51
мемлекеттік қҧрылымдарының бірі Ноғай Ордасы болды. «Ноғай
Ордасы» деген ҧғым осы иеліктің алғашқы билеушісі Ноғайдың
есімімен байланыстырылады. Ноғайлықтар ҿздерін маңғыттар, ал ҿз
ҧлысын «Маңғыт жҧрты» деп атаған. Ноғай Ордасының жеке мемлекет
ретінде бҿлініп шығуы Едіге ханның тҧсында кҥшейіп, оның баласы
Нҧрадиннің тҧсында мемлекет ретіндегі қалыптасуы аяқталды. Ноғай
Ордасының негізгі аумағына Еділ мен Жайық ҿзендері арасындағы
жерлер кірді. Астанасы Еділдің тҿменгі ағысындағы , кейінен Жайық
бойындағы Сарайшықта орналасты. Ноғай Ордасының этникалық
қҧрамы негізінен тҥрік жҽне тҥріктенген моңғол тайпалары мен
руларынан қҧралды. Маңғыттармен бірге Ноғай Ордасында қыпшақ,
найман, қоңырат, арғын, алшын, қаңлы, ҥйсін, тама жҽне т.б. тайпалар
кірді. Ноғай Ордасына кірген тайпалар қазақ халқының қалыптасуына
тікелей қатысты.
Достарыңызбен бөлісу: