Қазақ халқының қҧрылуы. Қазақ халқы Қазақстан жер аумағын
мекендеген ежелгі жергілікті тайпалар: сақтар, ҥйсіндер, қаңлылар,
Батыс Тҥрік қағандығы тайпаларының негізінде қҧрылды. Тҥргеш,
қарлҧқ, оғыз, қимақ, қыпшақ сияқты Тҥрік қағанаты мҧрагерлерінің
феодалдық мемлекеттері де Қазақстан топырағындағы этникалық
қҧбылыстардың барысына ҥлкен ықпал жасады. Олар халықтың саяси
жағынан бірлесуіне жҽне ҧланғайыр даланы қалыпты, бейбіт жағдайда
игеруге алғышарт жасады. Жетісу мен Оңтҥстік Қазақстандағы тҥркі
тайпаларының этникалық бірігуі қарлҧқтар (VІІІ-Хғғ.) мен Қарахан (Х-
ХІІғғ.) мемлекеттерінде, Солтҥстік, Батыс, Орталық Қазақстанды
мекендеген тҥркі тайпаларының бірігуі қимақтар мен қыпшақтар
мемлекеттерінде жедел дамыды. Қазақстандағы ҥйсін, қаңлы, дулат,
қыпшақ, оғыз жҽне т.б. тайпалардың бірте-бірте халық болып бірігуіне
ҿндіргіш кҥштердің, мал шаруашылығының, қала мҽдениеті мен егін
шаруашылығының ҿрістеуі, Оңтҥстік Қазақстан мен Жетісудағы тҥркі
руларының отырықшылыққа ауысуы, феодалдық қатынастардың ілгері
дамуы ҽсер етті. ХІІІ ғасырдың басында Шығыс жҽне Оңтҥстік-Шығыс
Қазақстанға Моңғолия мен Алтайдан Шыңғыс ханның тепкісінен
ығысып тҥркі тілдес наймандар мен керейлер келді. Міне, Қазақстан
топырағында моңғол шапқыншылығына дейінгі уақытта ҿте кҥрделі
этникалық процестер жҥріп жатты. Ҿкінішке орай, тҥркі тайпаларының
ҧлысқа бірігу ҥрдісін моңғолдардың шапқыншылығы бҧзып кетті.
Моңғол шапқыншылығы халықтардың қалыптасуы жолындағы
этникалық қҧбылыстарды кҥшті тежегенімен, оны тҥбегейлі тоқтатып,
яғни ҿзгерте алмады. ХІV-ХV ғғ. шаруашылық біртіндеп қалпына келе
бастады. Моңғол ҧлыстарының кҥйреген жҧрттарында, жергілікті
этникалық қорға негізделген Ақ Орда, Моғолстан, Ноғай Ордасы,
Ҽбілқайыр хандығы сияқты дербес мемлекеттер пайда болды. Бҧл
мемлекеттердің этникалық қҧрамы, негізінен, біртектес еді жҽне
қҧрамындағы халықтар сол заманғы жазба деректерде аты аталған
қыпшақ, ҥйсін, қоңырат, маңғыт, керейіт, найман, арғын, қаңлылар еді.
Бҧл тайпалардың кҿбі қазақтың жҥздерінің негізін қҧрады. Басқа бҿлігі
Орта Азияға кетіп, ҿзімен бірге «ҿзбек» есімін алып кетті. Қазақстан
халқы ХІV-ХVІ ғғ. тҥркі мемлекеттік бірлестіктердің қҧрамына кіре
жҥріп бір тілді ғана пайдаланды. Шаруашылық пен ҽлеуметтік
қҧрылыстың заманға лайық ҥрдістері, біртҧтас халықтың заттық жҽне
рухани мҽдениеті қалыптасып жатты. Этникалық жағынан жақын
тайпалардың басын біріктіріп, мемлекет қҧру мҥддесі бас кҿтерді. Бҧл
ниет Қазақ хандығының қҧрылуымен белгілі дҽрежеде іске асты. Қазақ
мемлекетінің пайда болуы ХІV-ХVІғғ. Ертіс пен Есілден бастап
Сырдарияға дейінгі, Жайық пен Каспийден бастап Іле мен Тянь-Шаньға
дейінгі аралықтағы ҧланғайыр далада етек алған ҽлеуметтік-
экономикалық жҽне этникалық-саяси қҧбылыстардың заңды нҽтижесі
еді.