55.Жер аударылған орыстардың Қазақстан мәдениетіне қосқан үлесі.
Қазақ елінің егемендігімен қатар тәуелсіздігі ұлғайған сайын еліміздің ұлттық тарихын зерттеуге үлкен мән берілуде. Халықтың ұзақ жылдардан кейінгі өзін-өзі тануының жаңа кезеңі ұлттық ғылыми ортаға қоғамның педагогикалық ілімдер тарихы маңызды орынға көтерілді.
Тәуелсіздік тұсындағы қазақ халқының қоғамдық санасындағы түбегейлі өзгерістер тарихи тағдырдың тәлкегімен ұмыт болған ұлттық дәстүр мен этномәдениетті қайта жаңғыртумен сиапатталады.
1825 жылға дейін Қазақ өлкесінде болашақ декабристер қызмет бабымен болған немесе жер аударылған болатын. Жергілікті ресми мекемелерде қызмет істегендер – Г.Батеньков, А.Жемчужников, М.Муравьев, В.Вольховский, А.Янушкевич.
Декабристер көтерілісінің жеңілуі азаттық қозғалыс өкілдерінің шеткі аймақтармен танысуына себеп болды. 1826-1828 жылдары П.Коновницин және М.Лаппа Ертіс бекіністерінде айдауда болды. Орынбордағы желтоқсаншылардың жасырын ұйымының мүшесі прапорщик Г.Карелин, Г.Батеньков “Сібір Қазақтарының Жарғысын” дайындауға көмектесті. Жер аударылған декабристерден ерекше көзге түскені С.М.Семенов болды. Айдауда жүріп, Омбы облыстық басқармасы шешімімен Өскеменде қызмет атқарып, кейін дəрігер болды. Ол саяхатшы-ғалымдар Гумбольдт, Эренберг, Розе басқарған саяхатқа қатысып, Қазақ елін аралап, жергілікті халықтың өмірімен танысты. Ал М.И.Муравьев-Апостол Бұқтырма комендантынан жергілікті тұрғындарды емдеуге рұқсат алып, халықты емдеген. Орынбор қаласындағы тұңғыш мұражай тарихы да декабристер есімімен байланысты. Мұражайды экспонаттармен жабдықтауға Жəңгір хан көмектесті. Орал қаласындағы мұражайда Г.С.Карелин есімімен байланысты көрмеліктер бар. Г.С.Карелин Каспий теңізінің солтүстік-шығыс жағалауын зерттеуге арналған экспедицияға қатысты. В.Вольхосвкий 1825 жылы Бұхарға ұйымдастырылған экспедицияға қатысып, “Кіші жүз руларының картасын” жасады. 1867 жылы Мəскеуде жарық көрген И.Завалишиннің “Батыс Сібірді сипаттау” еңбегінің бір бөлімі қазақтардың өміріне арналған. А.Д.Коровковтың “Іле бекінісіне бару” очеркі қазақ жері мен шексіз даласы туралы жазылған.
1849 жылы М.В. Петрашевский ісі бойынша тұтқындалған жазушы Ф.М.Достоевский “Белинскийдің идеясын” таратқаны үшін Сібірге жер аударылды. Семейде археологиялық ескерткіштер жинаумен айналысып, жергілікті өлке тарихын зерттеуге көңіл бөлді. Семейде Ш.Уəлихановпен кездесіп, Омбыда басталған таныстық жалғасты.
А.Макшеев Арал экспедициясында өлкенің тарихи-географиялық бейнесін сипаттаған. Cонымен бірге Райым бекінісінен Қосарал аралына дейінгі саяхатты сипаттап, қазақтардың ауыр жағдайын суреттеді. Петрашевшіл ақындар А.П.Баласогло, Д.Д.Ахшарумов Қазақ өлкесі тақырыбымен шұғылданды. Петрашевшілдер қазақ халқының озық ойлы ұлдарының орыс демократиялық қозғалысы идеяларын түсінуіне септігін тигізді.
Ғалымдар А.Левшин, Э.Мейер, Н.Завалишин, Н.Красовский, В.Витевский қазақ халқының тарихына арнап еңбектер жазды.
XIX ғасырдың I жартысында Қазақ тарихы туралы кқлемді еңбек жазған орыс тарихшысы А.Левшин болды.
• ͘Орыс ғалымдарының Қазақ өлкесін зерттеу жұмыстарының негізгі қорытындысы А.Левшиннің "Қырғыз-қайсақтық ордалар мен далаларды зерттеу" атты еңбегі.XIX ғасырларда Қазақстанды зерттеуге ат салысқан:
• ͘1833-1841 жылдары В.И.Даль Орынбор өлкесіндегі түркі тілдес халықтардың жазбаларын, ауыз әдебиетінің үлгілерін жинастырды.
1839-1840 жылдары Хиуа жорығына қатысып, 1836-1838 жылдардағы шаруалар көтерілісінің басшыларына қолдау білдірді. "Бөкей мен Мәулен" повесінде Орынбор өлкесіндегі қазақтардың тұрмысын сипаттады.
• ͘І Петрдің жеке тапсырмасы бойынша "Азияға жол іздеу" талабымен құрылған әскери экспедицияны басқарды: И.Д.Бухгольц
• ͘Жоңғария картасын жасаған орыс экспедиция құрамында болып, тұтқынға түскен швед офицері: И.Г.Ренат
• ͘XIX ғ. 80 жылдары Жоңғария картасын алғашқы рет орыс география қоғамы жазбасына жазған: В.В.Веселовский
• ͘1833 жылы А.С.Пушкин Орынборда болып, 1773-1775 жылдардағы Е.И.Пугачев көтерілісі туралы мәлімет жинақтады. "Пугачев бүлігінің тарихы", "Капитан қызы" шығармалары. А.С.Пушкин Оралда "Қозы Көрпеш-Баян Сұлу" поэмасымен танысқан.
Достарыңызбен бөлісу: |