«Қазақстан тарихы және қоғамдық пәндер» кафедрасы Күзембаева А. О. «Философия» пәнінен білім алушылардың семинар сабақтарына арналған әдістемелік нұсқау


-тақырып. Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау



бет7/26
Дата27.11.2023
өлшемі138,95 Kb.
#129591
түріСеминар
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26
Байланысты:
Семинар әдістемелік нұсқаулық Философия 2022 docx

4-тақырып. Болмыстың субстанциялық концепцияларын бағалау және онтологияның базалық категорияларын талдау.

1. Болмыс және тіршілік.


2. Онтология – болмыс туралы ілім. Бар болудың онтологиялық құрылымы.
3. Болмыс және бейболмыс (Парменид, Зенон).
4. Болмыстың түрлері.
5. Платон мен Аристотельдің философиясындағы болмыс мәселелері.


Теориялық бөлім:

Болмыс тарихи қалыптасқан кең мағыналы, терең ауқымды философиялық ұғым. Адамдар ерте заманнан-ақ табиғат пен қоғамда әрқашан өзгерістер болатынын, сондай-ақ, дүние біршама тұрақты тұтастық ретінде сақталатынын байқаған болатын. Философия тек заттардың өмір сүруін белгілеп қана қоймай, оның жалпылық сипатын, күрделі байланысын қарастырады. Заттар мен құбылыстар өздерінің барлық ерекшелігімен, қасиеттерімен өмір сүреді, сондай-ақ, олар барлық өмір сүрушілермен бірігеді. Осы бірігу, байланысу философиялық болмыс категориясымен кӛрсетіледі. Философиялық болмыс категориясымен дүниенің өмір сүру мәселесі анықталады. Болмыс туралы ілімді философияда онтология деп атайды. Болмыс ұғымына анықтама берсек, болмыс – бар болып, өмір сүріп отырғанның барлығын қамтитын, құбылыстардың нақты ӛмір сүруін білдіретін категория




Әдістемелік ұсыныстар

Студент «болмыстың» негізгі формаларына адам болмысының ерекшеліктеріне, табиғат және әлеуметтік болмыстың түрлеріне назар аударуы қажет. Болмыс туралы философиялық ілім немесе философияның болмысты қарастыратын бөлімі - «Онтология» деп аталады. «Онтология» деген терминді өзінің философиялық ойларында ең алғаш қолданған адам Р. Гоклениус (1613) болды. Ал оны философия жүйесінде негіздеген Х.Вольфа. Сондықтан ос авторлардың болмыс жайындағы көзқарастарын талдау маңызды


Онтология болмысты 4 түрге бөліп қарастырады: материалды болмыс, рухани болмыс, адам болмысы және әлеуметтік болмыс. Студенттере түсінікті болу үшін оларды жеке-жеке қарастырған жөн.
Материалды болмыс
Болмыстың барлық түрлерінің ішінде ең көп тарағаны материалды болмыс болып есептелінеді. Материалды болмысқа материалды денелердің
(созылып жатуымен, массасының, көлемінің, тығыздығының бар екендігімен сипатталатын) заттардың, табиғат құбылыстарының, қоршаған әлемнің өмір сүруі жатады. Ал материя құрылымының элементтері мыналар болып табылады:
- өлі табиғат
- тірі табиғат
- социум.
Адам болмысы
Адам - табиғаттың бір бөлшегі ретінде өмір сүретін саналы пенде. Адам болмысының басты ерекшелігінің өзі - оның саналылығында. Адам осы санасы арқылы дүниені танып, біліп, соның нәтижесінде еңбек құралдарын жасап, айнала қоршаған ортаны өзгертіп, сан алуан қажеттіліктерін өтей алатын пенде деуге болады. Ең бастысы сана бар, ол өмір сүреді, ақиқат.
Адам, әрине, ешқандай объект, өндірістің не болмаса танымның құралы емес, ол субъект – ерікті, өз-өзіне жеткілікті, жауапкершілікті болмыс.
Рухани болмыс
Рухани болмыс – өзіндік ерекшелігі бар реалдылық. Оны көзбен көріп, қолмен ұстай алмайсыз. Бірақ ол адам іс-әрекетінің барлық саласында көрініс табады. Бұл - адамдардың практикалық іс-әрекетінде орын тепкен сезім мен идеялардың, эмоция мен образдардың, ұғымдар мен түсініктердің әлемі. Руханилық болмысына жеке сана да кіреді. Мұнда З.Фрейд «адам психикасының қара күштері» – деп бағаланған «бейсаналық» та орын тепкен.
Руханилық - бұл дін, мораль, өнер, ғылым, құқық формасында өмір сүретін қоғамдық сана. Болмыстың барлық түрі өзіндік заңдарына сүйенеді және бір-бірімен тығыз байланыста болады .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   26




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет