3.Жаңа тақырыпты түсіндіру: 40 мин (44 %)
1.3 Тақырып жоспары:
1.Қазақтың халық ауыз әдебиеті.
2. Ақындар айтысы.
3. Қазақтың ақын –жыраулары.
4. Діни нанаымдары.
Ақпараттық –дидактикалық бөлім. Қазақ өмірінің барлық белестері өлең мен жырға толған. Қазақтың
классик ақыны Абайдың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен қара жерге кіреді денең» , деген сөзі қазақ халқының барлық өмірі өлеңмен өткендігін бейнелейді.
Қазақ халқының ауыз әдебиеті көркем де құнарлы қазына. Таңғажайып ертегі аңыздар, әңгімелер, жаңылтпаштар, жұмбақтар, мақал- мәтелдер барлығы қазақ халық ауыз әдебиетінде сақталған.
Қазақтың батырлар жыры, үлкен оқиғалы эпостардың алпыстан астамы сақталған. Оның бастылары: «Алпамыс», «Ертарғын», «Қобыланды», «Манас» т.б.
Қазақ ауыз әдебиетінің бай саласының бірі –ғашықтық дастандары. Оған «Қозы –Көрпеш – Баян –Сұлу», «Қыз –Жібек», « Айман- Шолпан» т.б.
Ақындар айтысында суырып салма ақындар өнерлерін көптің алдында көрсетеді. Көбінесе айтыскердің біреуі әйел екіншісі ер адам болды. Олар әр түрлі тақырыпта әзілдесіп айтысты. Айтысқа жастайынан 12-13 жастан бастап қатыса берген. Айтыс қазақ өнерін шыңдайтын мектеп әрә театр қызметін атқарған.
Қазақ халқының ғасырлар бойы жасаған рухани мәдениетінің бір саласы ақындар мен жыраулардың ойларынан шығарған өлең – жырлары болып саналады.
15-18 ғасырларда қазақ әдебиетінде он екі жырау көрнекті орын алды. Олардың қатарында: Асан Қайғы, Қазтуған жырау, Доспамбет жырау, Шалкиіз жырау, Жиембет жырау, Марқасқа жырау, Ақтамберді жырау,Тәтіқара жырау, Үмбетпай жырау, Бұқар жырау, Көтеш жырау, Шал ақын. Бұл ақындар халықтың басты проблемаларын, хандарға өлең арқылы жеткізіп, олардың мінін айтып сынады.
19 ғасырда қазақ әдебиеті жаңа белеске көтерілді. Бұл дәуірде М. Өтемісұлы, Шернияз Жарылқапұлы кіші жүз қазақтарының ұлт-азаттық көтерілісінің жаршысы болып, халықты күреске шақырды.
Қазақтар ислам дініне сенеді. Ерте кезде көк пен жерге, тәңірге, айға, жұлдызға табынды. Тарих даму барысында діни нанымдары да ауысып отырды, шаманизм, будда, христиан ең соңында ислам дініне кірді. Бірақ дәл қазіргі жағдайда Қазақстанда дінге еркіндік берілгендіктен әр түрлі діни ұйымдар мен секталар көп. 15-16 ғасырларда кейбір жерлерде қазақ шаруалары жасырын түрде киізден, жібектен жасалған буддаларға табынды.
Қазақтар ертеде қайтыс болған ата- бабаларының әруағына сыйынған. Сондықтан жауға қарсы шыққанда сол рудан шыққан батырлардың атын айтып ұрандаған.
Қазақтар айға, жұлдызға, жерге, суға, отқа табынған. Жазда жаңбыр жаумай қалса бір төбеге жиналып, мал сойып «тасаттық» жасаған. Ауырған адамды сумен ұшықтаған. Жас келін жаңадан табалдырыққа келген кезде отқа май тамыздырған.
Бақсы балгерлер ислам дінінен бұрын өмір сүрген шамандық діннің өкілдері. Ислам дінін қабылдағаннан кейін де ел арасында бақсылар көп болды. Олар «алақан қарап» болжады, «жын» шақырып ойнады, аурулардың тамырын ұстап емдеді. Олардың арасында тәжірибелі тәуіптер де болды. Олардың емшілік тәжірибесі атадан балаға мұра ретінде берілді. Бақсылар қобыз күйлерін ұрпақтан –ұрпаққа жалғастырды.