірді, ірі көлемдегі құлдарын көп ұстады. Ірі соғыстың бірі 1726 жылы Қара-Сайыр жеріндегі Бұланды өзенінің жағасында орын алды. Қазақ әскерлері бұл жерде жоңғар тайпаларына елеулі жеңлңстер келтірді. Қырғын болған жер «Қалмақ-қырылған» деп аталды.
Ресей империясының қарамағына кіргендігі жөнінде ант берді, жиынға жиналған қазақ старшиндарының басым бөлігі оның шешіміне пікір айтты8.
Ант беру арқылы ол Ресеймен тату тұруды, орыс қарамағындағы башқұрттар мен Еділ қалмақтарының қазақ жеріне шапқыншылығын тоқтатуды, Ресейдің көмегімен жоңғарлар басып алған жерлер мен қалаларды қайтып алуды көздеді. Осылай өзінің беделін арттырып, үш жүздің басын біріктіріп өзі билеуді, хандықты балаларына сайлау тәртібімен емес, мұрагерлік жолымен қалдыруды жүзеге асырмақ болды.
Кіші жүздің Ресей бодандығын қабылдауының жан-жақты негіздерін теріске шығармай, Әбілхайырдың жеке көреген саясатын естен шығармау қажет, ол ресейлік әкімшілікке сүйене отырып, барлық саяси қарсыластарының көзқарасын әлсіретуді, жекеше билікке күресуде әлеуетті қарсыластарынан жоғары тұруға үміттенді. Әбілхайырдың және оның жақын серіктестері, беделді батырлар Бөкенбайдың, Жәнібектің, Есеттің және т.б. басты мақсаты барлық қазақ руларын біріктіру және Ресейдің формальды қамқоршылары арқылы орталықтандырылған мемлекет құру болды. Алайда, Кіші жүз ресейлік бодандықты қабылдаған соң Қазақстандағы жағдай күрделі болып қалды. Жоңғарлардың ойран салып басып кіру қаупі алынған жоқ.
Алайда Кіші жүз Ресей бодандығын қабылдағаннан кейін де Қазақстандағы жағдай қиын қалпында қалды. Жоңғар жаулап алушыларының басып кіру қаупі шешілген жоқ. Бұл қиын жағдайда елді құтқарып қалу ісін халық өз қолына алды. Жоңғар агрессиялары жарқырап тұрған жылдары сұлтан Абылайдың қолбасшылық дарыны пайда болды. Бұл жағдайда да қазақ қоғамының әртүрлі сыныптағы оқиғалары өз алдына әртүрлі мақсаттар қойды. Көшпенді-мал шаруашылығымен еңбек ететіндер бейбітшілік пен жайылымды, қалпына келтіру және зиян келген шаруашылықты дамыту секілді нақты елдермен сауда жасауды, шексіз ауыр салықты және ұрлықты, жоқшылықты тоқтатуды қаласа, қалған қазақ феодалдары жеке көзқарасын жетілдіру мүмкіндігін іздеді, ал атақты Қазыбек, Төле, Әйтеке билер халықты бірлікке шақырды.
1732 жылы 24 қарашада Тевкелев өз міндетін аяқтап, Найзакескеннен кері жолға шықты. 1733 жылы 2 қаңтарда Әбілхайырдың Петербургке жіберген елшісімен Уфаға келді. Оның құрамында Әбілхайырдың ұлы сұлтан Ералы, ханның немере інісі сұлтан Нияз, старшиналар Шандыбай, Мырза Құдай-Назар, Мырзагелді батыр және т.б. болды. Петербургтегі келіссөздің нәтижесінде Кіші Жүздің Ресей бодандығына кіруі ресми ресімделді.
Сонымен бірге, 1733-1734 жылдары Оңтүстік Қазақстанның кейбір билері мен беделді сұлтандары Ресей бодандығын қабылдауға деген ықыласын білдірді Анна Иоанновна патшайымның 1734 жылғы 10 маусымдағы Жарлығы үкіметтің Ұлы Жүзді Ресей құрамына қабылдау туралы келісімін куәландырды. Алайда, оның Ресейден қашық орналасуы, сондай-ақ Жоңғарлармен қызба қарым-қатынаста болуы, 1740 жылы ресейлік бағдарды ұстап тұрған Жолбарыс ханды өлтіру бұл жоспардың жүзеге асуын ұзаққа жылжытты.
Жаңадан біріктірілген қазақ жерлеріндегі көзқарасты бекіту үшін 1734 жылы мамырда I Петрдің сыбайласы – Сенаттың обер-хатшысы И.К. Кириллов басқарған Орынбор экспедициясы ұйымдастырылды. А.И. Тевкелев оның көмекшісі болып бекітілді. Комиссияның міндетіне Ресейдің құрамына кірген жерлерді жан-жақты зерделеу, табиғи ресурстарды барлау, Орск бекінісінің имаратын салу, орыс және қазақ иеленушілерінің арасындағы жаңа шекараны анықтау кірді. Бірқатар себептер және ең алдымен 1734-1738 жылдарда Башқұрт көтерілісі Орынбор экспедициясының кеңейтілген жоспарын жүзеге асыруға кедергі жасады. 1735 жылы орыс-қазақ саяси және сауда өзара қарым-қатынасын дамытуда маңызды мағынаға ие Орынбор қаласының негізі қаланды.
