Қазақстан тарихы және әлеуметтік-саяси пәндер кафедрасы Мамандықты таңдау және мамандықты ауыстырудың жұмысбастылыққа әсері



бет2/3
Дата07.02.2023
өлшемі418,51 Kb.
#65966
1   2   3
Мамандық ауыстырудың себептері.
Адамдардың бір тобы жаңа мамандықты таңдауды тиімді, өзінеқолайлы шешім ретінде қабылдайды. Бұл жерде адамның қосымшажаңа мамандықты меңгеруі не жаңа мамандық бойынша жұмысатқаруы оның бірнеше мақсатын жүзеге асыруға, соның ішінде материалдық-статустық, жеке тұлғалық дамуы, интеллектуалдық-танымдық мақсаттарын жүзеге асыруға көмектесетін фактор ретінде қабылданады.
Мамандықты ауыстыру себептері әлеуметтік топтардың ерекшеліктеріне қарай әртүрлі болып келеді. Табыс деңгейі төмен топтардың мамандығын ауыстыруының негізгі себептері материалдық жағдайын жақсартуға ұмтылудан, әлеуметтік статусын жоғарылатуға байланысты туындаса, орта топта өзін-өзі дамыту,мансапқа, билікке ұмтылу, бәсеке, т.б. мотивтерден келіп туындайды.
Мамандық таңдауға әсер ететін факторлар.
Мамандық таңдауға әсер ететін фактор. Қоғамның әлеуметтік құрылымы. Әлеуметтік-кәсібиқұрылымның дамуы қоғамдық еңбек бөлінісінің деңгейімен,экономикалық және техникалық факторлардың әсерімен анықталады. Кәсіби артықшылықтар, қызығушылықтар бұл процесте бағынышты рөл атқарады. Тек қоғамның әлеуметтік құрылымының шеңбері мамандық таңдау мүмкін болатын әлеуметтік кеңістікті, яғни тұлғаның әлеуіметтік статусын анықтайды. Кәсіби тұғырларды толықтыру жеке таңдаулар арқылы жүзеге асады. Жағдайлық фактор топқа қатаң түрде мамандықтар мен статустардың нақты шеңберін ұсынады. Қоғам дамуының айрықша тарихи кезеңдері де адамдардың кәсіби және әлеуметтік өмірбаянын және кадр саясатын жүзеге асыру саясатын анықтайды. Адамдардың қабілеттері мен сипатты белгілерінің факторлары төмендегі айрықша жағдайларды қамтиды:
a) ата-ананың, туысқандардың кеңесі;
б) достардың, таныстардың кеңесі;
в) мұғалімдердің кеңесі, мектептің ықпалы;
г) кәсіби бағдар беру орталықтарының мәліметтері;
д) мектептегі еңбектік оқыту;
e) кездейсоқ таңдау жасау.
Мамандыққа қатысты ойлар.
Мамандыққа қатысты ойлар мамандыққа қатысты талаптарды және кәсіби даму мүмкіндіктерін дәл білуді сипаттамайды. Мамандыққа қатысты ойлар адамның жеке мүмкіндіктерімен, қабілеттерімен сәйкес келмейді. Ол жоғары не төмен ақпараттануға байланысты. Батыс социологиясында макмандық таңдаудың келесі үлгісі ұсынылады:
НЕГІЗДЕР
саяси - идеологиялық
экономикалық – кәсіби,
педагогикалық – психологиялық,
медициналық – психологиялық,
сыртқы әсер ету жүйесі,
кәсіби үгіт- насихат,
мамандық таңдауды басқару,
дәрігерлік тексеріс,
мамандыққа икемділік, кәсіби бағдар жас адамның санасында жатқан процестер,
кәсіби тілек,
мамандықты таңдау шешімі,
кәсіби кеңес беру.
Мамандық таңдау жас маманның кәсіби мобильділігінің бірінші кезеңі болып табылады, адамның болашақ кәсіби жолын айқындайды. Мамандықты дұрыс таңдау адламның кәсіби иерархия бойынша өрлеуін не құлдырауын айқындайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет