Әбілқайыр хандығы. Тарихи жазба деректерде Ҽбілқайыр
хандығы кҿшпелі ҿзбек мемлекеті деп те аталады. Хандықтың
территориясы батысында Жайықтан бастап, шығысында Балқаш кҿліне
дейін, оңтҥстігінде Сырдарияның тҿменгі жағы мен Арал ҿңірінен,
солтҥстігінде Тобылдың орта ағысы мен Ертіске дейінгі ҧлан байтақ
жерді алып жатты. Ҽбілқайыр 1428 жылы Тура ҿңірінде (Батыс Сібір)
Орталық жҽне Солтҥстік Қазақстанды мекендеген кҿптеген тайпалардың
қолдауымен хан тағына келеді. 30-жж. ол Тобыл бойында Шайбани
ҧрпағы Махмҧт Қожаханды талқандайды. Сырдария ҿңіріндегі далада
Жошы ҽулетінен шыққан Махмҧт хан мен Ахмет ханды жеңіп, Орда
Базарды басып алады. 1446 ж. Ҽбілқайыр Мҧстафа ханды тізе бҥктіреді.
Сол жылы Ҽбілқайыр Темір ҧрпақтары мен Ақ Орда хандары
жҧрағаттарынан Сырдария бойы мен Қаратау баурайындағы – Сығанақ,
Созақ, Аққорған, Ҿзгент сияқты бірқатар қалаларды тартып алады. 1457
жылы Ҽбілқайырдың ҽскерлері Сығанақ тҥбінде ойраттардан кҥйрей
жеңіледі. Осыдан кейін Ҽбілқайырдың беделі біржолата тҥседі.
Ҽбілқайыр билігіне наразы болған Жҽнібек пен Керей сҧлтандар
бастаған халықтың бір бҿлігі 1464-1465 жж. Ҽбілқайырдан бҿлініп, Шу
мен Қозыбас жазығына қоныс аударады. Ҿзіне бағынғысы
келмегендерді жазалау ҥшін Ҽбілқайыр 1468 жылы Моғолстанға
жорыққа аттанады. Бірақ Моғолстанға жетер жолда Ҽбілқайыр кенеттен
қайтыс болып, ҽскерлер кейін қайтады.
Бақылау сҧрақтары 1. Моңғол-татар тайпаларының қоғамдық-саяси қҧрылысы қандай
болды?
2. Темучиннің кҿршілес феодалдық мемлекеттермен соғысы немен
аяқталды?
3. Шыңғысханнан кейінгі Моңғол империясының мемлекеттік
қҧрылысы мен оның ішкі-сыртқы саясатына тоқталыңыз.
52
4.Тоқтамыс, Едіге туралы не білесіз?
5. Алтын Орда кезіндегі ғылым мен мҽдениеттің қандай жетістіктері
болды?