Ресей билігі Жоңғар хандығы басқыншылығының жолын кесуге бағытталған шаралар қабылдады. Қазақтардың бір бөлігі ресей ботандығы болып табылатындығы және сыртқы шапқыншылықтан қорғалатындығы туралы Жоңғар хунтайжасы Галдан-Цэренге шекара билігі арқылы хабарланады. 1738-1741 жылдары Галдан-Цэрен әскерлері қазақ жеріне жаңадан жойқын шабуыл жасайды. Ямышев, Өскемен және Семей бекіністерінің коменданттары жоңғарлардан ресейдің бодандығын қабылдаған қазақтарға тыныштық беруді талап етті. Шекара аймағындағы жағдайдың күрделенуі, алтай зауытына төнген қауіп үкімет Сенатын, 1742 жылы 20 мамырда қазақ тұрғындарын және Ертіс желісін қорғау шаралары туралы Жарлық қабылдауға оятты.
1731 жылдың аяғында Әбілқайыр және Бөкенбай батыр өздерінің елшілерін Орта Жүзге жіберіп, Семеке ханға, егер Ресей бодандығын қабылдаса орыс әскерлерінің көмегімен өңірде қауіпсіздікті қамтамасыз ететіндігі жөнінде уәде берді. Семеке Әбілхайырдың ұсынысын қабылдады. 1732 жылы Орта жүздің кейбір бөліктері Ресей құрамына формальды түрде кірді. Алдағы оқиға көрсеткендей, Семеке Ресей империясымен келісім-шартты сақтамауға тырысты: ресей бодандығындағы башқұрттарға шабуыл жасады. Жоңғар шабуылшыларының қаупі Орта жүздің беделді феодалдарын Ресейге олады өзінің құрамына алу туралы қайта жүгінуге оятты. Анна Иоанновнаның 1734 жылғы 10 маусымдағы грамотасымен Семекенің және оның сыбайластарының өтініші қанағаттандырылды. 1737 жылы И.К. Кирилловтың қайтыс болуына байланысты, Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндерінің елшілерін бағындыруға тырысқан В.Н. Татищев Орынбор өлкесінің жаңа бастығы болып тағайындалды.
1740 жылы Орынборда өткен Кіші және Орта жүздің старшиндері мен сұлтандары өкілдерінің съезді Ресей бодандығына кірудің алғашқы нәтижелерін бекітуге мүмкіндік берді. Оған қатысқан Әбілмәмбет хан және сұлтан Абылай, орын алған оқиғаларды ескере отырып, мүмкін болатын жоңғар шапқыншылығынан Қазақстанды қорғау үшін ұмтылып, Ресей бодандығына қабылдауын айтты. Кіші және Орта жүздердің сұлтандары мен старшиндері тобының 1740 жылғы қабылдаған анты, Ресейге тек қана Орта жүздің кейбір бөліктерін кіргізуге мүмкіндік берді, ал Қазақстанның өзге де Солтүстік-Шығыс және Орталық өңірлері тек қана XIX ғасырдың 20-40 жылдарында, патшаның әскери-саяси акциялары салдарынан империя құрамына кірді.
XVII ғасырдың ортасында Орта Азияда маңызды өзгерістер орын алды. Жоңғарлардың қазақтарға деген шапқыншылық әрекеттері Галдан-Цэреннің қайтыс болуынан кейін, Жоңғар хандығындағы оқиғаларға байланысты әлсіреп қалды. Жоңғарлардың әлсіреуіне байланысты, олардың қазақ жерін жаулап алу қаупі жоғалды. 1748 жылы Сұлтан Барақтың Әбілхайыр ханды өлтіруі Ресей үкіметін мазалады. Әбілхайыр кезінде негізін қалаған, саясатты жалғастыруға мүдделі Петербург алаңын ресейлік бағдарды ұстап тұрған феодалдық топтар басқарды. 1749 жылы қайтыс болған ханның ұлы – Нұралы Кіші жүздің ханы болып бекітілді9. Алайда, патшалықтың саясатына бағытталған колониалды күшейту, старшиндердің ханға әртүрлі нысанда бағынбауымен, жүздегі ішкі саяси жағдай қиындап кетті. Ол Ресей саясатын қолдаған Приураль мен Нұралы ханның ашық колонизациясы жолында тұрған Оренбург әкімшілігіне қарсы күрес болатын.
1756 жылы қазақтарға қысқы мезгілде малдарын Уралдың оң жағына айдауға тыйым салу жөнінде патшаның Жарлығы шықты10. Үкіметтің шешімі, Жайық казактарының мүддесі үшін қабылданып, үкіметке қарсы көзқарасты күшейтті. Көшпенділердің шабуылынан орыс ауылдарын қорғауға шақырған, негізінен Урал өзенін қарқынды басқарған патшаның бекіністері және басқа да әскери имараттары қазақ жерлерінің отарлану орталығына айналды. Нақты жағдайлар мен мақсаттарға байланысты патша билігі есептелмеді11.
Қазақ мемлекеттілігінің қалдықтарына қарсы күрестің келесі кезеңі Кіші жүзді Ресейдің басқаруының жаңа жүйесін енгізу талпыну болып табылды, ол хандық билікті жоюға әкеп соқтыру қажет болатын12. Алайда, алғашында Екатерина II мақұлдаған, Оренбург губернаторы барон Игельстром реформасының жобасы сәтсіздікке душар болды және жойылды. Кейіннен Ресей саясатын жүргізуді қамтамасыз етпеген және Сырым Датұлы батырдың тегеурінді көтерілісімен Нұралы хан хандық биліктен шеттетілді.

47.1822жылғы<<Сібір қырғыздары туралы>>Жарғы:


.Сібір қырғыздары туралы Жарғы» — қазақ мемлекеттілігін жою және басқарудың жалпы империялық жүйесін құруға бағытталған құжат болып табылады. Александр I.ның 1822 ж. 22 шілдедегі Жарлығымен күшіне енген. Ол Орта жүзді жаңа әкімшілік бөлуге әкеліп соқтырды:
әкімшілік ауыл 50.70 түтін
ұлыс 10.12 ауылдан
округ 15.20 болыстықтан тұрды.
Ауылдық старшиналар 3 жылдық мерзімге сайланды, әрі ол округтік бұйрықпен бекітілді. Болыстарды басқаруға сұлтандардың құқығы өзге де сұлтандарды сайлай алатын қауымның келісімімен тікелей төменгі желі бойынша және туысқандарына жүрді. Осындай жағдайда оны облыстық басқарма бекітті. Болыстарды басқармайтын сұлтандар өзінің дәрежесін сақтап қалды, басқаруға араласпады, хандардың үкіметін жоюмен бірге патшалықтың қазақ ақсүйектерінің құқығы мен артықшылықтарын шектеуге ұмтылысы байқалды. Барлық сот істері қылмыстық, арыз және шағым бойынша басқару болып бөлінді. Біріншісіне отанын сату, кісі өлтіру, тонау, барымта, үкіметке ашықтан ашық бағынбау жатты. Осы істердің барлығы империяның заңдарымен округтік бұйрықтарда қарастырылды. Құқық бұзушылықтың қалған түрлері арыз болып табылды да оны ауылдар мен болыстарда жергілікті ғұрып бойынша билер қарастырды. Жарғыда мыналар болды: халықты нанмен қамтамасыз етуді, өнер.кәсіптің, сауда.саттық дамуы жөніндегі шараларды, кедендік және баж алымын сақтау жөніндегі шараларды белгілейтін мақалалар қамтылды. Құжатта патшалықтың отарлау саясатына бағытталған істерінің бірі — халықты орыстандыру көрсетілген. Бұл саясатта халықты шоқындыру, поптарға Құдай сөзін оқыту үшін шіркеулер ашуға кеңес беріледі, оқу, жазу, арифметика қамтылған. Сұлтандар мен старшиналардың балалары қазына есебінен ашылған әскери бөлімдеріне оқуға түсулеріне рұқсат етілді, бітірген соң олардың қалаулары бойынша қызметке тағайындалды. Әрбір отбасы өз баласын империяның ішкі жағындағы оқу орнына түсіруге құқық алды. Жарғыны қабылдау кезеңінде құлдар бұрынғы күйінше қалып қойды, жаңадан құлдар сатып алуға катаң тыйым салынды. 1822 ж. Жарғы Қазақстанды отарлау саясатына қатысты күш ала бастады. Дегенмен хан үкіметін жою, сұлтандардың құқықтарын шектеу, құлдықтан бас тарту, алға қозғалудың еркіндігі, білім берудің дамуы Қазақстанның тарихи дамуына жағдай жасады.
1822 және 1824 жылғы Сібір және Орынбор қырғыздары туралы ереже. Кіші жүз бен Орта жүздегі хандық билікті жойды.

1822 жылғы «Сібір қырғыздары туралы жарғы» 1781 жылы Абылай өлгеннен кейін Орта жүзде оның үлкен баласы сұлтан Уәли хан болып жарияланды. Уәли ханның қаталдығы оның қол астындағылардың наразылығын туғызды. 1795 жылы қазақтар патшаға оны тақтан алу жөнінде өтініш жасады. 1815 жылы Орта жүзде Уәлидің позициясын әлсіретуге тырысып, үкімет екінші ханды, Бөкейді тағайындады. 1817 жылы Бөкей хан және 1819 жылы Уәли хан өлгеннен кейін Орта жүзде жаңа хандар бекітілмеді. Патша әкімшілігі хан өкіметін таратып, «Сібір қырғыздары туралы уставқа» сүйене отырып, басқарудың жаңа аппаратын құрды, бұл уставты 1822 жылы Россияның XIX ғасырда белгілі либералдық пиғылдағы қайраткер, өз дәуірінің аса білімді тұлғаларының бірі граф М.М.Сперанский жасады. Бұл жұмысқа болашақ декабрист Солтүстік қоғамның мүшесі Г.С. Батеньков белсене қатысты. Оған М.М. Сперанский жергілікті статистика үшін материалдар әзірлеу мен жинауды тапсырған еді. Орта жүзде жаңа әкімшілік құрылым мен сайлау жүйесі енгізілді. «Уставта» денсаулық сақтау жөнінде кейбір шаралар бегіленді, атап айтқанда қырдағы бекіністер гарнизонына қызмет көрсету үшін ауруханалар салу, көшпелі халық арасында шешекке қарсы егу жұмысын жүргізу белгіленді. Қазақтарға арналған балаларын жалпы негіздерде империяның оқу орындарына жіберуге құқық берілді.


1822 жылы Сібір екі бөлімге: бас басқармасы Иркутскіде болатын Шығыс бөліміне (Сібірге) және орталығы Тобылда, ал 1839 жылдан бастап Омбыда болған Батыс Сібірге бөлінді. Батыс Сібірге: Тобыл, Томск және Омбы облыстары кірді, ал Омбы облысына қазақ даласының Орта жүз қоныстанған жерлері мен Ұлы жүз қоныстанған жерлерінің бір бөлігі кірді. Ол жер «Сібір қырғыздарының облысы» деп аталды да, 1822 жылы оған арналып «Сібір қырғыздары туралы устав» талдап жасалынды.

«Устав» бойынша «Сібір қырғыздарының облысы» сыртқы және ішкі округтерге бөлінді. Сыртқы округтерге Ертістің сыртында көшіп-қонып жүрген қазақтар кірді. Округтер болыстарға, болыстық ауылдарға бөлінді. Болысты бөлудің негізінен жераумақтық (территориялық) емес, рулық принцип алынды. Сондықтан да болыс ру аттарымен мысалы Кенжеғали, Қаржас және т.б деп аталды. Жаңа заңды іске асыру барысында рушылдықтың іргесі сөгіліп, айтақаларлықтай өзгерістерге ұшырады. Қазақтардың белгілі бір әкімшілік шеңберінен екінші бір әкімшіліктің жеріне ауысуы шектеліп, бұрыңғы көшіп қонудың рулық тәртібі бұзылды. Ауыл старшиндері қазақтардан сайланды. Болыстыққа сұлтандар сайланып, бұл қызмет шын мәнісінде атадан балағы мұра болып қалдырып отырды.


Полиция мен сот өкіметі органдарын округтік приказ басқарды, ал оларға үш жылдық мерзіммен сайланатын аға сұлтандар билік жүргізді. Олардың патша әкімшілігі белгілеген орыстан екі кеңесші болды. Сонымен қатар қазақ зиялылырынан сұлтандар мен билердің сайлауы арқылы қойылған екі заседатель отырды.


1822 жылғы «Жарғы» бойынша барлық сот істері үш категорияға бөлінді: а) қылмысты істер; б)даулы істер; в)басқару үстінен берілетін шағымдар жөніндегі істер. Қылмысты істер империясы жалпы заңдары негізінде округтік приказдарда қаралды. Қылмысты істерден өзгеше даулы істерді ауылдар мен болыстарда жергілікті қолданылып жүрген әдет-ғұрыптардың негізінде билер соты талқылады


48.1824жылғы <<Орынбор қазақтары туралы>>Жарғы:


Орынбор қырғыздары туралы жарғы” – Ресей өкіметінің Кіші жүз қазақтарын жаңаша басқару мақсатында жасаған шарасы. 1824 ж. наурызда Сыртқы істер мин-нің жанындағы Азия департаментінде бекітілді. Оның жобасын 1822 ж. Орынбор ген.-губернаторы П.К. Эссен дайындады. Бұл жоба бойынша Кіші жүзде хандық билікті жою туралы шешім қабылданды. Кіші жүз ханы Шерғазы Орынбор қ-на шақырылып, Орынбор шекара комиссиясының жұмысына кеңесші қызметіне тағайындалды. Кіші жүз жері – батыс, орта және шығыс әкімш. жүйелеріне бөлініп, оны билеуші сұлтандар басқарды. Жүздің бөлінуі рулардың орналасуына және олардың арасындағы билеуші сұлтандардың беделіне байланысты болды. Сондықтан бөліну аумағы жағынан да, халықтың саны жағынан да біркелкілік болған жоқ. Шекаралық комиссия құрамына төраға, төрт кеңесші, ауқатты қазақтардан тұратын төрт өкіл кірді. Шекаралық комиссияның міндетіне далада тәртіпті сақтау, жергілікті қазақ шенеуніктерінің тіршілігін қадағалау, салық жинау, сот істері, мед. жағын бақылауға алу кірді. Жергілікті әкімш-тің құрамына Кіші жүздің үш бөлігінің сұлтандары, дистанция басқарушылары кірді. Сұлтандарды Орынбор әскери губернаторы, ал басқа шендердің бәрін шекаралық комиссия тағайындады. Әрбір билеуші сұлтанның 100 – 200 адамнан тұратын әскери командасы болды. Олардың ордасы казак станицалары мен бекіністерінде орналасты. Бұл жарғыдан кейін сот жүйесінде де көптеген өзгерістер болды. Ірі қылмыстық істер әскери сот немесе шекаралық комиссияның қолына көшті, ал кішігірім қылмыстық істер қазақтың дәстүрлі әдет-ғұрып заңдары негізінде қаралды. Патша әкімш. жергілікті билік органдарын, оның ішінде билер сотын полиц. жазалаушы органдарға айналдыруға талпынды. Оларға қамауға алуға, дүре соғуға, Сібірге жер аударуға рұқсат берілді. Дәстүрлі билік құрылымын қиратқан жаңа жүйе – Кіші жүз қазақтарын Орынбор шекара комиссиясы арқылы басқаруды күшейтіп қана қойған жоқ, әлеум.-саяси және шаруашылық өмірдің барлық жақтарын да қамтыды. Қазақтарды құнарсыз жерлерге ығыстырған орыс қоныс аударушыларын орналастыру үшін кең мүмкіндіктер ашылды.
1822 жылы Кіші жүзге байланысты Орынбор генерал-губернаторы П.Эссенн даярлатқан осындай ережені Азиялық комитет 1824 жылы қабылдады. Бұл құжат бойынша да хандық билік жойылды.

Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақыртылып, 150 сомдық айлықпен сондағы шекаралық комиссияға қызметке қалдырылды.Кіші жүз үшке бөлінді: батыс бөлік — байұлы рулары, орта бөлік — жетіру және әлімұлы бұтағының аз бөлігі; шығыс бөлік — әлімұлы бұтағы, сондай-ақ қыпшақ және арғын тайпалары араласқан бөлік. Әр бөліктің басында патша үкіметі тағайындаған басқарушы сұлтан тұрды. Оның басқарушы аппараты төрағадан, сондай-ақ ықпалды қазақтардан белгіленген кеңесші және заседательдерден құралды. Атқарған міндеті тұрғысынан алғанда, бұлардың бәрі де Орынбор шекаралық комиссиясы шенеуніктеріне теңгерілді. Әрбір басқарушы-сұлтан кеңсесінің жанында офицер басқарған қазақ әскери бөлімі орналасты. Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Сайлау жүйесі болған емес. Патша үкіметі 1822 және 1824 жылдардағы реформалық шараларды өмірге бірден енгізе алған жоқ. Орта жүзде сыртқы округтерді құру 1838 жылы аяқталды. Кіші жүзде басқарушы-сұлтан билігі алғашында тек шекаралық ауылдарға ғана таралды, ал одан шалғай жатқан елге біртіндеп, орыс билігінің нығаюымен бірге жетті. Қазақ халкы сырттан таңылған жаңа билік жүйесіне қарсылық көрсетіп бақты.


1822 жылы Кіші жүзге байланысты Орынбор генерал-губернаторы П.Эссенн даярлатқан осындай ережені Азиялық комитет 1824 жылы қабылдады. Бұл құжат бойынша да хандық билік жойылды.

Кіші жүздің соңғы ханы Шерғазы Орынборға шақыртылып, 150 сомдық айлықпен сондағы шекаралық комиссияға қызметке қалдырылды.Кіші жүз үшке бөлінді: батыс бөлік — байұлы рулары, орта бөлік — жетіру және әлімұлы бұтағының аз бөлігі; шығыс бөлік — әлімұлы бұтағы, сондай-ақ қыпшақ және арғын тайпалары араласқан бөлік. Әр бөліктің басында патша үкіметі тағайындаған басқарушы сұлтан тұрды. Оның басқарушы аппараты төрағадан, сондай-ақ ықпалды қазақтардан белгіленген кеңесші және заседательдерден құралды. Атқарған міндеті тұрғысынан алғанда, бұлардың бәрі де Орынбор шекаралық комиссиясы шенеуніктеріне теңгерілді. Әрбір басқарушы-сұлтан кеңсесінің жанында офицер басқарған қазақ әскери бөлімі орналасты. Кіші жүздегі ауыл старшынынан бастап басқарушы-сұлтанға дейінгі барлық қызметтегілерді шекаралық комиссияның ұсынысы бойынша Орынбор генерал-губернаторы тағайындады. Сайлау жүйесі болған емес. Патша үкіметі 1822 және 1824 жылдардағы реформалық шараларды өмірге бірден енгізе алған жоқ. Орта жүзде сыртқы округтерді құру 1838 жылы аяқталды. Кіші жүзде басқарушы-сұлтан билігі алғашында тек шекаралық ауылдарға ғана таралды, ал одан шалғай жатқан елге біртіндеп, орыс билігінің нығаюымен бірге жетті. Қазақ халкы сырттан таңылған жаңа билік жүйесіне қарсылық көрсетіп бақты.[1]



50
1867 – 1868 жылдардағы реформалар «уақытша» сипат алып, екі жылға тәжірибе ретінде енгізілді, бірақ заңды тұрғыдан бекітілмей, ХIX ғ. 80-90 жылдарға дейін қолданылды. 1. Аумақтық өзгерістер: ІІ Александар патша 1867 ж. 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы», 1868 ж. 21 қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы» уақытша ережелер жобасын бекітті. «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генералгубернаторлыққа бағынды. Олар: Батыс-Сібір, Орынбор, Түркістан. Батыс Сібір генералгубернаторлығына – Ақмола, Семей; Орынбор генерал-губернаторлығына – Орал, Торғай; Түркістан генерал-губернаторлығына – Жетісу, Сырдария облыстары кірді. 1870 ж. Маңғыстауьприставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады. 2. Басқарудағы өзгерістер: 1867 – 1868 жж. басқару жүйесі өзгеріссіз қалды. Генерал-губернаторлықты генералгубернатор, облысты әскери-губернатор, уезді уезд бастығы, болысты болыс, ауылды ауыл старшыны басқарды. Облыс орталықтарында – полицейлік басқармалар, уездік қалаларда – полицейлік приставтықтар сияқты тәртіп бақылау мекемелері құрылды. Отаршылдық билеудің күшейгені сонша, сайланған болыс пен ауыл старшынын бекіту не бекітпеу әскери губернатордың қолында болды. Егер ол сайлау нәтижесін бекітпей қайта сайлау жүргіземін деп шешсе, оған ешкім қарсы келе алмайтын еді. Отырықшы тұрғындар мен қоныс аударушылар құқық тұрғысынан Ресейдегі селоның және қаланың тұрғындарымен теңестірілді. Бұл ереже қазақ жеріне сырттан көшіп келгендердің мәртебесін арттырды. Қазақ ақсүйектері барлық артықшылықтарынан айырылды. 3. Сот жүйесіндегі өзгерістер: Халық дәстүрі мен ислам қағидаларына сүйенген халық соты қатаң түрде билік орындарының бақылауында болды. Христиан дініне қарсы әрекет, жаңа басқару жүйесіне наразылық таныту, алым-салық төлеуден және мемлекет үшін әртүрлі міндеттер атқарудан бас тарту сияқты қылмыстар билер сотының қарауынан алынып, жергілікті отаршылдық биліктің құзіретіне берілді. 1867-1868 жылдардағы ережелер бойынша болыстық соттың үш буыны болған еді: билердің төтенше съезі, билердің болыстық соты, бидің жеке соты. Билердің төтенше съезі тек әскери губернатордың рұқсатымен шақырылды, ал сот процесі уезд бастығы немесе Облыстық басқарма құқығына ие болған шенеунік қатысқан жағдайда ғана заңды болды. Билер 3 жылға сайланды, олардың қызметін уездік начальник қатаң бақылап отырды. 4. Салық жүйесіндегі өзгерістер: 1867 – 1868 жж. реформалар бойынша қазақ халқы жылына бір рет «түтін салығын» төлейтін еді. Оның мөлшері: Орынбор, Батыс Сібір генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 3 сом, Түркістан генерал-губернаторлығындағы қазақтар үшін 2 сом 75 тиын болып белгіленді. Шыңғыс ұрпақтары салықтан босатылды. 1867-1868 жылғы ереженің қазақтарға ең басты ауыртпалығы жер мәселесі болды. Онда қазақ жері Ресей империясының мемлекеттік меншігі деп жарияланып, қазақтарға «қоғамдық пайдалануға» берілді. Тезистер  1867 жылы 11 шілдеде «Жетісу, Сырдария облыстарын басқару туралы уақытша ереже», 1868 жылы 21-қазанда «Торғай, Орал, Ақмола, Семей облыстарын басқару туралы уақытша ереже» бекітілді.  «Уақытша ережелер» бойынша Қазақстан жері үш генерал-губернаторлыққа бағынды: Батыс Сібір (орталығы – Омбы қаласы), Түркістан (орталығы – Ташкент қаласы) Орынбор (орталығы – Орынбор қаласы) генерал-губернаторлықтары.  1870 ж. Маңғыстау приставтығы – Кавказ әскери округына, 1872 ж. Бөкей ордасы – Астрахан губерниясына қарады.  1867-1868 жж. ережелер бойынша бүкіл қазақ жерін қамтитын реформалар (аумақтық, басқару, сот, салық) қазақ халқын саяси тәуелсіздіктен толық айырып, отарға айналдырды.  Патша үкіметі қазақтарды метрополиядан бөлек арнайы даярланған заңдар бойынша (1867-1868 жж.) басқарды.  Заңдар қазақтарды ең негізгі құқықтарынан айырды, біртіндеп орыс тіліне, христиан дініне, салт-дәстүріне көшуге мәжбүрледі.  Қазақ қоғамындағы барлық сословиелер (сұлтан, қожа, би т.б.) село тұрғындарына теңестірілді.  Қазақ ауылында мешіт салу үшін генерал-губернатордың рұқсаты керек болса, шіркеулер тұрғызуға мемлекеттің өзі қолдау көрсетіп отырды.  Патша үкіметі қазақтардың дәстүрлі қоғамын күйретті. Болыстар мен уездерді құру кезінде рулық ерекшеліктер ескерілмеді.  Қазақ даласын билеуге жіберілген генерал-губернаторларды патшаның өзі бекітті және ол шексіз билікті иеленді. Қазақтар оларды «жарым патша» деп атады.  Сұлтан тобын басқару жүйесінің орта және жоғарғы буынынан толық ығыстырып шығару қазақ халқын құқық атаулыдан жұрдай тобырға айналдырды.  Қазақтарға болыс, ауыл старшыны сияқты ең төменгі қызметтер тиді. Олардың уезд бастығы, әскери губернатор, генерал-губернатор сияқты жоғары лауазымды әкімшілік қызметтерге барар жолы заң жүзінде біржола жабылды.  Төменгі биліктегі болыстардың сайланып қойылуы Қазақстанның бүкіл аумағын руаралық кескілескен қақтығыстар сахнасына айналдырып жіберді.  Сайлауда дауысты сатып алу кең тарады және болашақ болыстар орыс үкіметіне жалтақтап, олардың қолшоқпарына айналды.  Дәстүрлі билер сотының құқықтары елеулі түрде қысқартылып, тек төменгі буындағы жүйелерде қызмет етті, оның өзінде шектеулі түрде.  Патша үкіметі 1868 жылғы «Уақытша ережеде» қазақ жерін Ресей мемлекетінің меншігі деп жариялады, сөйтіп қазақ халқын жер пайдалану құқынан айырды.  Патша үкіметі қазақ жерлерін тартып алып, құнарлы жерлер қоныс аударушыларға берілді.  Қазақстан Ресей экономикасының қосалқы, арзан шикізат көзіне айналды.  Жаңа міндеттер мен алым-салық түрлерінің еселеп енгізілуі қазақтардың материалдық жағдайын нашарлатып жіберді.  Түтін салығы бұрынғы 1 сом 50 тиыннан 3 сомға көтерілді. Әртүрлі қажеттіліктерге жұмсау үшін «қара шығын» деп аталатын қосымша салық салынды


51
Хандық биліктің әлсіреуі;  Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы;  Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі;  Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы;  Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлықзомбылығының күшеюі;  Ішкі өзара тартыс;  Сондай-ақ 1782-1783 жылдарда жұт болып, малдың шығын болуы халықтың жағдайын қиындатып жіберді. Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметі нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды. Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы және ішкі алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді. Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының да зардабы болды. Осындай жағдайда тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты. Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды. Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783- 1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс. Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды. Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт және т.б. Сырым батырдың соңынан ерушілердің саны туралы нақты мәлімет жоқ. Кейбір деректерде жалпы алғанда көтерілісшілер саны 3500 адам болды деп беріледі. Бірақ көтерілісшілер санының одан көп болғаны да айтылады. С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды. Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Нұралы хан мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою. Ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған басшысы Сырым Датұлы болды. Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды. Батыр 1783 жылы желтоқсанда казактардың тұтқынына түсіп қалады, 1784 жылы көктемде тұтқыннан Нұралы хан босаттырған батыр ұсақ топтардың басын қосып ірі әскери қол ұйымдастыруға тырысты. Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды. Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты. Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар мен Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының маңайына шоғырланды. 1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті. Патша үкіметіне қызмет еткен Нұралының көтерілісшілерімен қатынасын суытуы Орынбор билеушілері тарапынан әскери шаралар қолдануға түрткі болды. 1785 жылы 17 ақпанда көтерілісшілерге қарсы генерал-майор Смирнов басқарған 237 казак, 2432 башқұрттан құралған әскер жіберілді. Бірақ күннің суығынан олар Кіші жүз даласына тереңдеп ене алмай, қазақ ауылдарын тонап, қазақтарды тұтқындап әкетті. 1785 жылы көктемде көтеріліс кең қанат жайды. 1787 жылдың наурызында көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруінен және табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады. Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды. 1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады. Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О.А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді. Сырым Датұлы реформаны алғашқыда қолдады, себебі оның көздегені хандар арқылы жүргізіліп отырған үстемдікке соққы беру болды. Алайда көп кешікпей патша үкіметі бұл реформаның өз мүддесіне қайшы келетінін түсінді, реформа тоқтатылды. 1790 жылы казак әскерінің атаманы Д. Донсковтың қазақтарға қарсы әскери қимылы көтерілістің қайта басталуына түрткі болады. 1791 жылы Нұралының өліміне байланысты Ералының хан болып сайлануы, ал Сырымның жаңа ханды мойындамауы қазақ сұлтандары мен старшындары арасында жік туғызады. Осыдан кейін Сырымның екі жақты – Орал казактарына және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді. 1794 жылғы Ералы ханның өлімі, 1795 жылы Нұралы ұлдарының бірі Есімнің хан болып сайланып, Нұралы ұрпағының хан тағына қайта оралуы Сырымның Нұралы әулетіне қарсылығын бұрынғыдан да өршітті. Бұл жағдай Сырым тобының хан сарайына тұтқиылдан шабуыл жасауымен және Есім ханның өлімімен аяқталды. Бірақ ханның өліміне Сырымның жеке басының ешқандай қатысы болмады. Хан өлгеннен кейін елде екі билік болды: бірі – Нұралының ұлы Қаратай хан сайланса, екіншісі – Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан Айшуақ сұлтан төрағалық еткен хан кеңесі. Кеңес құрамына Нұралы ханның ұрпағы кіргізілген жоқ, себебі патша үкіметі осылайша Сырымды өз жағына шығаруға тырысты. Бірақ олар қателесті. Қаратайдың хан болып сайлануы Сырымның ықпалын қайтадан күшейтті. 1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа хандығында дүние салды. Тезистер  Көтерілістің алғышарттары мен себептері: Хандық биліктің әлсіреуі; Қазақ ақсүйектерінің бір бөлігінің патша үкіметінің саясатын қолдамауы; Ресей үкіметінің Кіші жүздің әкімшілік басқаруына өзгерістер енгізуі; Кіші және Орта жүздің кейбір өңірлерінің Симбирск, Уфа басқармасына бағындырылуы; Орыс помещиктерінің, Жайықтағы казак әскерінің қазақтарға зорлық-зомбылығының күшеюі; Ішкі өзара тартыс.  Шегаралық істер комиссиясы да патша үкіметінің нұсқауларының жүзеге асырылуын қатаң бақылап отырды.  Казак әскерлерінің жергілікті халыққа қысымы, алауыздықтың күшеюі Кіші жүздегі саяси жағдайды шиеленістіріп жіберді.  Жайылым жерлерді өз қалауынша бөліп, халыққа заңда қарастырылмаған салық салған Нұралы ханның салық саясатының зардабы үлкен болды.  Тарихи аренаға Пугачев қозғалысына қатысушы, батыр, байбақты руының старшыны, шешен Сырым Датұлы (1742-1802 жж.) шықты.  Оған Еділ жағалауынан Арал теңізіне дейінгі барлық қазақ даласы қосылды.  Сырым Датұлы бастаған ұлт-азаттық қозғалыс – Кіші жүздегі 1783-1997 жылдардағы патшалық Ресейдің орталық саясатына қарсы болған көтеріліс.  Көтерілістің басты қозғаушы күші – қазақ шаруалары, патша үкіметінің қысымына шыдамаған старшындар, билер, ру басшылары болды.  Кіші жүз руларының барлығы да көтеріліске қатысты: Шекті, Төртқара, Қаракесек, Шөмекей, Кете, Алаш, Серкеш, Таз, Байбақты, Беріш, Табын, Жағалбайлы, Қызылқұрт, т. б.  Кейбір мәліметтерде көтерілісшілер саны 3500 адам деп айтылады.  С. Датұлы бастаған халық қозғалысының алғашқы мақсаты патша үкіметінің отарлауына шек қою және Жайық казактарына қарсы соққы беру болды.  Көтерілісшілердің мақсаты – ғасырлар бойы қалыптасқан жерді пайдалану жүйесін қалпына келтіру, Орал казак әскерінің қазақ жерлерін басып алуын тоқтату, Кіші жүз ханы Нұралы мен оның сарайындағы ақсүйектердің озбырлығына шек қою.  Ұзақ мерзімге созылған патша үкіметінің отаршылдық саясатына қарсы бағытталған осы ірі көтерілістің халық таныған басшысы – батыр Сырым Датұлы.  Сырымның Орал казак әскерімен ашық түрде күресі 1783 жылдың күзінен басталды.  Сырымның Орал казак әскерімен кескілескен күресі 1784 жылы маусымда басталды.  Көтерілісшілердің негізгі күші төменгі Жайық шебі мен Ор бекіністері төңірегінде топтасты.  Барақ, Тіленші, Оразбай старшындар және Жантөре сұлтан бас болған көтерілісшілер жоғарғы Жайық бекінісі мен Елек қалашығының маңайына шоғырланды.  1784 жылы қараша айында Сағыз өзенінің бойында Сырымның жанына топтасқан адам саны 1000-ға жетті.  1785 жылы көктемде көтеріліс кең ауқымға жайылды.  1787 жылдың наурызында көтерілісшілерді талқандау үшін Орал казак әскерінің басшысы Колпаков пен Понамарев 1250 қарулы казак әскерімен шықты. Бірақ көтерілісшілердің шөлейтті жерлерде жүруі және табиғаттың қолайсыздығынан олар мақсаттарына жете алмады.  Нұралы ханның ашық түрде патшаға қызмет етуі көтерілісшілерді оған қарсы қойды, ендігі олардың мақсаты ханды тақтан тайдыру болды.  1785 жылы старшындар съезі Нұралыны хандықтан тайдыру туралы шешім қабылдады. Патша әміршісімен арасы суыған, беделінен де айырылған Нұралы елден қашып, кейін Уфаға жер аударылып, 1790 жылы қайтыс болады.  Осы жағдайды патша үкіметі отарлаудың пайдасына шешпекші болып, О.А. Игельстромның реформасы бойынша хандық билікті жойғысы келеді.  Сырымның екі жақты – Орал казактары және өзіне қарсы феодалдық топтарға қарсы күрес жүргізуіне тура келеді.  Игельстромның ұсынуымен жүзеге асқан, Айшуақ сұлтан төрағалық еткен Хан кеңесі құрылады. Осылай патша үкіметі Сырымды өз жағына жақындатуға тырысады.  1797 жылы сұлтан Қаратайдың қуғынынан құтылу үшін Сырым Датұлы Хиуа хандығына өтіп кетті. 1802 жылы Сырым Хиуа хандығында дүние салды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   57




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет