Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер кафедрасы «Қазақстан тарихы» пәні бойынша әдістемелік нұсқау Мамандығы



бет26/40
Дата18.11.2022
өлшемі1,99 Mb.
#51080
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40
Байланысты:
Қазақстан-тарихы-Стом-1-курс

Ақпараттық –дидактикалық бөлім.
Диаспора грек тілінен аударғанда «шашыранды» деген мағына береді. Сонда бұл өз отанына басқа жерде өмір сүріп жатқандар туралы ұғымын береді. Ал ирредента өз отанында өмір сүріп жатқан, бірақ белілі бір саяси жағдайға байланысты өзге мемлекет құрамында қалып қойған адамдар туралы түсінік береді. М: Қытай, Ресей, Орталық Азия құрамына қосылған бұрынғы қазақ жерінде өмір сүретіндерді ирреденталар деп атайды. Егер Қазақстаннан тыс жерде 4 млн. 500 мың адам өмір сүріп жатса, оның 800 мыңы диаспора, ал 3 млн 700 мыңы қазақ ииреденталары болып саналады. Яғни ол көрші елдерге қосылып кеткен қазақ жеріндегі тұрғындар.
Ресейдің Астрахан, Орынбор, Қорған, Омбы, Таулы Алтай автономиялық облысы, Қытайдың қарамағында қалған Алтай, Тарбағатай, Іле, Құлжа т.б. Монғол жеріндегі Баян Олгей аймағы, Өзбекстан құрамында қалған Сырдария, Шыршық, Қызылқұм, Мырзашөл т.б. жерлерде өмір сүріп жатқан қазақтар ирреденталар болып табылады.
Ал оралмандар шетелдерден Қазақстанға қайтып оралған адамдар.
Диаспора әр түрлі тарихи оқиғалардан, табиғи апатттардың салдарынан басқа елге қоңыс аударуынан пайда болған. Қазақ диаспорасы зорлық – зомбылықтың әсерінен пайда болған. Алғашқыда қазақтар Қытый, Ауғанстан, Иран, Орта Азия елдеріне көшіп, көп тұрақтай алмай одан әрі шет елдерге ауған.
Қазақ диаспорасының ерекшеліктері – олар, біріншіден өзі тұрып жатқан елдерінде саяси автономия құра алмайды. Екінші ерекшелігі барған жерлеріне тез сіңісіп кетеді.
Қазақ диаспорасының зерттелуіне тыйым салынғанымен, тарихшылар, зерттеушілер 17-18 ғасырларды зерттегенде қазақ диаспорасы туралы мәселелер де қаралды. Ағылшын тарихшысы Годфри Лиастың «Қазақтың шығуы атты монографиясында қазақ диаспорасының тарихына маңызды үлес қосты.
Диаспора мәселесі туралы шындықты Милтон Дж . Кларк өзінің «Қазақтар еркіндікке қалай ұмтылды?» атты мақаласында жазды.
Қазақ диаспорасының зерттелуіне үлес қосқан деректер өз басынан өткерген адамдардың немесе туыстардың естеліктері түрік тілінде мемуарлық еңбек болып Стамбулда жарық көрді. 1976 жылы Х. Оралтайдың «Түрік қазақтары» 1977 жылы Стамбулда Х. Гартулланың «Алтайдағы қанды күндер» , 1981 жылы Халифа Алтайдың «Туған жерден Анадолыға дейін» атты төрт бөлімнен тұратын кітабы жарық көрді. Бірінші бөлім қазақтың өткен тарихына, екінші бөлім этнографиясына, үшінші, төртінші бөлім тарихи оқиғалардың себеп салдарынан қазақтардыңҮндістанға жер ауып кеткендері жайлы жазған. 1980 жылдан бастап монографиялық еңбектерді батыс тарихшылары да жаза бастады.
Қазақ диаспорасының пайда болуы сонау жоңғар шапқыншылығынан бастап пайда бола бастады. 1757 жылы Цин өкіметі жоңғарларды біржолата талқандап, қоластына Тарбағатай өңірі , Іленің жоғарғы , Жетісудың солтүстік аудандарын өз жері деп жариялады. Бұл жағдай қазақ ирреденталарының пайда болуын алып келді. Қазақ диаспорасының пайда болуының екінші кезеңі Орталық Азияда орыс- қытай шекарасын анықтау кезі болып табылады. Шекаралық келісім бұл жердегі халықтардың ешбір келісімінсіз қабылданды. ХІХ ғасырдың соңында жүз мыңға жуық қазақтар шетелдердің құрамында қалған.
ХХ ғасырдың басында патшаның жүргізген реформасы да қазақ диаспорасының пайда болуына өзінің әсерін тигізді. Қазақтардан 18 млн. г. жер тартып алынды. Қазақтар шұрайлы жерінен айырылып Қытайға көше бастады. 1911 жылғы санақ бойынша Қытайға жер аударған қазақтар саны 224900 адамға жеткен. 1914 жылы Ресей мен Үрімші арасында келісім жасалынды. Онда 1911 жылға дейін Қытайға көшіп келгендер Қытай азаматы, ал одан кейін көшіп келгендер Ресей азаматы болып саналып, Ресейге қайтарылсын деген қаулы шығып, тек 6 мыңы ғана оралды.
Халқымыздың тарихында ұжымдастыру кезеңі де ауыр болды. 1930-1933 жылдары 1 млн 300 мың қазақ босқынға айналып, 414 қайтып оралса, 616 мыңы шетелде қалып қойған. Ауғанстандағы қазақтар туралы хабарды Франц Шурманның «Ауғанстандағы монғолдар» атты еңбегінен оқуға болады. 1929 қазақтарды ауған өкіметі Чхансур аймағының Нимруз провинциясына орналастырды. Бұл жердің ауасы жақпай көптеген қазақтар қырылған. Ауғанстанда шамамен жиырма төрт мың отбасы өмір сүрген.
Ұ.О.С. жылдарында соғыстан жылдарында соғыстан 350 мыңнан астам қазақ келмей қалды. Соғыста тұтқынға түскен түркі тектес халықтан «Түркістан легионын» құруға шақырды. Оны М. Шоқай басқарды. Түркістан легионының құрамында 181 402 адам болған. Соғыстан кейін олардың көпшілігі Еуропада қалып қойған. Қорыта келгенімізде халқымыз әр түрлі саяси жағдайлардың әсерінен шашыранды халыққа айналып, тәуелсіздік алғаннан кейін отанымызға қайтып оралуда.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   40




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет